05:22 28 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.38
  • EUR486.33
  • RUB5.52
Жеңіске тағзым
Қысқа сілтеме алу
80 0 0

Белгілі комбат Бауыржан Момышұлы – Мәскеу үшін шайқасқа қатысқандардың бірі. Оның соғыс кезінде жазылған күнделіктері негізінде "Артымызда Мәскеу. Офицер жазбалары" романы жарық көрді

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Нұр-Сұлтанда Әскери-тарихи музейде Мәскеу үшін шайқастың 80 жылдығына орайластырылған "Артымызда Мәскеу!" халықаралық көрме жобасының ашылуы өтті.

Музей Россотрудничество – Нұр-Сұлтандағы "Русский дом" орталығы және Ресейдің Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп көрме дайындады.

Торжественное открытие международного выставочного проекта За нами Москва!
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин

Іс-шараға Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин қатысты.

"Бүгін біз шапқыншы неміс фашистеріне қарсы тұрып, ел егемендігі мен тәуелсіздігі үшін ерлік танытқан кеңес батырларын құрметпен еске аламыз. Біз барлығымыз оларға өмірімізбен қарыздармыз. Ұлы Отан соғысына үлкен ықпал еткен бұл стратегиялық операцияны қаншалықты жоғары бағаласа да жарасады. Дәл осы Мәскеу түбіндегі шайқас Екінші дүниежүзілік соғыс басталған 1939 жылғы қыркүйектен кейін алғаш рет вермахтты жеңу мүмкін емес деген аңызды сейілте алды", - деді елші.

Ол Мәскеу түбіндегі шайқас кезінде кеңес сарбаздары өз жандарын құрбан еткенін және бұл шайқас ерлік әрекеттеріне толы екенін атап өтті. Шайқас кезінде ерен ерлігі үшін 36 мың әскери орден және медальмен марапатталды, 187 әскериге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Солардың бірі – панфиловшы, белгілі комбат Бауыржан Момышұлы. Оның "Артымызда Мәскеу! Офицер жазбалары" атты кітабының қайта басып шығарылуы көрменің ашылуымен орайластырылды.

Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының жетекшісі Ольга Скальчук іс-шараға дайындық кезінде ұйымдастырушылар Тараздағы Бауыржан Момышұлы музейіне барып, оның кітабын оқығысы келген. Алайда танымал романды еш жерден таба алмаған. Бұл кітап 1974 жылы орыс тілінде ең бірінші жарық көрген. Сондықтан оны қайта басып шығару туралы шешім қабылданды.

Руководитель культурных и просветительских проектов Русского дома в Нур-Султане Ольга Скальчук
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының жетекшісі Ольга Скальчук

"Кітапты қайта басып шығару туралы шешім қабылдап, біз бұл іске елшілікті тарттық, демеушілер іздедік, Бауыржан Момышұлының туыстарына хабарластық. Бауыржан Момышұлының жиен немересі болып келетін "Знамя труда" газетінің бас редакторы Ержан Момышұлы бізге көп көмектесті. Олар бізге келісім, авторлық құқық берді", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Ольга Скальчук.

Осылайша Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, Россотрудничества, Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы және Газпромбанк қолдауымен Қарағандыдағы "Qasym баспа үйі" кітаптың 1 650 данасын басып шығарды. Бұл кітаптар енді Қазақстан мектептеріне таратылады.

Бауыржан Момышұлы не туралы жазды

"Артымызда Мәскеу. Офицер жазбалары" – Гитлер фашизмін жеңген халықтың ерлігін баяндайтын шынайы жазба. Бауыржан Момышұлы батыр жауынгер және ол тарихи шайқасқа қатысқан. Ол Панфилов дивизиясы қатарында шайқасқан.

Бауыржан Момышұлының романы соғыс күнделіктері негізінде жазылған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, құрылысшы инженер, техника ғылымдарының кандидаты Майдан Құсайынов мұндай қойындәптерлер қазір үлкен құндылық екенін айтты. Ол 30 жылдан астам уақыттан бері студенттік іздеу экспедицияларына жетекшілік етіп келеді.

Торжественное открытие международного выставочного проекта За нами Москва!
© Sputnik / Владислав Воднев
Бауыржан Момышұлының романы соғыс күнделіктері негізінде жазылған

"Бауыржан Момышұлы өз күнделіктерін соғыс жылдарында жазған. Соғыс кезінде жазылған мұндай естеліктердің құндылығы өте жоғары. Себебі оның негізінде барлығы қалай болғанын анықтауға болады. Бауыржан Момышұлы осы күнделіктерге сүйеніп "Артымызда Мәскеу" романын жазды. Шайқасқа тікелей қатысқан адамның қолынан шыққандықтан, бұл кітаптың маңызы зор", - деді Майдан Құсайынов.

Әскери-тарихи музейдегі көрме

Көрмеге келушілер Мәскеу үшін өткен шайқасқа арналған экспонаттарды тамашалап, ұрыс алаңында сол жылдары не болғанымен толығырақ таныса алады.

ЕҰУ профессоры Құсайынов мұндай көрмелер оқушылар мен студенттер үшін аса пайдалы екенін айтты. Себебі олардың көбі Ұлы Отан соғысының куәгері болған ата-бабаларының көзін көріп үлгермеген.

"Мен майдангердің баласымын. Бала кезден соғыс жайлы естіп өстім, барлығын жақсы білемін. Ал немере-шөберемізге бұл жайлы кім айтады? Сондықтан оқулар мен студенттерге мұнай іс-шараға қазірден қатысу маңызды", - деді ол.

Көрмеге қойылған материалдарды Мәскеудегі қорғаныс музейі, Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин музейі, Семей қаласының әскери музейі және Нұр-Сұлтандағы Әскери-тарихи музей ұсынды.

Торжественное открытие международного выставочного проекта За нами Москва!
© Sputnik / Владислав Воднев
"Артымызда Мәскеу" көрмесі 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Кіру тегін

Көрме сондай-ақ Қазақстанда танымал Санкт-Петербург фотосуретші Сергей Ларенковтың туындыларымен толықтырылған. Оның туындылары өткенді бүгінмен салыстыруға мүмкіндік береді.

"Артымызда Мәскеу" көрмесі 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Кіру тегін.

Мәскеу үшін шайқас

Осыдан тура 80 жыл бұрын, 1941 жылы шекарасы солтүстікте Калязиннен Ржевке дейін Еділ өзенінде, батыста – Ржев – Вязьма – Брянск теміржол желісінің бойында, оңтүстігі – Ряжск – Горбачёво – Дятьково шартты желісі бойынша өтетін кеңістікте кеңес және неміс әскерлерінің шайқасы өтті.

Торжественное открытие международного выставочного проекта За нами Москва!
© Sputnik / Владислав Воднев
Мәскеу үшін шайқас – Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысындағы ең шешуші кезеңнің бірі

Шайқастың қорғаныс кезеңінде Орлов-Брянск, Вяземская, Можайск-Малоярославецкая, Калинин, Тула, Клинск-Солнечногорск және Наро-Фоминск майдан операциялары жүргізілді.

1941 жылдың 5 желтоқсанында Қызыл армия Мәскеу түбіндегі бүкіл майдан шебі бойынша қарсы шабуылға шығып, бірқатар сәтті шабуыл операциясын жүргізді де, немістерді мәскеуден 150-300 километр қашықтыққа дейін кері шегіндірді.

Мәскеу үшін шайқаста Алматыда жасақталған 316-шы, кейінірек 8-ші гвардиялық панфиловшылар дивизиясы ерекше көзге түсті.

Майдан Кусаинов. Торжественное открытие международного выставочного проекта За нами Москва!
© Sputnik / Владислав Воднев
ЕҰУ профессоры Құсайынов мұндай көрмелер оқушылар мен студенттер үшін аса пайдалы екенін айтты

"Мәскеуге кіреберісте гитлерлік танктерді тоқтатқан 28 панфиловшының ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қазақстандық жауынгерлер басқа әскери құрылымдардың құрамында ерлікпен шайқасқан", - деді Алексей Бородавкин.

Мәскеу үшін шайқас – Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысындағы ең шешуші кезеңнің бірі.

Тақырып бойынша

Алматылық оқушының Момышұлы туралы еңбегі халықаралық байқауда үздік деп танылды
Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады
Бүгін даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туған күні
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды
Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушылары оның ерлігі туралы айтты – видео
Кілт сөздер:
Бауыржан Момышұлы, роман
Загрузка...

Басты тақырып