15:36 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Жеңіске тағзым
Қысқа сілтеме алу
155 0 0

Парадқа қатысушылар басқа жеке құрамнан оқшауланған, оларға бөтен адамдармен, туыстарымен кездесуге шектеу қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді Мәскеуде өтетін әскери парадқа дайындауға кірісті.

"Парад тобына Қазақстан десанттық-шабуылдау әскері әскери бөлімшелерінің әскери қызметкерлері қосылды", - деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Олардың қауіпсіздігі үшін дезинфекциялық-санитарлық режимді күшейту тапсырылды: күніне кемінде екі рет медициналық тексеруден өтеді, ылғалды тазарту және желдету шаралары атқарылады.  

Сонымен қатар, парадқа қатысушылар басқа жеке құрамнан оқшауланған, олардың бөтен адамдармен және туыстарымен кездесуі шектелді.

Жеңіс парады 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда өтеді, "Мәңгілік даңқ" шеруі 26 шілдеге жоспарланған. Бұл туралы бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен жұмыс кездесуі кезінде мәлімдеді.

Ресей басшысы парадқа дайындық жасап, өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тоқаев Жеңіс парадына барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде баратынын хабарлады. Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруын ризашылықпен қабылдағанын жазды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

2020 жылы 9 мамырда Қазақстан мен Ресейде коронавирусқа байланысты әскери парад өткізілген жоқ. "Мәңгілік даңқ" шеруі онлайн режимінде өтті.  

Мәскеуде ресми тұлғалардың қатысуымен парадтың әуе бөлігі мен еске алу шаралары ғана ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша

Назарбаев пен Путин бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтады
Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр
Назарбаев: Қазақстандықтар ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсетті
Ақтау гипермаркеттерінде Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб өтті
Полицейлер аулада ардагерлерге концерт ұйымдастырды - видео
Кілт сөздер:
Қазақстан, әскери парад
Загрузка...

Басты тақырып