13:49 30 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Жеңіске тағзым
Қысқа сілтеме алу
260 0 0

Ресей батыры 104 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол КГБ сыртқы барлау арнайы жасағын құруға көмектесті

АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Ұлы Отан соғысы кезінде поляктың Краков қаласын фашистерден құтқарған аты аңызға айналған кеңес барлаушысы, Ресей батыры Алексей Ботян қайтыс болды. Үш күн бұрын ол 103 жасын атап өткен болатын.

Рейхстаг шабуылына қатысқан соңғы қазақстандық өмірден озды

Бұл туралы РИА Новостиге Ресей сыртқы барлау қызметінің баспасөз бюросының басшысы Сергей Иванов хабарлады.

"Алексей Николаевич Ботян қайтыс болды", - деді ол.

Алексей Ботян деген кім?

Аты аңызға айналған кеңес барлаушысы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі, Ресей батыры Алексей Ботян 1917 жылы 10 ақпанда қазіргі Беларусь елінің аумағында дүниеге келді. "Майор Вихрь" фильміндегі басты кейіпкердің прототипі.

Ботян Екінші дүниежүзілік соғыс бастала салысымен, 1939 жылы 1 қыркүйекте майданға аттанды. Поляк армиясының қатарында зенит тобының құрамында соғысты. Алғашқы күні-ақ Гитлердің "Юнкерсін" атып түсірді. Варшаваны қорғау кезінде олардың санын үшеуге жеткізді.

1943 жылы оны Украинаның Овруч қаласына жіберді. Қыркүйек айында Ботянның басшылығымен немістер орналасқан облыстық әкімшіліктің ғимараты жарылды. 80-ге жуық неміс офицері өлді.

1945 жылдың қаңтарында Ботян фашистердің Дунаец өзеніндегі су қоймасының бөгетін бұзу туралы жоспарын біледі. Су Кеңес әскерлерінің шабуылын тоқтатуы керек еді. Сонымен бірге Польшаның Краков қаласына су басу қаупі төнді.

Ботянның тобы Ягеллонский қамалында орналасқан жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер қоймасын миналады.

Соғыстан кейін Алексей Ботян сыртқы барлауда қызметте қалды. Кейін ол Кеңес Одағы мемлекеттік қауіпсіздік комитеті сыртқы барлау қызметінің "Вымпел" арнайы жасағын құруға көмектесті.

2007 жылы 10 мамырда Владимир Путиннің жарлығымен отставкадағы полковник Алексей Ботян Краковты құтқару операциясына қатысқаны үшін Ресей батыры атағына ие болды.

Тақырып бойынша

"Іш пыспайды": қарттар үйіне түскен қариялардың әңгімесі
Депутат "Біз тоқалдан тудық па?!" деген соғыс ардагерлерінің ренішін жеткізді
Елордада соғыс ардагерлеріне 500 мың теңгеден табысталады
"Мәлік атым құрысын": Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин туралы не білеміз?
"Өлім туралы ойлаған жоқпын" Бозбала шағында қан майданға аттанған ардагердің әңгімесі
Сапарбаев ардагерлерге төленетін бір реттік төлемді теңестіруді тапсырды
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы, жеңіс
Загрузка...

Басты тақырып