13:50 29 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD433.83
  • EUR482.81
  • RUB5.57
Фото

Тылсым мен ғажайыпқа толы: Ресейдегі жұмбақ жерлер – фото

Қысқа сілтеме алу
157 0 0
© Depositphotos / LanaKray
Карелиядағы Воттоваара мистикалық тауындағы көл. Мұнда қойтас көп және олардың кейбірінің орналасуы тіпті ерекше. Бұл нысандар туралы алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында белгілі болды.

Жаңа жылда ғажайып мен тылсымға деген сенім арта түседі. Сондықтан Ресейдегі құпия мен сырға толы орындарға саяхаттауға шақырамыз

Sputnik түсініксіз әрі тылсым құбылыстармен байланысты орындардың суреттерін ұсынады. Олардың қалай және қайдан пайда болғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалып отыр.

Ресейде мұндай таңғажайып әрі сиқырлы жерлер өте көп. Олардың қатарында ежелгі қалашықтар мен ғибадатханалар, ормандар, үрейлі әңгімелермен байланысты қараусыз қалған ғимараттар немесе аномалиялық құбылыстар жиі байқалатын жол бөліктері, рухтар күзететін өзен-көлдер бар.

Мұндай жерлердегі құбылыстарға ғалымдар да нақты түсініктеме бере алмай отыр. Бірақ олар туристер мен саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Үрейлі оқиғалардан сескенбейтін нағыз жүрек жұтқандар осындай орындарға аттанады. Ел арасында тараған аңыз-әңгімелер олардың саяхатқа деген қызығушылығын арттыра түседі.

Тылсымға толы Алтай, Телецк көлі, Воттоваара тауы, Байкал жағалауы, көп сыр мен құпияны бүгіп жатқан Қырым түбегі...

Ресейдегі осы және басқа да жұмбақ жерлер туралы суреттер топтамасынан толығырақ оқыңыз.

Загрузка...

Басты тақырып