Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Кенгуру биі мен "маска таққан" кептер: Comedy Wildlife Photo Awards қорытындысы шықты

Жазылу
Бұл суреттер ешкімді бей-жай қалдырмайды. Comedy Wildlife Photo Awards – 2021 байқауының қорытындысы бойынша ең күлкілі деп танылған суреттердің авторын біздің фотолентадан білесіз

Бұл фотолар қарашадағы суықты ұмытып, тамаша көңіл-күй сыйлауға көмектеседі. Comedy Wildlife Photography Awards – 2021 байқауының қазылар алқасы табиғатта түсірілген жануарлар мен құстардың ең қызықты және күлкілі фотоларын таңдады.

Беделді халықаралық фотобайқау 2015 жылдан бері өткізіледі. Оның мақсаты – жабайы табиғатты сақтауға назар аудару.

Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен жануарлар, жәндіктер, балық пен құстар бейнеленген жеті мыңнан астам күлкілі фотолар жолданған. Финалға арасынан 40-тан астам жұмыс өтті.

Соның ішінде британиялық фотограф Кен Дженсеннің жұмысы ерекше деп танылды. Ол "Ой!" деп аталатын жұмысында ыңғайсыз жағдайға тап болған маймылды түсірген.

Джон Спирстің жұмысы көрермен көзайымы сыйлығына ие болды. Оның күзгі жапырақ басына жабысқан кептері ешкімді бей-жай қалдырмады.

Әдетте Comedy Wildlife Photography Awards – 2021 конкурсын өткізуден түскен қаржының бір бөлігі жабайы табиғатты сақтауға жұмсалады.

2021 жылы жиналған ақшаның 10 проценті Борнеодағы жабайы орангутандарды құтқаруға кетеді.

© Photo : John Speirs / Comedy Wildlife Photography Awards 2021"Жаз аяқталды ма?" деп аталатын фотограф Джон Спирдің жұмысы көрермен көзайымы сыйлығына ие болды. "Мен құстарды түсіріп жүрген кезде жапырақ кептердің бетіне түсті", дейді фото авторы.
Снимок I guess summer's over британского фотографа John Speirs, ставший победителем в категории SPECTRUM PHOTO CREATURES IN THE AIR AWARD конкурса 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
1/10
"Жаз аяқталды ма?" деп аталатын фотограф Джон Спирдің жұмысы көрермен көзайымы сыйлығына ие болды. "Мен құстарды түсіріп жүрген кезде жапырақ кептердің бетіне түсті", дейді фото авторы.
© Photo : Ken Jensen / Comedy Wildlife Photo Awards"Ой!" деп аталатын фотоны Кен Дженсен Қытайда, Юньнань провинциясында отбасымен бірге демалып жүрген кезде түсірген. Фотографтың айтуынша, маймыл осы сәтте ашулы болған, көпшілікті күлкіге қарық қыламын деп ойламаған. Алайда фотограф сол сәтті фотоға түсіріп үлгерген. Маймыл дәл осылай өзінің ашу-ызасын көрсеткен.
Снимок Ouch! британского фотографа Ken Jensen, ставший финалистом конкурса 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
2/10
"Ой!" деп аталатын фотоны Кен Дженсен Қытайда, Юньнань провинциясында отбасымен бірге демалып жүрген кезде түсірген. Фотографтың айтуынша, маймыл осы сәтте ашулы болған, көпшілікті күлкіге қарық қыламын деп ойламаған. Алайда фотограф сол сәтті фотоға түсіріп үлгерген. Маймыл дәл осылай өзінің ашу-ызасын көрсеткен.
© Photo : Jan Piecha / Comedy Wildlife Photography Awards 2021Бұл жанаттар фотограф нысанына іліккен басқа жанаттарды мазақтап отырған болуы да мүмкін. Алайда олардың өздері де көзге түсіп, әңгіме айтып отырғандай әсер қалдыратын фото пайда болды. Неміс фотографы Ян Пиеча мен оның "Сыбыр" деген жұмысы.
Снимок Chinese whispers немецкого фотографа Jan Piecha, высоко оцененный в конкурсе 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
3/10
Бұл жанаттар фотограф нысанына іліккен басқа жанаттарды мазақтап отырған болуы да мүмкін. Алайда олардың өздері де көзге түсіп, әңгіме айтып отырғандай әсер қалдыратын фото пайда болды. Неміс фотографы Ян Пиеча мен оның "Сыбыр" деген жұмысы.
© Photo : Lea Scaddan / Comedy Wildlife Photography Awards 2021Кенгуру өте төбелескіш жануар. Олардың жекпе-жегі бір қарағанда биге ұқсайды. Сондай сәттің бірін фотограф Леа Скадден түсірді.
Снимок Missed австралийского фотографа Lea Scaddan, высоко оцененный в конкурсе 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
4/10
Кенгуру өте төбелескіш жануар. Олардың жекпе-жегі бір қарағанда биге ұқсайды. Сондай сәттің бірін фотограф Леа Скадден түсірді.
© Photo : Vicki Jauron / Comedy Wildlife Photography Awards 2021"Балшық ваннадағы қуаныш" – америкалық фотограф Вики Джоуронның жұмысы. Автор фотоның кейіпкері туралы "ыстық күнде Зимбабведегі Кариб көлінің жағасында балшық ваннасын қабылдап, қуанып отыр" деп сипаттайды.
Снимок The Joy of a Mud Bath американского фотографа Vicki Jauron, ставший победителем в категории AMAZING INTERNET PORTFOLIO AWARD конкурса 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
5/10
"Балшық ваннадағы қуаныш" – америкалық фотограф Вики Джоуронның жұмысы. Автор фотоның кейіпкері туралы "ыстық күнде Зимбабведегі Кариб көлінің жағасында балшық ваннасын қабылдап, қуанып отыр" деп сипаттайды.
© Photo : Pal Marchhart / Comedy Wildlife Photography Awards 2021Фотограф Пол Марчхарт пен оның "Пикабу" деген аю түсірілген фотосы. Фотода ол жасырынбақ ойнап жүргендей әсер қалдырады. Ал шын мәнінде ол ағаштан түсіп келе жатқан.
Снимок Peekaboo венгерского фотографа Pal Marchhart, высоко оцененный в конкурсе 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
6/10
Фотограф Пол Марчхарт пен оның "Пикабу" деген аю түсірілген фотосы. Фотода ол жасырынбақ ойнап жүргендей әсер қалдырады. Ал шын мәнінде ол ағаштан түсіп келе жатқан.
© Photo : Chee Kee Teo / Comedy Wildlife Photography Awards 2021Кәмшат өзінің қырсық баласын бір жаққа апара жатыр. Сингапурлық фотограф Чэ Кэ Теоның фотосы "Мектепке баратын кез келді" деп аталады.
Снимок Time for school сингапурского фотографа Chee Kee Teo, ставший победителем в категории CREATURES UNDER THE WATER AWARD конкурса 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
7/10
Кәмшат өзінің қырсық баласын бір жаққа апара жатыр. Сингапурлық фотограф Чэ Кэ Теоның фотосы "Мектепке баратын кез келді" деп аталады.
© Photo : Art Trevino / Comedy Wildlife Photography Awards 2021Фото авторы – Артур Тревино. Кадрда жыртқыш құстың кеміргішті ұстамақ болған сәті түсірілген. Сол сәтте кеміргіш шошып, бүркіттің назарын аударды да, артынша тез арада ініне қашып кетті. Бұл туралы фото авторы айтқан.
Снимок Ninja Prairie Dog! американский фотографа Arthur Trevino, ставший победителем в категории ALEX WALKER'S SERIAN CREATURES ON THE LAND AWARD конкурса 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
8/10
Фото авторы – Артур Тревино. Кадрда жыртқыш құстың кеміргішті ұстамақ болған сәті түсірілген. Сол сәтте кеміргіш шошып, бүркіттің назарын аударды да, артынша тез арада ініне қашып кетті. Бұл туралы фото авторы айтқан.
© Photo : Chu Han Lin / Comedy Wildlife Photography Awards 2021Фотограф Чу Хан Лин және оның "Менің не істей алатынымды қара" деген фотосы.
Снимок See who jumps high тайваньского фотографа Chu Han Lin, высоко оцененный в конкурсе 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
9/10
Фотограф Чу Хан Лин және оның "Менің не істей алатынымды қара" деген фотосы.
© Photo : Jakub Hodan / Comedy Wildlife Photography Awards 2021Словакиялық фотограф Якуб Ходан және оның "Ағашты жақсы көруші" деген жұмысы, фотода маймыл ағашқа мұрнын қасып жатыр.
Снимок Treehugger словакского фотографа Jakub Hodan, высоко оцененный в конкурсе 2021 The Comedy Wildlife Photography Awards - Sputnik Қазақстан
10/10
Словакиялық фотограф Якуб Ходан және оның "Ағашты жақсы көруші" деген жұмысы, фотода маймыл ағашқа мұрнын қасып жатыр.
Жаңалықтар
0