Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ғаламшардағы экологиялық проблемалар: 15 әсерлі фото

Жазылу
Environmental Photographer Of The Year-2021 байқауында кім жеңіске жеткенін біздің фото топтамадан көріңіз. Бұл суреттер сізге ерекше әсер сыйлары сөзсіз

Фотографтар адамзаттың назарын Жер ғаламшарындағы экологиялық проблемаларға аударды.

Environmental Photographer Of The Year байқауы осымен он төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әділ қазылар алқасы бүкіл әлемнен экология тақырыбына жиналған суреттердің арасынан ең үздігін таңдау үшін үлкен жұмыс атқарды.

Бұл жолы фотобайқау жеңімпазы атағы испан фотографы Антонио Арагон Ренунциоға бұйырды. Ол Ганадағы жағажайда қираған үйдің ортасында жатқан баланы түсіріп алған. Сурет Батыс Африка елдерінде су деңгейінің көтерілуі проблемасын қозғайды. Судың тасуынан мыңдаған адам өз үйін тастап қашуға мәжбүр.

Байқауға қатысқан авторлар өз суреттерін жариялау арқылы адамдарды қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге шақырды.

Биыл байқауға 120-дан астам елден 7 мыңға жуық өтінім түскен.

Экология тақырыбындағы үздік суреттер мен климат өзгерісінің адамзат өміріне қалай әсер ететінін Sputnik фото топтамасынан көріңіз.

© Photo : Antonio Aragon Renuncio / Environmental Photographer of the Year 2021"Сыновья начавшегося прилива" деп аталатын фото байқау жеңімпазы атанды. Суретте Ганадағы жағажайда мұхит суының тасуынан қираған үйдің ортасында жатқан ұл бала бейнеленген
Снимок The Rising Tide Sons (2019 г.) фотографа Antonio Aragon Renuncio, победивший в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
1/15
"Сыновья начавшегося прилива" деп аталатын фото байқау жеңімпазы атанды. Суретте Ганадағы жағажайда мұхит суының тасуынан қираған үйдің ортасында жатқан ұл бала бейнеленген
© Photo : Celia Kujala / Environmental Photographer of the Year 2021Фотограф Селия Куялдің Мексикада балық қармағына түсіп қалған теңіз мысығы бейнеленген суреті.
Снимок Hooked Pup (2020 г.) фотографа Celia Kujala, ставший финалистом в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
2/15
Фотограф Селия Куялдің Мексикада балық қармағына түсіп қалған теңіз мысығы бейнеленген суреті.
© Photo : Amaan Ali / Environmental Photographer of the Year 2021Жас авторлар арасында үздік атанған үнді фотографы Амаан Алидің "Инферно" атты фотосы. Ол Нью-Делиде өз үйінің маңында орман өртін сөндіріп жатқан баланы түсіріп алған.
Снимок Inferno (2021 г.) фотографа Amaan Ali, победивший в номинации Young Environmental Photographer of the Year Award конкурса The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
3/15
Жас авторлар арасында үздік атанған үнді фотографы Амаан Алидің "Инферно" атты фотосы. Ол Нью-Делиде өз үйінің маңында орман өртін сөндіріп жатқан баланы түсіріп алған.
© Photo : Gavriil Grigorov / Environmental Photographer of the Year 2021Гавриил Григоровтың бұл фотосында "Умка-2021" арктикалық экспедициясы қатысушылары көрсетілген. Олар Франц-Иосиф жері архипелагындағы аралдардың бірінде ақ аюлар популяциясын есепке алу бағдарламасы аясында ақ аюдың салмағын өлшеп жатыр.
Снимок Umka 2021 expedition to Franz Joseph Land in Arctic Ocean (2021 г.) фотографа Gavriil Grigorov, ставший финалистом конкурса The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
4/15
Гавриил Григоровтың бұл фотосында "Умка-2021" арктикалық экспедициясы қатысушылары көрсетілген. Олар Франц-Иосиф жері архипелагындағы аралдардың бірінде ақ аюлар популяциясын есепке алу бағдарламасы аясында ақ аюдың салмағын өлшеп жатыр.
© Photo : Ashraful Islam / Environmental Photographer of the Year 2021"Тірі қалғандар" суреті. Бір отар қой құрғақшылықтан жарылып кеткен жерден шөп іздеп айналып жүр. Бангладеш фотографы Ашрафул Ислам "Табандылығы үшін" номинациясында жеңіске жетті.

Снимок Survive for alive (2021 г.) фотографа Ashraful Islam, победивший в номинации The Resilient Award в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
5/15
"Тірі қалғандар" суреті. Бір отар қой құрғақшылықтан жарылып кеткен жерден шөп іздеп айналып жүр. Бангладеш фотографы Ашрафул Ислам "Табандылығы үшін" номинациясында жеңіске жетті.

© Photo : Kevin Ochieng Onyango / Environmental Photographer of the Year 2021Кенияда Кевин Оньянго түсірген "Соңғы дем" суреті. Бұл көрініс байқау көрермендері мен әділ қазыларда ерекше әсер қалдырды. Фотода өсімдіктен оттегі жұтып тұрған бала бейнеленген, оның артында құмды дауыл соғып тұр.
Снимок The Last breath (2021 г.) фотографа Kevin Ochieng Onyango, победивший  номинации Climate Action Award в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021  - Sputnik Қазақстан
6/15
Кенияда Кевин Оньянго түсірген "Соңғы дем" суреті. Бұл көрініс байқау көрермендері мен әділ қазыларда ерекше әсер қалдырды. Фотода өсімдіктен оттегі жұтып тұрған бала бейнеленген, оның артында құмды дауыл соғып тұр.
© Photo : Michele Lapini / Environmental Photographer of the Year 2021"Топан су" фотосы "Болашақтағы тіршілік ортасы" номинациясында үздік деп танылды. Суретте – Италиядағы Панаро өзенінің тасыған сәті.
Снимок Flood (2020 г.) фотографа Michele Lapini , победивший в номинации Environments of the Future Award в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021  - Sputnik Қазақстан
7/15
"Топан су" фотосы "Болашақтағы тіршілік ортасы" номинациясында үздік деп танылды. Суретте – Италиядағы Панаро өзенінің тасыған сәті.
© Photo : Riben Dhar / Environmental Photographer of the Year 2021"Жұмысбасты ана" суреті. Әйел кішкентай баласымен арнайы бағанада балық кептіріп жатыр. Авторы – Бангладеш фотографы Рибен Дхар.
Снимок Working Mother (2021 г.) фотографа Riben Dhar , ставший финалистом в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
8/15
"Жұмысбасты ана" суреті. Әйел кішкентай баласымен арнайы бағанада балық кептіріп жатыр. Авторы – Бангладеш фотографы Рибен Дхар.
© Photo : Jay Huang / Environmental Photographer of the Year 2021Байқау финалисі Джей Хуангтің "Шөлдегі собор" фотографиясы.
Снимок Cathedral in the Desert (2021 г.) фотографа Jay Huang , ставший финалистом в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021  - Sputnik Қазақстан
9/15
Байқау финалисі Джей Хуангтің "Шөлдегі собор" фотографиясы.
© Photo : Subrata Dey / Environmental Photographer of the Year 2021Байқау финалисі Субрата Дейдің "Пластикке көмілген қоршаған орта" фотосы. Суретте: пластик бөтелкелерді қайта өңдеу зауытында жүрген бала.
Снимок Environment Confined in Plastic (2021 г.) фотографа Subrata Dey , ставший финалистом в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
10/15
Байқау финалисі Субрата Дейдің "Пластикке көмілген қоршаған орта" фотосы. Суретте: пластик бөтелкелерді қайта өңдеу зауытында жүрген бала.
© Photo : Elena Pakhalyuk / Environmental Photographer of the Year 2021Елена Пахалюктің Қырымдағы лай-батпақты жанартау түсірілген "Сурья" суреті. Автор жаһандық жылыну біртіндеп осындай жанартаулардың жойылуына әкеп соғады дейді.
Снимок Surya (2020 г.) фотографа Elena Pakhalyuk , ставший финалистом в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
11/15
Елена Пахалюктің Қырымдағы лай-батпақты жанартау түсірілген "Сурья" суреті. Автор жаһандық жылыну біртіндеп осындай жанартаулардың жойылуына әкеп соғады дейді.
© Photo : Simone Tramonte / Environmental Photographer of the Year 2021Симоне Трамонтенің бұл суретінен фотобиореактор — хлорелла, спирулина және өзге де фотосинтезделетін микробалдырларды өсіруге арналған құрылғыны көресіздер.
Снимок Net-zero transition - Photobioreactor (2020 г.) фотографа Simone Tramonte, победивший в номинации Sustainable Cities Award в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
12/15
Симоне Трамонтенің бұл суретінен фотобиореактор — хлорелла, спирулина және өзге де фотосинтезделетін микробалдырларды өсіруге арналған құрылғыны көресіздер.
© Photo : Sandipani Chattopadhyay / Environmental Photographer of the Year 2021Үнді фотографы Сандипани Чаттопадхьяйдың "Жасыл тосқауыл" фотосы. Кадрда – Дамодар өзеніндегі балдырлардың гүлдеуі. Автордың айтуынша, өзендегі тірі организмдер оттегі жетіспеуінен өліп жатыр.
Снимок Green barrier (2021 г.) фотографа Sandipani Chattopadhyay, победивший в номинации Water and Security Award в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
13/15
Үнді фотографы Сандипани Чаттопадхьяйдың "Жасыл тосқауыл" фотосы. Кадрда – Дамодар өзеніндегі балдырлардың гүлдеуі. Автордың айтуынша, өзендегі тірі организмдер оттегі жетіспеуінен өліп жатыр.
© Photo : Ziaul Huque / Environmental Photographer of the Year 2021Бангладеш фотографы Зиаул Хукенің "Қатерлі саяхат" суреті: бала қаланың әр түкпірінен пластик жинап, сату үшін фабрикаға апарады.
Снимок Risky Journey (2019 г.) фотографа Ziaul Huque, ставший финалистом в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
14/15
Бангладеш фотографы Зиаул Хукенің "Қатерлі саяхат" суреті: бала қаланың әр түкпірінен пластик жинап, сату үшін фабрикаға апарады.
© Photo : Nguyen Duy Sinh / Environmental Photographer of the Year 2021"Теңіз ортасының ластануы". Фотограф Нгуен Дуй Синх түсірген. Суретте: жағажай маңында орналасқан тоғандардан құралған аквамәдениет.

Снимок Marine pollution from aquaculture (2020 г.) фотографа Nguyen Duy Sinh, ставший финалистом в конкурсе The Environmental Photographer of the Year 2021 - Sputnik Қазақстан
15/15
"Теңіз ортасының ластануы". Фотограф Нгуен Дуй Синх түсірген. Суретте: жағажай маңында орналасқан тоғандардан құралған аквамәдениет.

Жаңалықтар
0