18:43 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
"Сыновья начавшегося прилива" деп аталатын фото байқау жеңімпазы атанды. Суретте Ганадағы жағажайда мұхит суының тасуынан қираған үйдің ортасында жатқан ұл бала бейнеленген

Environmental Photographer Of The Year-2021 байқауында кім жеңіске жеткенін біздің фото топтамадан көріңіз. Бұл суреттер сізге ерекше әсер сыйлары сөзсіз

Фотографтар адамзаттың назарын Жер ғаламшарындағы экологиялық проблемаларға аударды.

Environmental Photographer Of The Year байқауы осымен он төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әділ қазылар алқасы бүкіл әлемнен экология тақырыбына жиналған суреттердің арасынан ең үздігін таңдау үшін үлкен жұмыс атқарды.

Бұл жолы фотобайқау жеңімпазы атағы испан фотографы Антонио Арагон Ренунциоға бұйырды. Ол Ганадағы жағажайда қираған үйдің ортасында жатқан баланы түсіріп алған. Сурет Батыс Африка елдерінде су деңгейінің көтерілуі проблемасын қозғайды. Судың тасуынан мыңдаған адам өз үйін тастап қашуға мәжбүр.

Байқауға қатысқан авторлар өз суреттерін жариялау арқылы адамдарды қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге шақырды.

Биыл байқауға 120-дан астам елден 7 мыңға жуық өтінім түскен.

Экология тақырыбындағы үздік суреттер мен климат өзгерісінің адамзат өміріне қалай әсер ететінін Sputnik фото топтамасынан көріңіз.

Кілт сөздер:
фото, экология
Загрузка...

Басты тақырып