Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Дрон-такси мегаполистегі кептелісті қалай айналып өтеді – фото

Жазылу
Алғашқы әуе такси-дрондары 2025 жылы Сеулдің үстінен ұшып жүретін болады – Оңтүстік Корея астанасы "жол картасын" құрастырды

Қаладағы кептеліс – барлық ірі қаланың қасіреті. Олардың әрқайсы оны өзінше шешіп жатады. Бір қалада метро ұзартылса, бір жерде жеңіл рельсті көлік іске қосылады және қоғамдық көлік үшін арнайы жолақтар бөлінеді. Ал енді бірі арнайы авиатакси паркін іске қосады.

Оңтүстік Корея астанасында келешекте қоғамдық көлік түрінің біріне айналуға қабілетті жаңа Volocopter 2x ұшқышсыз ұшқышының тұсаукесері өтті. Сеул әкімшілігі әзірлеген "Жол картасы" бойынша қалада әуе көлігі 2025 жылы іске қосу жоспарланған.

Таксидің алғашқы үлгісі былтыр ұсынылды. Содан кейін жолаушыларды әуе арқылы тасымалдауға қабілетті ұшқыш Оңтүстік Корея астанасында көкке көтерілді.

Биыл қала билігінің назарына қашықтан басқару режимінде, сондай-ақ қолмен басқаруға болатын екі орындық аэротакси ұсынылды. Көлік электр қозғалтқышымен жабдықталған. Сондықтан шығарынды болмайды.

Сондай-ақ іс-шарада қалалық әуе көлігін бақылауға арналған жүйелер және дрондар қонатын және ұшырылатын порттарға арналған патенттелген жарықтандыру жүйесі көрсетілді.

Оңтүстік Кореяның көлік министрлігінің бағалауы бойынша, 30-50 шақырым қашықтықтағы әуе қызметтері жол жүру уақытын 20 минутқа дейін қысқартады. Ал автокөлік бұл шақырымды бір сағат жүріп өтеді.

Инчхон халықаралық әуежайынан астана орталығына сапар 93 доллар болуы мүмкін. Бұл такси бағасынан қымбат, бірақ Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі 2035 жылы көлік нарығы жетіле бастаған кезде баға шамамен 17 долларға дейін төмендейді деп отыр.

© REUTERS / Heo RanОңтүстік Корея астанасында Gimpo әуежайында дрон-такси көрсетілді. Көлік электр қозғалтқышымен жабдықталған, сондықтан шығарынды болмайды
Дрон-такис Volocopter 2X в аэропорту Gimpo, Сеул, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
1/8
Оңтүстік Корея астанасында Gimpo әуежайында дрон-такси көрсетілді. Көлік электр қозғалтқышымен жабдықталған, сондықтан шығарынды болмайды
© AFP 2024 / Anthony WallaceКөлік министрі Но Хен Ук таксиге шақырту түскен кезде дрон қалалық әуе көлігін бақылау жүйесінің (UAM) арқасында ұшқышсыз режимде қозғала алатынын айтты. Алайда таксиде жолаушы болса, оны ұшқыш басқарады
Пилот-испытатель в кабине аэротакси Volocopter 2X - Sputnik Қазақстан
2/8
Көлік министрі Но Хен Ук таксиге шақырту түскен кезде дрон қалалық әуе көлігін бақылау жүйесінің (UAM) арқасында ұшқышсыз режимде қозғала алатынын айтты. Алайда таксиде жолаушы болса, оны ұшқыш басқарады
© AFP 2024 / Anthony WallaceОңтүстік Кореяда 2025 жылдан бастап негізгі әуежайлар мен Сеул орталығы арасында такси режимінде жұмыс істейтін қалалық әуе көліктері таныстырылды. Екі-бес адам міне алатын дрон қашықтан да, тікелей ұшқыш арқылы да басқарылады
Аэротакси Volocopter 2X в аэропорту Кимпхо в Сеуле - Sputnik Қазақстан
3/8
Оңтүстік Кореяда 2025 жылдан бастап негізгі әуежайлар мен Сеул орталығы арасында такси режимінде жұмыс істейтін қалалық әуе көліктері таныстырылды. Екі-бес адам міне алатын дрон қашықтан да, тікелей ұшқыш арқылы да басқарылады
© REUTERS / Heo RanӘуе таксиі тік көтеріліп, тікұшақ секілді қонады. Жобаны Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі әзірледі. Әуе таксиі төрт жылдан кейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр
Дрон-такис Volocopter 2X в аэропорту Gimpo, Сеул, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
4/8
Әуе таксиі тік көтеріліп, тікұшақ секілді қонады. Жобаны Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі әзірледі. Әуе таксиі төрт жылдан кейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр
© REUTERS / Heo RanМұндай дрондар халықаралық әуежайдан Сеулдің орталығына қарай жүреді. Бастапқыда мұндай сапардың құны шамамен 100 долларды құрайды, бірақ сапар уақытын үш есе қысқартады – 60-тан 20 минутқа дейін
Дрон-такис Volocopter 2X в аэропорту Gimpo, Сеул, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
5/8
Мұндай дрондар халықаралық әуежайдан Сеулдің орталығына қарай жүреді. Бастапқыда мұндай сапардың құны шамамен 100 долларды құрайды, бірақ сапар уақытын үш есе қысқартады – 60-тан 20 минутқа дейін
© REUTERS / Heo RanСеул әуежайында дрон-таксиге арналған арнайы қону алаңдарын жабдықтау жоспарланған
Дрон-такис Volocopter 2X в аэропорту Gimpo, Сеул, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
6/8
Сеул әуежайында дрон-таксиге арналған арнайы қону алаңдарын жабдықтау жоспарланған
© REUTERS / Heo RanДрон жерден 50 метр деңгейінде ұшады. Ұшу қауіпсіздігін кореялық инженерлер арнайы жасаған жүйе бақылайды, ол жолаушылар мен курьерлік дрондардың қозғалысын бақылап отырады
Дрон-такис Volocopter 2X в аэропорту Gimpo, Сеул, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
7/8
Дрон жерден 50 метр деңгейінде ұшады. Ұшу қауіпсіздігін кореялық инженерлер арнайы жасаған жүйе бақылайды, ол жолаушылар мен курьерлік дрондардың қозғалысын бақылап отырады
© REUTERS / Heo RanАлғаш рет жолаушылар дроны Сеулде 2020 жылы сынақтан өтті
Дрон-такис Volocopter 2X в аэропорту Gimpo, Сеул, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
8/8
Алғаш рет жолаушылар дроны Сеулде 2020 жылы сынақтан өтті
Жаңалықтар
0