17:22 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Фото

"Мулен Руж" кабаресі: түнгі Париж символы және канкан отаны – фото

Қысқа сілтеме алу
14711
© AFP 2021 / Intercontinentale
Мулен Руж бишілері Париждегі Монмартр жүзім алқабында жеміс теруге қатысып жатыр, 1953 жылдың 2 қазаны

1889 жылы Монмартрда алғаш рет көрерменге есік ашқан "Мулен Руж" кабаресі сол шақтан бері үш рет жабылды: 1915 жылы өрттен кейін, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде және коронавирус пандемиясында

Сондықтан 2021 жылдың қазанында қайта қойылған танымал француз кабаресінің жаңғыртылған шоу-бағдарламасына қызығушылық танытқандар көп болды.

Себебі "Мулен Руж" коронавирус салдарынан бір жарым жыл бойы жабық тұрды.

Бүкіл әлемге танымал канкан пайда болған кабаре ғаламшардың түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қайтадан қарсы алуда. Париждегі бұл демалыс орны бір ғасырдан астам уақыттан бері француз астанасының сән-салтанатты тіршілігінің символына айналып, туристердің сүйікті орны саналады.

Кабаре сахнасы әлем музыкасында талай дарынның жұлдызы жануына ықпал етті: мұнда Жан Габен алғаш рет өнер көрсетті, Морис Шевалье ән салды, Элла Фитцджеральд пен Эдит Пиафқа тыңдарман қол соқса, Ив Монтана, Шарль Азнавуру, Френк Синатра, Лайза Минелли, Элтон Джон, сондай-ақ Михаил Барышниковтың да өнерін тамашалады.

Ал сұлу бишілердің өнерін залдан тамашалағандар қатарында Оскар Уайльд, Зигмунд Фрейд және Уэльс ханзадасы да бар.

Кабаре залына мыңға жуық қана адам сыятынына қарамастан, пандемияға дейін бұл қойылым билеттері жүздеген еуродан сатылды. Жалпы "Мулен Руж" кеші аншлагсыз өтпейді.

Кілт сөздер:
Париж, фото
Загрузка...

Басты тақырып