17:36 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Фото

COVID-19 мұхитқа жетті, "М+Т" – Стенин атындағы байқау жеңімпаздары ұсынған суреттер

Қысқа сілтеме алу
0 0 0
  • Фотограф Мария Гельманның М+Т атты суреті. Бас жүлде.
Индонезиялық фотограф Джошуа Ируандидің "COVID-19 бағасы" суреті Стенин атындағы байқауда "Басты жаңалықтар, дара суреттер" санатында жеңіске жетті.

Бұл суреттер ешкімді бей-жай қалдырмайды. Олар адам бойында жанашырлық пен кейіпкермен мұңдасу сезімін тудырып, бір сәтке қоқыс толы су астына, шегіртке қаптаған иен далаға саяхаттауға мүмкіндік береді

Осындай шынайы суреттер Андрей Стенин атындағы халықаралық фотобайқауда жүлделі орындарды иеленді. 

Биыл жетінші рет өткізіліп отырған байқауға әлемнің 70 елінен 4 500 сурет келіп түсті. Байқау географиясы осы жылы кеңейе түсті – Индонезия, Канада мен Мексика сынды жаңа үш елден жас фотожурналистер өз туындыларын ұсынған.

Байқау жеңімпаздарының есімі осы аптада белгілі болды.

"Фото – қазіргі уақытта ең әділ, консервативі өнер түрі. Суретке түсіру үшін сол адамның жанында болу керек", - деді "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі бас директоры Дмитрий Киселев байқауға ұсынылған жұмыстарға тоқталу барысында. 

Байқаудың бас жүлдесін Санкт-Петербург тұрғыны Мария Гельманның Даун синдромына шалдыққан егде жастағы әйел мен еркек арасындағы махаббаты бейнелеген "М+Т" атты суреті және Түркия фотографы Шебнем Кошкунның коронавирустың мұхит экологиясына тигізген залалы тақырыбына арналған "Суасты әлемі үшін жаңа қауіп: COVID-19 қалдықтары" атты суреті жеңіп алды.

Коронавирус салдары туралы индонезиялық Джошуа Ируанди де ой қозғап, байқауға "COVID-19 бағасы" атты суретін ұсынды. Бұл туынды "Басты жаңалықтар" бөлімінде бірінші орынға және Халықаралық Қызыл Жарты Ай комитетінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Андрей Стенин атындағы байқауға ұсынылған өзге де суреттер туралы толығырақ топтамадан көріңіздер.

Кілт сөздер:
сурет
Загрузка...

Басты тақырып