Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең ұзын әйелдер – 10 таңғажайып фото

Жазылу
Аяқ-қолы да жіптіктей бойшаңдарға әркез қызыға қарайтындар көп. Бойы ұзын қыз-келіншек көпшілік ортада өзіне көз тартып, елдің сүйсінуіне себеп болатыны сөзсіз

Бірақ мұндай сұлулықтың кері тұсы да бар. Яғни, шамадан тыс ұзын бой қолайсыздық тудыратын сәттер де болады. 

Мына супермодельдер, актрисалар, спортшылар – екінің біріне бұйырмаған ұзын бой иелері. Біздің суреттердегі қыз-келіншектің көбі бой көрсеткіші бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Олардың қатарында түркиялық Румейса Гельги, бразилиялық Элисани-да-Крус Сильва мен супермодель Эрика Эрвин бар.

Талайды таңғалдыратын ұзын бойлы арулар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

© REUTERS / Cagla Gurdogan Румейса Гельги ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы 215,16 сантиметр. Бұл аномалия Уивер синдромынан туындаған. Ол арнайы құралдың көмегімен ғана қозғалады. Қазір Румейса 24 жаста. Ол Түркияда, Карабюк провинциясында тұрады. Суретте: Румейса Гельги анасы Сафие Гелгимен бірге өз үйінің алдында тұр, 2021 жылдың 14 қазаны.
Самая высокая женщина в мире Румейса Гельги позирует со своей матерью Сафие Гельги во время пресс-конференции, Турция - Sputnik Қазақстан
1/10
Румейса Гельги ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы 215,16 сантиметр. Бұл аномалия Уивер синдромынан туындаған. Ол арнайы құралдың көмегімен ғана қозғалады. Қазір Румейса 24 жаста. Ол Түркияда, Карабюк провинциясында тұрады. Суретте: Румейса Гельги анасы Сафие Гелгимен бірге өз үйінің алдында тұр, 2021 жылдың 14 қазаны.
© AP Photo / Tonya WiseМодель, актриса және тележүргізуші Эрика Эрвин. Ол әлемдегі ең ұзын супермодель. Эрика да Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы - 203 сантиметр.
Джоти Амге и Эрика Эрвин на премьере фильма «Американская история ужасов: Шоу уродов» - прибытие в Китайский театр TCL в воскресенье, 5 октября 2014 года, в Лос-Анджелесе. (Фото Tonya Wise / Invision / AP) - Sputnik Қазақстан
2/10
Модель, актриса және тележүргізуші Эрика Эрвин. Ол әлемдегі ең ұзын супермодель. Эрика да Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы - 203 сантиметр.
© Photo : Instagram / Elisane Silva Бразилиядағы ең ұзын бойдың иесі Элисани-да-Крус Сильва. Оның бойы - 203 сантиметр. Сильваның өзінен бір жарым метрге аласа сүйген жігіті бар. Махаббат бойға да қарамайтынына көз жетті. Ғашықтардың ерекше суреті бүкіл әлемге тарап кетті.
Самая высокая девушка Бразилии Элисани-да-Крус Сильва - Sputnik Қазақстан
3/10
Бразилиядағы ең ұзын бойдың иесі Элисани-да-Крус Сильва. Оның бойы - 203 сантиметр. Сильваның өзінен бір жарым метрге аласа сүйген жігіті бар. Махаббат бойға да қарамайтынына көз жетті. Ғашықтардың ерекше суреті бүкіл әлемге тарап кетті.
© AFP 2024 / LARRY BUSACCAАмерикалық актриса Линдсей Хейворд ұзын бойымен (2,03 метр) ғана емес, физикалық күшімен де белгілі. Ол реслингпен айналысады және қажет болса ересек ер адамды лақтырып жібере алады.
Американская актриса Линдсей Хейворд известна не только внушительным ростом (2,03 метра), но и хорошими физическими данными. Девушка занимается реслингом и при желании способна перебросить взрослого мужчину через всю комнату. - Sputnik Қазақстан
4/10
Америкалық актриса Линдсей Хейворд ұзын бойымен (2,03 метр) ғана емес, физикалық күшімен де белгілі. Ол реслингпен айналысады және қажет болса ересек ер адамды лақтырып жібере алады.
© Sputnik / Evgeny Biyatov / Медиабанкке өтуРесейлік баскетболшы Мария Степанованың бойы 2,03 метрді құрайды.
Игрок баскетбольного клуба УГМК Мария Степанова с сыном Николаем - Sputnik Қазақстан
5/10
Ресейлік баскетболшы Мария Степанованың бойы 2,03 метрді құрайды.
© AP Photo / PHIL MEYERSСэнди Аллен - әйгілі америкалық цирк және кино актрисасы. 2009 жылы қайтыс болғанға дейін ол әлемдегі ең ұзын әйел болып саналды. Оның бойының ұзындығы 2,32 метр болды.
Сэнди Аллен - известная американская актриса цирка и кино. До момента смерти в 2009-м считалась самой высокой женщиной в мире. Ее рост составлял 2,32 метра. - Sputnik Қазақстан
6/10
Сэнди Аллен - әйгілі америкалық цирк және кино актрисасы. 2009 жылы қайтыс болғанға дейін ол әлемдегі ең ұзын әйел болып саналды. Оның бойының ұзындығы 2,32 метр болды.
© Sputnik / Роман Кручинин / Медиабанкке өтуРесейдің танымал волейболшысы Екатерина Гамова. 11 жасында оның бойы 172 сантиметр болды, қазір - 2,02 метр.
Игрок волейбольного клуба Динамо-Казань Екатерина Гамова  - Sputnik Қазақстан
7/10
Ресейдің танымал волейболшысы Екатерина Гамова. 11 жасында оның бойы 172 сантиметр болды, қазір - 2,02 метр.
© AFP 2024Азиядағы ең ұзын әйел - Қытай тұрғыны Яо Дефэн. Оның бойы – 2,3 метр. Бұл суретте Яо Дефэн бойының өсуін тоқтату бойынша ем қабылдаған Гуанчжоу қаласындағы Санджиу госпиталінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс білдіріп тұр. Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы 2012 жылы 40 жасында дүниеден өтті.
 Самая высокая женщина в Азии Яо Дефэн благодарит врачей в больнице Санджиу, Китай  - Sputnik Қазақстан
8/10
Азиядағы ең ұзын әйел - Қытай тұрғыны Яо Дефэн. Оның бойы – 2,3 метр. Бұл суретте Яо Дефэн бойының өсуін тоқтату бойынша ем қабылдаған Гуанчжоу қаласындағы Санджиу госпиталінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс білдіріп тұр. Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы 2012 жылы 40 жасында дүниеден өтті.
© AFP 2024 / Ethan Miller / Getty ImagesАмерикалық баскетболшы Бритни Грайнердің бойы 2,06 метр.
Бриттни Гринер во время соревнований в Лас-Вегасе, США - Sputnik Қазақстан
9/10
Америкалық баскетболшы Бритни Грайнердің бойы 2,06 метр.
© Sputnik / Ramil Sitdikov  / Медиабанкке өтуРесейлік баскетболшы Екатерина Лисина өзінің бойымен (2,1 метр) ғана емес, сонымен қатар ұзын аяқтарымен (1,32 метр) бүкіл әлемге танымал. Ол осының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Баскетболистка женской сборной России Екатерина Лисина в Москве  - Sputnik Қазақстан
10/10
Ресейлік баскетболшы Екатерина Лисина өзінің бойымен (2,1 метр) ғана емес, сонымен қатар ұзын аяқтарымен (1,32 метр) бүкіл әлемге танымал. Ол осының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Жаңалықтар
0