Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Аль Капоненің ұрпағы аты аңызға айналған гангстердің заттарын сатты – фото

Жазылу
Жақында Капоненің ұрпағы әйгілі атасының заттарын аукционға шығарды. Туыстарының сөзінше, мұның бәрі әлемге әйгілі мафиозидің бейнесіне "адамгершілік қосу" үшін жасалды

Сатылымға Аль Капоненің сүйікті тапаншасы, зергерлік бұйымдар, жеке хаттары және тағы басқа заттары қойылды.

ХХ ғасырдағы мафия патшасы – Аль Капоне заттарының аукционы жақында АҚШ-та өтті. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Чикагода тұрып, аты аңызға айналған америкалық гангстерге тиесілі заттарды кез келген адамға сатып алуға мүмкіндік берілді.

Альфонсе Габриэль Капоне қысқа болса да қызыққа толы өмір сүрді. Ол 1899 жылы 17 қаңтарда Бруклинде дүниеге келді және 1947 жылы 25 қаңтарда Флоридада Палм-Айлендегі өзінің зәулім үйінде қайтыс болды.

"Бұл жай ғана бизнес!"- деп айтуды ұнатқан. Дәл осы фраза Марио Пьюзоның "The Godfather" романы жарық көргеннен кейін танымал болды.

© REUTERS / Fred GreavesКапоне қайтыс болғалы 74 жыл өтті, алайда оның есімі әлі күнге дейін ұмытылған жоқ. Фотода: Аль Капоненің немересі Дайан Капоне атасы мен әкесі Сонни Капоне бейнеленген суреттің жанында тұр.
Дайан Капоне, внучка гангстера Аль Капоне, стоит рядом с картиной, изображающей ее деда и отца Сонни Капоне - Sputnik Қазақстан
1/14
Капоне қайтыс болғалы 74 жыл өтті, алайда оның есімі әлі күнге дейін ұмытылған жоқ. Фотода: Аль Капоненің немересі Дайан Капоне атасы мен әкесі Сонни Капоне бейнеленген суреттің жанында тұр.
© AP Photo "Бұл жай ғана бизнес!" - Аль Капоненің сүйікті фразасы. Дәл осы фраза Марио Пьюзоның "The Godfather" романы жарық көргеннен кейін танымал болды. Фотода: Аль Капоне Чикагодағы футбол матчын тамашалаған сәт.
Чикагский гангестер Аль Капоне на футбольном матче в Чикаго, архивное фото - Sputnik Қазақстан
2/14
"Бұл жай ғана бизнес!" - Аль Капоненің сүйікті фразасы. Дәл осы фраза Марио Пьюзоның "The Godfather" романы жарық көргеннен кейін танымал болды. Фотода: Аль Капоне Чикагодағы футбол матчын тамашалаған сәт.
© REUTERS / Fred Greaves"Жылы сөз және тапанша арқылы тек жылы сөз айтқанға қарағанда көп нәрсе жасай аласыз" - бұл Аль Капоне айтты деген тағы бір белгілі цитата. Фотода: Капоненің сүйікті тапаншасы – Colt M1911, ол 860 мың долларға бағаланды.
Любимый пистолет американского гангстера Аль Капоне - Sputnik Қазақстан
3/14
"Жылы сөз және тапанша арқылы тек жылы сөз айтқанға қарағанда көп нәрсе жасай аласыз" - бұл Аль Капоне айтты деген тағы бір белгілі цитата. Фотода: Капоненің сүйікті тапаншасы – Colt M1911, ол 860 мың долларға бағаланды.
© REUTERS / Fred GreavesАль Капоне ұрпағы әйгілі туысының барлық затын өте мұқият сақтаған. Аль Капоне немересі Дайан Капоне отбасының фотосын көрсетіп отыр.
Внучка американского гангстера Аль Капоне Дайан Капоне с фотографией семьи - Sputnik Қазақстан
4/14
Аль Капоне ұрпағы әйгілі туысының барлық затын өте мұқият сақтаған. Аль Капоне немересі Дайан Капоне отбасының фотосын көрсетіп отыр.
© REUTERS / Fred GreavesОның жауы көп болған, алайда ол өте бай болды. Фотода: гангстер Аль Капонеге тиесілі ақ алтын мен гауһар тастан жасалған алқа.
Подвеска из белого золота с бриллиантами, принадлежавшая американскому гангстеру Аль Капоне - Sputnik Қазақстан
5/14
Оның жауы көп болған, алайда ол өте бай болды. Фотода: гангстер Аль Капонеге тиесілі ақ алтын мен гауһар тастан жасалған алқа.
© REUTERS / Fred GreavesЖақында Капоненің немерелері атақты мафиозиға тиесілі заттарды сатуға шешім қабылдады. Олар сол арқылы әйгілі гангстерді басқа қырынан көрсеткісі келген.
Фотографии американского гангстера Аль Капоне  - Sputnik Қазақстан
6/14
Жақында Капоненің немерелері атақты мафиозиға тиесілі заттарды сатуға шешім қабылдады. Олар сол арқылы әйгілі гангстерді басқа қырынан көрсеткісі келген.
© REUTERS / Fred GreavesАль Капоненің 174 заты 3 миллион доллардан астам ақшаға сатылды. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің гауһар тастармен көмкерілген, ақ алтыннан жасалған сіріңке қорабы.
Футляр для спичечного коробка из белого золота с бриллиантами, принадлежавший американскому гангстеру Аль Капоне - Sputnik Қазақстан
7/14
Аль Капоненің 174 заты 3 миллион доллардан астам ақшаға сатылды. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің гауһар тастармен көмкерілген, ақ алтыннан жасалған сіріңке қорабы.
© REUTERS / Fred GreavesАукцион "Танымалдылық ғасыры: Аль Капоне мүлкі" деген атаумен өтті. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің жиһазы және өнер туындылары.
Мебель и произведения искусства, принадлежавшие американскому гангстеру Аль Капоне - Sputnik Қазақстан
8/14
Аукцион "Танымалдылық ғасыры: Аль Капоне мүлкі" деген атаумен өтті. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің жиһазы және өнер туындылары.
"Сізге басымдық беретін кеңеске құлақ түріңіз. Ешкімге ондай кеңес бермеңіз", - деген Чикаго мафиозы. Ол ұйымдасқан қылмыстың негізін қалаушы болып саналады. Фотода: 1932 жылы 3 мамырда Атланта түрмесіне салық төлемегені үшін қамауға алынбас бұрын түсірілген Аль Капоне.
Аль Капоне перед тем, как его посадили в тюрьму Атланты 3 мая 1932 года за неуплату налогов, архивное фото - Sputnik Қазақстан
9/14
"Сізге басымдық беретін кеңеске құлақ түріңіз. Ешкімге ондай кеңес бермеңіз", - деген Чикаго мафиозы. Ол ұйымдасқан қылмыстың негізін қалаушы болып саналады. Фотода: 1932 жылы 3 мамырда Атланта түрмесіне салық төлемегені үшін қамауға алынбас бұрын түсірілген Аль Капоне.
© REUTERS / Fred GreavesСауда Калифорния штатының Сакраменто қаласында өтті. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің ұлы Сонниге жазған хаты.
Личное письмо американского гангстера Аль Капоне его сыну Сонни - Sputnik Қазақстан
10/14
Сауда Калифорния штатының Сакраменто қаласында өтті. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің ұлы Сонниге жазған хаты.
© REUTERS / Fred GreavesАмерикалық гангстер Аль Капоне мен оның ұлы Сонниге тиесілі қару-жарақ пен ыдыс-аяқ аукционға қойылды.
Оружие и посуда, принадлежавшие американскому гангстеру Аль Капоне и его сыну Сонни, выставлены перед аукционом в США - Sputnik Қазақстан
11/14
Америкалық гангстер Аль Капоне мен оның ұлы Сонниге тиесілі қару-жарақ пен ыдыс-аяқ аукционға қойылды.
© REUTERS / Fred GreavesӨз уақытында Аль Капоненің есімі бәрінің, тіпті "қылмыстық бизнес" бойынша ең мықты әріптестерінің де үрейін тудырған. Фотода: Аль Капоненің есімі платина мен гауһар таспен жазылған қалта пышағы.
Карманный нож с инициалами из платины и бриллиантов, принадлежавший гангстеру Аль Капоне - Sputnik Қазақстан
12/14
Өз уақытында Аль Капоненің есімі бәрінің, тіпті "қылмыстық бизнес" бойынша ең мықты әріптестерінің де үрейін тудырған. Фотода: Аль Капоненің есімі платина мен гауһар таспен жазылған қалта пышағы.
© REUTERS / Fred GreavesӘйел Сакраментодағы аукционға қойылған гангстер Аль Капоненің фарфор ыдысын көріп жатыр.
Женщина  осматривает фарфор, принадлежавший гангстеру Аль Капоне, выставленный перед аукционом в Сакраменто, США - Sputnik Қазақстан
13/14
Әйел Сакраментодағы аукционға қойылған гангстер Аль Капоненің фарфор ыдысын көріп жатыр.
© REUTERS / Fred Greaves1920-1930 жылдары дәурені жүрген мафия патшасы гангстердің классикалық бейнесі болды. Фотода: Аль Капоненің немересі Дайан Капоне Witherell's Gallery негізін қалаушысымен сөйлесіп тұр.
Дайан Капоне, внучка американского гангстера Аль Капоне, разговаривает с основателем Witherell's Gallery - Sputnik Қазақстан
14/14
1920-1930 жылдары дәурені жүрген мафия патшасы гангстердің классикалық бейнесі болды. Фотода: Аль Капоненің немересі Дайан Капоне Witherell's Gallery негізін қалаушысымен сөйлесіп тұр.
Жаңалықтар
0