Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Миллиондаған долларға бағаланған цифрлық галлюцинация: Гонконгта ерекше көрме ашылды

Жазылу
Digital Art Fair Asia көрмесінде ұсынылған барлық туындыны ерекше криптотокендерге айналдырып, Sotheby's онлайн-аукционында сату жоспарланып отыр

Гонконгтағы Digital Art Fair Asia (DAFA) аясында цифрлық өнер саласында жұмыс істейтін қырықтан астам суретшінің туындысы көрермен назарына ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме озық тенологияларды қолдану арқылы заманауи өнерге арналған Азиядағы алғашқы физикалық өнер жәрмеңкесіне айналды.

Көбі видео және иммерсивті инсталляция түрінде орындалған суретшілердің жұмыстарын айрықша NFT-ға (non-fungible token, өзара алмаспайтын токен, цифрлық нысан ерекшелігінің сертификаты іспеттес – Sputnik) айналдырып, Sotheby's онлайн-аукционында сату жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар бұл көрмедегі Immersive аумағында түрік-америкалық жаңа медиа суретшісі Рефик Анадол туындылары және Prestige аумағында заманауи өнердегі медиа мен коллекциялар ұсынылған.

Фотограф Дерри Эйнсворт пен қала өнері бойынша маман Ханна Смит дайындаған Pioneer аумағында көрмеге келушілер цифрлық өнер саласының алдыңғы шебіндегі суретшілердің жұмыстарымен таныса алады. Ал New Media аумағында саунд суретші, қытай хип-хопының негізін қалаушы МС Янның туындылары орналастырылған. Сондай-ақ Virtual Reality Art Experience аумағында 2005 жылы құрылған dslcollection VR алғашқы виртуалды көркемсурет музейінің экспозициясын көруге болады.

Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциясында суретшінің 2018 жылдан бері NASA-мен бірлесіп дайындаған суреттер қолданылған. Sotheby's аукцион үйі өзінің виртуалды алаңында Гонконгтағы көрме туындыларының цифрлық нұсқасын сатуды көздеп отыр. Олардың пікірінше, Анадолдың жұмыстарын 600 мыңнан 5,5 миллион Гонконг доллары көлемінде бағалауға болады.

Гонконгтағы көрме-жәрмеңке 17 қазанға дейін жалғасады.

© REUTERS / Tyrone SiuГонконгтағы Цифрлық өнер жәрмеңкесінде Sotheby's онлайн-аукционы арқылы сатуға жоспарланған медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциясы.
Арт-инсталляция «Машинные галлюцинации - Космос: Метавселенная» медиахудожника Рефика Анадола на Ярмарке цифрового искусства в Гонконге - Sputnik Қазақстан
1/7
Гонконгтағы Цифрлық өнер жәрмеңкесінде Sotheby's онлайн-аукционы арқылы сатуға жоспарланған медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциясы.
© REUTERS / Tyrone SiuSotheby's аукционындағылардың айтуынша, медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциялар топтамасы Халықаралық ғарыш станциясы, Хаббл мен MRO телескоптарымен түсірілген және жазылған екі миллионнан астам өңделмеген суретті қолдану арқылы дайындалған. Бұл айрықша туындыларды машина арқылы тану және генерациялауға арналған кең мәліметтер жинағын қамтамасыз етіп отыр.
Арт-инсталляция «Машинные галлюцинации - Космос: Метавселенная» медиахудожника Рефика Анадола на Ярмарке цифрового искусства в Гонконге - Sputnik Қазақстан
2/7
Sotheby's аукционындағылардың айтуынша, медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциялар топтамасы Халықаралық ғарыш станциясы, Хаббл мен MRO телескоптарымен түсірілген және жазылған екі миллионнан астам өңделмеген суретті қолдану арқылы дайындалған. Бұл айрықша туындыларды машина арқылы тану және генерациялауға арналған кең мәліметтер жинағын қамтамасыз етіп отыр.
© REUTERS / Tyrone SiuГонконгтағы Цирфлық өнер жәрмеңкесіне келген адам Қытай суретшісі Ян Юнлянның "Түнде жарқыраған" атты бейнеинсталляциясымен селфиге түсіп тұр.
Видеоинсталляция Glows in the Night китайского современного художника Ян Юнлян на ярмарке цифрового искусства в Гонконге - Sputnik Қазақстан
3/7
Гонконгтағы Цирфлық өнер жәрмеңкесіне келген адам Қытай суретшісі Ян Юнлянның "Түнде жарқыраған" атты бейнеинсталляциясымен селфиге түсіп тұр.
© REUTERS / Tyrone SiuЖәрмеңкеге келген бойжеткен Энди Уорхол мен Бипл ретінде танымал цифрлық суретші Майк Винкельманның "Атаусыз" атты цифрлық туындысының алдында суретке түсіп тұр.
Цифровая работа художника Майка Винкельмана, известного как Бипл, «Без названия (Автопортрет)» на ярмарке цифрового искусства в Гонконге - Sputnik Қазақстан
4/7
Жәрмеңкеге келген бойжеткен Энди Уорхол мен Бипл ретінде танымал цифрлық суретші Майк Винкельманның "Атаусыз" атты цифрлық туындысының алдында суретке түсіп тұр.
© REUTERS / Tyrone SiuМедиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты әрбір иммерсивті арт-инсталляциясын Sotheby's 600 мыңнан 5,5 миллион Гонконг доллары көлемінде бағалап отыр.
Арт-инсталляция «Машинные галлюцинации - Космос: Метавселенная» медиахудожника Рефика Анадола на Ярмарке цифрового искусства в Гонконге - Sputnik Қазақстан
5/7
Медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты әрбір иммерсивті арт-инсталляциясын Sotheby's 600 мыңнан 5,5 миллион Гонконг доллары көлемінде бағалап отыр.
© REUTERS / Tyrone SiuРефик Анадол "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" топтамасындағы өзінің арт-инсталляцияларын NASA-мен бірлесіп дайындайды.
Арт-инсталляция «Машинные галлюцинации - Космос: Метавселенная» медиахудожника Рефика Анадола на Ярмарке цифрового искусства в Гонконге - Sputnik Қазақстан
6/7
Рефик Анадол "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" топтамасындағы өзінің арт-инсталляцияларын NASA-мен бірлесіп дайындайды.
© REUTERS / Tyrone SiuГонконгтағы Цифрлық өнер жәрмеңкесіндегі Szabotage ретінде танымал Густав Сабоның "Өз биткоиндарыңды алыңдар" атты картиналар топтамасы.
Выставка работ Густава Сабо, известного как Szabotage, на ярмарке цифрового искусства в Гонконге - Sputnik Қазақстан
7/7
Гонконгтағы Цифрлық өнер жәрмеңкесіндегі Szabotage ретінде танымал Густав Сабоның "Өз биткоиндарыңды алыңдар" атты картиналар топтамасы.
Жаңалықтар
0