05:44 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06
© REUTERS / Tyrone Siu
Гонконгтағы Цифрлық өнер жәрмеңкесінде Sotheby's онлайн-аукционы арқылы сатуға жоспарланған медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциясы.

Digital Art Fair Asia көрмесінде ұсынылған барлық туындыны ерекше криптотокендерге айналдырып, Sotheby's онлайн-аукционында сату жоспарланып отыр

Гонконгтағы Digital Art Fair Asia (DAFA) аясында цифрлық өнер саласында жұмыс істейтін қырықтан астам суретшінің туындысы көрермен назарына ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме озық тенологияларды қолдану арқылы заманауи өнерге арналған Азиядағы алғашқы физикалық өнер жәрмеңкесіне айналды.

Көбі видео және иммерсивті инсталляция түрінде орындалған суретшілердің жұмыстарын айрықша NFT-ға (non-fungible token, өзара алмаспайтын токен, цифрлық нысан ерекшелігінің сертификаты іспеттес – Sputnik) айналдырып, Sotheby's онлайн-аукционында сату жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар бұл көрмедегі Immersive аумағында түрік-америкалық жаңа медиа суретшісі Рефик Анадол туындылары және Prestige аумағында заманауи өнердегі медиа мен коллекциялар ұсынылған.

Фотограф Дерри Эйнсворт пен қала өнері бойынша маман Ханна Смит дайындаған Pioneer аумағында көрмеге келушілер цифрлық өнер саласының алдыңғы шебіндегі суретшілердің жұмыстарымен таныса алады. Ал New Media аумағында саунд суретші, қытай хип-хопының негізін қалаушы МС Янның туындылары орналастырылған. Сондай-ақ Virtual Reality Art Experience аумағында 2005 жылы құрылған dslcollection VR алғашқы виртуалды көркемсурет музейінің экспозициясын көруге болады.

Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциясында суретшінің 2018 жылдан бері NASA-мен бірлесіп дайындаған суреттер қолданылған. Sotheby's аукцион үйі өзінің виртуалды алаңында Гонконгтағы көрме туындыларының цифрлық нұсқасын сатуды көздеп отыр. Олардың пікірінше, Анадолдың жұмыстарын 600 мыңнан 5,5 миллион Гонконг доллары көлемінде бағалауға болады.

Гонконгтағы көрме-жәрмеңке 17 қазанға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша

Дубайдағы ЭКСПО: Қазақстан мен өзге елдердің павильондары – фото
Нағыз экстрим мен ұмытылмас сәт: ерекше үйлену тойлары – фото
Танымал фильмдер мен сериалдар қайда түсірілді – фото
Алматыға күз келді – фото
Қазақ кимешекті қай кезден және қалай киген - фото
Загрузка...

Басты тақырып