05:16 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Суретші Күлбатыровтың Опера және балет театры суреті
  • Күлбатыровтың Алматы көрінісі суреті
  • Алматы суретшілер көзімен көрмесі
  • Алматы суретшілер көзімен көрмесі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Балықшы қыз терракотасы
  • Салихитдин Айтбаевтың Бақыт туындысы.
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев туындылары
  • Әбілхан Қастеевтің Таудағы мұз айдыны туындысы
  • Қапшағай су электр станциясы туындысы
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған

Музейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Қазір мұнда Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар. Сондай-ақ сурет өнерінің түрлі жанры музей сөрелерінен орын тепкен.

Музейге аты берілген Әбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.

Сонымен қатар қазір музейде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін қағазға түсірген туындылары қойылған.

Сондай-ақ суретші Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі ашылған. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады. Рерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.

Музейде қандай туындылар бар екенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

Кілт сөздер:
фото
Загрузка...

Басты тақырып