17:25 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
  • Картина французского 32-летнего художника Сайпа Un nouveau souffle площадью 1500 квадратных метров
© AFP 2021 / FABRICE COFFRINI
"Жаңа тыныс" фрескасы Швейцарияның Ле Молезон тауларының биігінде орналасқан. Мұны тамыздың соңында суретші Гийом Легро салған. Суретшінің айтуынша, әрбір адамның ішінде жаңалыққа жаны құмар бала өмір сүреді

32 жастағы француз суретшісі Гийом Легро өз лақапатын ағылшынның "Say Peace" деген екі сөзінен құрады

Өзінің британдық әріптесі Бэнксимен салыстырғанда француз Saype (Say Peace) көрермендерден тығылмайды. Оның әлеуметтік желідегі парақшасынан суретшінің жұмысын жиі көруге болады.

Гийома Легроның туындылары адамды таңғалдырмай қоймайды. Суреттер қала ортасында, мұхит жағалауында немесе тау етегінде үлкен аумақты алып жатыр. Бұл туындыларды тамашалау үшін жерден  биік тұру керек.

Saype фрескаларының тағы бір ерекшелігі – олар толығымен экологиялық дүние болып саналады. Суретші бояуынан бірде-бір тал шөпке залал келмеген. Легро өзінің алып суреттері үшін биологиялық ыдырағыш компоненттер – табиғи өсімдік майы, көмір, сүт және су қолданады.

2020 жылдың сәуірінде Гийом "Дағдарыстан кейін" деп аталатын үш шақырымға созылған сурет салды. Пандемияға байланысты оқшауланған кішкентай қыз қол ұстасып тұрған өз достарының суретін салып отырғаны бейнеленген. Осы картина суретшіні әлемге танымал етті. Сол шақтан бері оның әрбір туындысы жарық көрген бойда бүкіл әлемге жылдам таралады. Бұл картиналар ауа райы қолайлы болса, шамамен бір ай өзгеріссіз тұра береді. Ал одан соң жауын, жел немесе шөптің өсуі және қурауы картинаны өшіріп тастайды.

Saype өз шығармашылығында үнемі бірлік тақырыбын қозғайды. Оның суреттері, тіпті, Beyond Walls "Қабырға сыртында" деп аталатын жобаға біріктірілді. Суретші алып туындыларды салу үшін әлемнің кең әрі ғажайып табиғаты бар аймағын таңдайды.

Француз суретшінің таңғаларлық туындыларын Sputnik суреттер топтамасынан көріңіз.

Тақырып бойынша

Тұңғиыққа батқан тіршілік: Кипр жағалауында суасты орман пайда болды – фото
Көне шаһарға саяхат: Тараздың туристік нысандары – фото
Қазақстаннан Шри-Ланкаға дейін: әлем елдеріндегі мектеп формасы қандай – фото
Ауғанстаннан қашқан жұлдыздар мен танымал тұлғалар – фото
Сәнқой ит пен мысық: әсемдікке әуес жануарлар – фото
Загрузка...

Басты тақырып