Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Білім күні: 1 қыркүйек қалай өтті – фото

Жазылу
Оқушылар мен ұстаздарға, ата-аналарға санитарлық талапты сақтау міндеттелді. Шараға қатысушылар бұл талапты орындады

Білім күнінде мектептерде 1-сынып оқушыларына арналған салтанатты шара өткізуге рұқсат берілді. Sputnik Қазақстан фототілшілері де білім күніне арналған салтанатты шараға қатысып қайтты. 

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №27 гимназияда 1-сыныптарға арналған салтанатты шара ашық ауада, мектеп ауласында өтті. Мектеп аумағына бірінші сыныпқа баласын ертіп келген ата-аналар Ashyq қосымшасы арқылы кірді. Сондай-ақ келушілердің дене қызуы тексерілді.

Сондай-ақ оқушылар мен ұстаздарға, ата-аналарға санитарлық талапты сақтау міндеттелді. Шараға қатысушылар бұл талапты орындады.

2021-2022 оқу жылында оқушыларға мектепке классикалық стильдегі киіммен келуге рұқсат етілді. Мектеп формасы міндеттелмеген. Алайда мектепке жаңадан келген оқушылардың басым бөлігі ақ жейде мен қара шалбар немесе белдемше киіп келген.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім күнінде Қосшыдағы №2 орта мектепке барды.

Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, биыл №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды. Соған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап "Ы" сыныбына дейін ашылды.

Биыл 394 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

© Sputnik / Тимур БатыршинБірінші сынып оқушысы мектепке келе жатыр
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан
1/11
Бірінші сынып оқушысы мектепке келе жатыр
© Sputnik / Тимур БатыршинДәстүрлі жиынға коронавирус пандемиясы өзгеріс енгізбей қоймады. Сондықтан келушілердің дене қызуы тексерілді
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан
2/11
Дәстүрлі жиынға коронавирус пандемиясы өзгеріс енгізбей қоймады. Сондықтан келушілердің дене қызуы тексерілді
© Sputnik / Тимур Батыршин2021-2022 оқу жылында оқушыларға мектепке классикалық стильдегі киіммен келуге рұқсат етілді. Мектеп формасы міндеттелмеген
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан
3/11
2021-2022 оқу жылында оқушыларға мектепке классикалық стильдегі киіммен келуге рұқсат етілді. Мектеп формасы міндеттелмеген
© Sputnik / Тимур БатыршинАлайда мектепке жаңадан келген оқушылардың басым бөлігі ақ жейде мен қара шалбар немесе белдемше киіп келген
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан
4/11
Алайда мектепке жаңадан келген оқушылардың басым бөлігі ақ жейде мен қара шалбар немесе белдемше киіп келген
© Sputnik / Абзал КалиевМектеп табалдырығын жаңадан аттаған оқушыларға "Әліппе" немесе "Букварь" табысталды
 День знаний в Нур-Султане - 2021 - Sputnik Қазақстан
5/11
Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған оқушыларға "Әліппе" немесе "Букварь" табысталды
© Sputnik / Абзал КалиевАлғашқы қоңырау соғылды
День знаний в Нур-Султане - 2021 - Sputnik Қазақстан
6/11
Алғашқы қоңырау соғылды
© Sputnik / Тимур БатыршинАл 2-11 сыныптың оқушылары кабинеттерде сынып сағатына қатысты
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан
7/11
Ал 2-11 сыныптың оқушылары кабинеттерде сынып сағатына қатысты
© Photo : Пресс-служба министерства образования и науки КазахстанаБілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздар, оқушылар мен студенттерді білім күнімен құттықтады. "Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті", - деді ол
Министр образования и науки Асхат Аймагамбетов выступает перед школьниками и родителями на торжественной линейке 1 сентября  - Sputnik Қазақстан
8/11
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздар, оқушылар мен студенттерді білім күнімен құттықтады. "Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті", - деді ол
© Photo : Пресс-служба министерства образования и науки КазахстанаВедомство басшысы Қосшыдағы №2 орта мектепке барды. Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, 1 200 оқушыға арналған мектептің 1-сыныбына 700 бүлдіршін қабылданды
Асхат Аймагамбетов позирует с первоклассниками  - Sputnik Қазақстан
9/11
Ведомство басшысы Қосшыдағы №2 орта мектепке барды. Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, 1 200 оқушыға арналған мектептің 1-сыныбына 700 бүлдіршін қабылданды
© Photo : Facebook/Almagul İsinaСоған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап "Ы" сыныбына дейін ашылды
Қосшы мектебінде 1 Ы сыныбы ашылды - Sputnik Қазақстан
10/11
Соған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап "Ы" сыныбына дейін ашылды
© Sputnik / Тимур БатыршинБиыл 394 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан
11/11
Биыл 394 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады
Жаңалықтар
0