Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары Тараз қаласына эвакуацияланды.
Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз қаласындағы №5 мектеп пен Жамбыл политехникалық колледжіне 226 адам орналастырылды.
Қазір мектепте ешкім қалмаған. Ал колледж жатақханасында 30-ға жуық адам бар.
Ауруханада травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқа да медицина қызметкерін қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқарып жатыр.
Аурухана қақпасында жарылыс кезінде зардап шеккендердің аты-жөні жарияланды.
Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
© Sputnik / Тимур Батыршин26 тамыз сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасы жарылды. Sputnik фототілшісі өрттен кейінгі қара түтінді 27 тамыз таңғы 7 кезінде түсірді. Ресми ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай кезінде бес адам қайтыс болды.
1/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
26 тамыз сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасы жарылды. Sputnik фототілшісі өрттен кейінгі қара түтінді 27 тамыз таңғы 7 кезінде түсірді. Ресми ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай кезінде бес адам қайтыс болды.
© Sputnik / Тимур БатыршинТараз – Алматы тас жолы жабық тұр. Төтенше жағдай болған жерге ешкім жіберілмейді. Айналып өтуге патрульдік жол полициясы жол көрсетеді. Бұл жұмыстарға ұлттық ұлан қызметкерлері де жұмылдырылған.
2/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Тараз – Алматы тас жолы жабық тұр. Төтенше жағдай болған жерге ешкім жіберілмейді. Айналып өтуге патрульдік жол полициясы жол көрсетеді. Бұл жұмыстарға ұлттық ұлан қызметкерлері де жұмылдырылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинАпат маңында үш елді мекен орналасқан: 3 шақырым жерде Жібек жолы кенті (378 адам), 8 км жерде Үшбұлақ стансасы (216 адам), 10 шақырым жерде Ботамойнақ (492 адам). ТЖМ ақпаратынша, оқиға кезінде Тараз қаласына 710 тұрғын эвакуацияланды. Олардың 128-і эвакуация пунктерінде, 582-і туыстарының үйін паналады.
3/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Апат маңында үш елді мекен орналасқан: 3 шақырым жерде Жібек жолы кенті (378 адам), 8 км жерде Үшбұлақ стансасы (216 адам), 10 шақырым жерде Ботамойнақ (492 адам). ТЖМ ақпаратынша, оқиға кезінде Тараз қаласына 710 тұрғын эвакуацияланды. Олардың 128-і эвакуация пунктерінде, 582-і туыстарының үйін паналады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мақсатында қалада онға жуық мектеп пен бірнеше колледж дайындық жұмысын жүргізген. Алайда бір мектеп пен бір колледжге орналастыру қажет болды. Тараз қаласындағы № 54 мектепке 200 адам орналастырылады деп жоспарланған. Мектептің асханасы да тұрғындарға лайықталған.
4/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мақсатында қалада онға жуық мектеп пен бірнеше колледж дайындық жұмысын жүргізген. Алайда бір мектеп пен бір колледжге орналастыру қажет болды. Тараз қаласындағы № 54 мектепке 200 адам орналастырылады деп жоспарланған. Мектептің асханасы да тұрғындарға лайықталған.
© Sputnik / Тимур БатыршинТөтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсетілген 90-ға жуық адам Тараздағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ауруханада 28 адам жатыр. Аурухана маңына жиналғандар жақынының жағдайын білу үшін таңға дейін сол жерде болған.
5/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсетілген 90-ға жуық адам Тараздағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ауруханада 28 адам жатыр. Аурухана маңына жиналғандар жақынының жағдайын білу үшін таңға дейін сол жерде болған.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚалалық аурухана қақпасына жарылыс кезінде жарақат алғандар тізімі ілінген.
6/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қалалық аурухана қақпасына жарылыс кезінде жарақат алғандар тізімі ілінген.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазір Таразда травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқа да медицина қызметкерін қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқарып жатыр. Ауруханада жатқан 28 адамның ішінде алты адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
7/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қазір Таразда травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқа да медицина қызметкерін қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқарып жатыр. Ауруханада жатқан 28 адамның ішінде алты адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
© Sputnik / Тимур БатыршинТараз қаласындағы №5 мектеп пен Жамбыл политехникалық колледжінің жатақханасына Байзақ ауданынан 226 адам эвакуацияланған. Қазір мектептегі адамдар туыстарының немесе өз үйіне оралды. Ал колледж жатақханасында 60-тан астам адам бар.
8/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Тараз қаласындағы №5 мектеп пен Жамбыл политехникалық колледжінің жатақханасына Байзақ ауданынан 226 адам эвакуацияланған. Қазір мектептегі адамдар туыстарының немесе өз үйіне оралды. Ал колледж жатақханасында 60-тан астам адам бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинБайзақ ауылының тұрғыны - Фатима Сафарова. Әйел жарылыс үйінде отырған кезде басталғанын, содан кейін жергілікті полиция дауыс зорайтқыш арқылы көшедегі автобусқа отыруды сұрағанын айтты. Қызы екеуі қазір жатақханада, ал күйеуі өз қалауымен ауылында қалған.
9/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Байзақ ауылының тұрғыны - Фатима Сафарова. Әйел жарылыс үйінде отырған кезде басталғанын, содан кейін жергілікті полиция дауыс зорайтқыш арқылы көшедегі автобусқа отыруды сұрағанын айтты. Қызы екеуі қазір жатақханада, ал күйеуі өз қалауымен ауылында қалған.