Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Палестиналық суретші адам сенгісіз тепе-теңдікке қол жеткізді – фото

Жазылу
Оны жұрт теңгерім шебері деп атайды. 26 жастағы фитнес жаттықтырушысы, палестиналық Мұхаммед әл-Шенбари қарапайым заттардан адам сенгісіз көріністер жасай алады

Газ секторындағы Бейт-Ханун қалашығында палестиналық суретші Мұхаммед әл-Шенбари заттардың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін түрі заттарды қолдана алады.

Әрбір заттың орналасуын жіті бақылау және тірек нүктесін дәл анықтау арқылы Әл-Шенбари үлкен теледидарды бөтелкенің үстіне қойып, газ канистраларын көлбеу кілт үстіне тұрғыза алды. Бұл тартылыс заңына күмәндануға себеп болатындай көрініс.

"Мен осы істі үйренгім келді. Себебі мұнымен араб әлемінде аз адам машықтанады. Мен қарапайым жаттығулардан бастап, икемім бар екенін байқадым", - дейді Әл-Шенбари.

Жергілікті аймақта өтікізілген конкурсқа қатысып, марапатқа ие болған жас суретші халықаралық байқауларда да бақ сынауды армандап жүр. 

Тепе-теңдік пен теңгерім арқасында жас шебер жетістікке қол жеткізді. Ол бомбалау мен зымыран соққыларынан кейін күл-талқаны шыққан қирандылар арасынан да теңгерімді таба алатын өз ісінің маманы.

Оқи отырыңыз: Суретші құрғап қалған көлге футбол жұлдызы Лионель Мессидің портретін салды - видео

 

© AFP 2024 / Mohammed AbedПалестиналық перфомансер Мұхаммед әл-Шенбари бомбалаудан кейін талқаны шыққан қирандылар арасынан да адам сенгісіз ғажайып тепе-теңдік заттарын таба алады.
Палестинец во время балансировки телефона на камне в городе Бейт-Лахия - Sputnik Қазақстан
1/6
Палестиналық перфомансер Мұхаммед әл-Шенбари бомбалаудан кейін талқаны шыққан қирандылар арасынан да адам сенгісіз ғажайып тепе-теңдік заттарын таба алады.
© AFP 2024 / Mohammed Abed26 жастағы суретші азық-түлік алу үшін дүкенге барған кезде де көрермендерді таңғалдырады
Палестинец во время балансировки консервов друг на друге в городе Бейт-Лахия - Sputnik Қазақстан
2/6
26 жастағы суретші азық-түлік алу үшін дүкенге барған кезде де көрермендерді таңғалдырады
© AFP 2024 / Mohammed AbedОл Газ секторындағы бомба түскеннен кейін қирап қалған үйлердің сынықтарын да теңдік күші мен сұлулығын сипаттау үшін қолдануға болатынын дәлелдеді.
Палестинец во время балансировки бутылок на камне в городе Бейт-Лахия - Sputnik Қазақстан
3/6
Ол Газ секторындағы бомба түскеннен кейін қирап қалған үйлердің сынықтарын да теңдік күші мен сұлулығын сипаттау үшін қолдануға болатынын дәлелдеді.
© AFP 2024 / Mohammed AbedҚоқыс арасында жатқан үй кірпішіне шыны бөтелке, ал бөтелкенің үстіне үлкен теледидарды орнату екінің бірінің қолынан келе қоймасы анық. Сондықтан Мұхаммед әл-Шенбаридің бұл қабілеті құрметке лайық.
Палестинец во время балансировки телевизора на бутылке  в городе Бейт-Лахия - Sputnik Қазақстан
4/6
Қоқыс арасында жатқан үй кірпішіне шыны бөтелке, ал бөтелкенің үстіне үлкен теледидарды орнату екінің бірінің қолынан келе қоймасы анық. Сондықтан Мұхаммед әл-Шенбаридің бұл қабілеті құрметке лайық.
© AFP 2024 / Mohammed AbedМұхаммед кез келген заттың теңгерім нүктесін таба алатынын айтты. Оның айтуынша, бұл машықты ол әлеуметтік желідегі роликтерді көру арқылы үйренген.
Палестинец во время балансировки скульптуры на бутылке в городе Бейт-Лахия - Sputnik Қазақстан
5/6
Мұхаммед кез келген заттың теңгерім нүктесін таба алатынын айтты. Оның айтуынша, бұл машықты ол әлеуметтік желідегі роликтерді көру арқылы үйренген.
© AFP 2024 / Mohammed AbedПалестиналық перфомансер-суретші әл-Шенбари үстел үстінде тұрған кірпішке орындықты бір аяғымен тұрғыза алады.
Палестинец во время балансировки стула на кирпиче в городе Бейт-Лахия - Sputnik Қазақстан
6/6
Палестиналық перфомансер-суретші әл-Шенбари үстел үстінде тұрған кірпішке орындықты бір аяғымен тұрғыза алады.
Жаңалықтар
0