Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Токио Олимпиадасы: Жапония астанасы дүбірлі додаға қалай дайындалып жатыр – фото

Жазылу
Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды

Қазақстан құрамасы Токио-2020 қарсаңында 27 спорт түрінен 97 лицензия жеңіп алды. Қазақстандық рекордтың бірі теннисте – сегіз лицензия! Бұл спорт түрінен Александр Бублик, Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, сондай-ақ Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Ярослава Шведова жарысқа түседі. Сонымен қатар Зарина Дияс жалғыз ойнайтын турнирге қатысатыны туралы белгілі болды.

Чемпион Ольга Рыпакова бірнеше рет олимпиада жүлдесін жеңіп алған жеңіл атлетика саласындағы спорттық жүріс, биіктікке секіру, 100, 200 және 400 метрге жүгіру, марафон және үш аттап секіру түрлеріне он бір лицензия берілді.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин екі лицензия жеңіп алды және ол 100 және 200 метр қашықтықта браспен жүзуде жарысқа түседі.

Қазақстандық "Астана" велокомандасының көшбасшысы Алексей Луценко командамен және жеке веложарысқа түседі.

Қазақстандық спорт гимнастикасының жалғыз өкілі Милад Карими Олимпиададағы жеті бірдей лицензияны жеңіп алды.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында барлығы 97 спортшы Қазақстан Туын көтеріп шығады.

Токио дүбірлі додаға қалай дайындалып жатқанын суреттер топтамасынан көріңіз.

 

 

© REUTERS / Kim Kyung-HoonОлимпиаданың екі символы – көгершін мен олимпиада сақиналары. Қазіргі Олимпиада ойындарына бастамашылық еткен Пьер де Кубертен үшін бұл екі символ спорт бірлігі мен сұлулығын, сондай-ақ бейбітшілікті білдірді.
Голубь на Олимпийских кольцах в Токио  - Sputnik Қазақстан
1/11
Олимпиаданың екі символы – көгершін мен олимпиада сақиналары. Қазіргі Олимпиада ойындарына бастамашылық еткен Пьер де Кубертен үшін бұл екі символ спорт бірлігі мен сұлулығын, сондай-ақ бейбітшілікті білдірді.
© REUTERS / Edgar SuКоронавирус бар-жоғын анықтау орталығында спорт командалары да, журналистер де тест тапсырады.
Ограничители в центре тестирования на коронавирус в Токио  - Sputnik Қазақстан
2/11
Коронавирус бар-жоғын анықтау орталығында спорт командалары да, журналистер де тест тапсырады.
© REUTERS / KyodoБұл Олимпиада ойындарында қауіпсіздікке басымдылық берілуде. Жапонияның жағалау күзеті Токиодағы спортшылар қалашығының жанында оқу-жаттығулар өткізіп жатыр.
Учения береговой охраны Японии  - Sputnik Қазақстан
3/11
Бұл Олимпиада ойындарында қауіпсіздікке басымдылық берілуде. Жапонияның жағалау күзеті Токиодағы спортшылар қалашығының жанында оқу-жаттығулар өткізіп жатыр.
© AP Photo / Jae C. HongБұл Токиодағы Олимпиада қалашығы. Алайда мына зәулім үйлерден тұратын аумақты "қалашық" деп кішірейтіп атау қиындау секілді.
Небоскребы Олимпийской деревни в Токио  - Sputnik Қазақстан
4/11
Бұл Токиодағы Олимпиада қалашығы. Алайда мына зәулім үйлерден тұратын аумақты "қалашық" деп кішірейтіп атау қиындау секілді.
© REUTERS / Issei KatoБритандық құраманың қызметкері Олимпиада қалашығында спортшыларды дайындауға арналған жабдықтарды тасып жүр.
Член сборной Великобритании в Олимпийской деревне в Токио  - Sputnik Қазақстан
5/11
Британдық құраманың қызметкері Олимпиада қалашығында спортшыларды дайындауға арналған жабдықтарды тасып жүр.
© REUTERS / Issei KatoОлимпиада қалашығына кіретін аумақты полиция күзетіп тұр.
Полицейские у въезда в Олимпийскую деревню в Токио  - Sputnik Қазақстан
6/11
Олимпиада қалашығына кіретін аумақты полиция күзетіп тұр.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonСанаулы күндерден кейін Токиодағы Ұлттық стадионда Олимпиада алауы жағылады.
Прохожие напротив Национального стадиона в Токио  - Sputnik Қазақстан
7/11
Санаулы күндерден кейін Токиодағы Ұлттық стадионда Олимпиада алауы жағылады.
© REUTERS / Kai PfaffenbachОлимпиада баспасөз орталығындағы күзет қызметкерлері түскі үзіліс кезінде әлеуметтік желіні ақтарып отыр.
Обедененный перерыв в олимпийском пресс-центре в Токио  - Sputnik Қазақстан
8/11
Олимпиада баспасөз орталығындағы күзет қызметкерлері түскі үзіліс кезінде әлеуметтік желіні ақтарып отыр.
© AP Photo / Jae C. HongОлимпиада ойындарының бойтұмарлары Мирайтова (Miraitowa) мен Сомейти (Someity) бейнеленген автобустар Токио көшелерінде жүр.
Автобус с изображением талисманов Олимпиады и Паралимпиады-2020 в Токио   - Sputnik Қазақстан
9/11
Олимпиада ойындарының бойтұмарлары Мирайтова (Miraitowa) мен Сомейти (Someity) бейнеленген автобустар Токио көшелерінде жүр.
© AP Photo / Kiichiro SatoОлимпиада символы қаланың барлық ауданында орналастырылған және оған токиолықтардың көзі үйренген секілді.
Курььер напротив постеров Олимпиады и Паралимпиады-2020 в Токио   - Sputnik Қазақстан
10/11
Олимпиада символы қаланың барлық ауданында орналастырылған және оған токиолықтардың көзі үйренген секілді.
© AP Photo / Eugene Hoshiko2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін Токио-2020 Олимпиада ойындары кезінде 33 спорт түрі бойынша 339 жүлде табысталады.
Мальчик в маске проходит мимо логотипов Олимпиады в Токио - Sputnik Қазақстан
11/11
2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін Токио-2020 Олимпиада ойындары кезінде 33 спорт түрі бойынша 339 жүлде табысталады.
Жаңалықтар
0