Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жүрегі тоқтаған футболшы мен тізе бүккен ағылшындар: Еуро-2020 несімен есте қалды - фото

Жазылу
Футболдан Еуропа чемпионатында Италия құрамасы жеңіске жетті. Көптен күткен Еуро-2020 додасының ашылу салтанаты маусымда Римдегі Олимпиада стадионында өткен болатын. Тура бір айдан соң дәл осы алаңда жеңімпаздарды марапаттады

Құрлықтық футбол тарихына ең ірі чемпионат ретінде енген Еуро-2020 дүбірлі додасының қалай өткенін тағы бір еске алайық.

Бас жүлдеге талас Еуропаның он бір қаласында – Баку мен Будапешттен Лондон мен Мадридке дейінгі, Санкт-Петербург пен Барселонадан Глазго мен Римге дейінгі 12 стадионда өтті. Әр қалада фанаттар үшін сүйікті командаға қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен экран қойылған ресми аумақтар жабдықталды.

Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксеннің Еуро-2020 кезінде кенеттен жүрегі тоқтап қалуы чемпионаттың ең үрейлі сәті болды. Ойын он бір минутқа тоқтатылып, спортшыға жедел көмек көрсетілді. Бірнеше күннен кейін ол алаңға қайта оралды.

Ал Криштиану Роналдудың баспасөз конференциясы кезінде алдына қойылған газдалған сусынды ары итеруі ірі корпорация акцияларының құнына едәуір әсер етті.

Ал ағылшын құрамасы Black Lives Matter қозғалысына қолдау көрсету мақсатында ойын алдында тізе бүкті. Алайда тіпті Англияның өзінде спортшылардың бұл әрекетін қолдағандар саны көп болмады. Басқа елдің спортшылары бұл ишараны "арандатушылық" және "мәнсіз" деп атады.

Жалпы мерейтойлық Еуро-2020 спортшылар, жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардың есінде ерекше, күрделі және қарама-қайшылыққа толы чемпионат ретінде қалатыны анық.

© AP Photo / Michael ReganИталия құрамасы Еуро-2020 финалындағы жеңісіне қуанып, бас кубокты көтеріп тұр. Футболдан Еуропа чемпионаты осылай аяқталды.
Сборная Италии празднует победу на пьедестале почета после победы в финале Евро-2020 - Sputnik Қазақстан
1/13
Италия құрамасы Еуро-2020 финалындағы жеңісіне қуанып, бас кубокты көтеріп тұр. Футболдан Еуропа чемпионаты осылай аяқталды.
© AP Photo / Alessandra TarantinoЕуро-2020 ашылуы да Италиямен байланысты болды. Салтанатты рәсім Римдегі Олимпиада стадионында, ал алғашқы матч Италия мен Түркия құрамаларының арасында өтті.
На церемонии открытия ЕВРО-2020 - Sputnik Қазақстан
2/13
Еуро-2020 ашылуы да Италиямен байланысты болды. Салтанатты рәсім Римдегі Олимпиада стадионында, ал алғашқы матч Италия мен Түркия құрамаларының арасында өтті.
© REUTERS / WOLFGANG RATTAYЕуро-2020 додасындағы драмаға толы сәт. Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен финдерге қарсы топтық кезеңдегі бірінші тур матчының бірінші таймы аяқталған кезде есінен танып қалды. Ойын тоқтатылды. Ойыннан кейін Эриксеннің жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Қуанышқа орай, дат футболшысының жағдайы тұрақталып, оны ауруханаға жеткізді. 18 маусымда спортшы медицина мекемесінен шығарылды.
Кристан Эриксен упал на поле во время матча сборных Дании и Финляндии на ЕВРО-2020 - Sputnik Қазақстан
3/13
Еуро-2020 додасындағы драмаға толы сәт. Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен финдерге қарсы топтық кезеңдегі бірінші тур матчының бірінші таймы аяқталған кезде есінен танып қалды. Ойын тоқтатылды. Ойыннан кейін Эриксеннің жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Қуанышқа орай, дат футболшысының жағдайы тұрақталып, оны ауруханаға жеткізді. 18 маусымда спортшы медицина мекемесінен шығарылды.
© AP Photo / John SibleyИталия қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма қақпаны ағылшын спортшысы Джейдона Санчо тепкен пенальтиден қорғап жатыр.
Вратарь Италии Джанлуиджи Доннарумма спасает пенальти - Sputnik Қазақстан
4/13
Италия қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма қақпаны ағылшын спортшысы Джейдона Санчо тепкен пенальтиден қорғап жатыр.
© AFP 2024 / PAUL ELLISАнглия құрамасы Еуро-2020 алдында да, Еуропа чемпионатында да Black Lives Matter қозғалысына қолдау көрсету мақсатында тізе бүкті. Алайда көп елдің құрамасы бұл акцияға қосылған жоқ. Тіпті Ұлыбританияның өзінде де жанкүйерлер бұл әрекетті қолдамады.
Сборная Англии преклонила колени на Евро-2020 - Sputnik Қазақстан
5/13
Англия құрамасы Еуро-2020 алдында да, Еуропа чемпионатында да Black Lives Matter қозғалысына қолдау көрсету мақсатында тізе бүкті. Алайда көп елдің құрамасы бұл акцияға қосылған жоқ. Тіпті Ұлыбританияның өзінде де жанкүйерлер бұл әрекетті қолдамады.
© AP Photo / Andy RainИталиялық жанкүйерлер Уэмбли стадионындағы ақтық ойын кезінде өз құрамасына белсенді түрде қолдау көрсетті.
Итальянские болельщики приветствуют финальный матч Евро-202 - Sputnik Қазақстан
6/13
Италиялық жанкүйерлер Уэмбли стадионындағы ақтық ойын кезінде өз құрамасына белсенді түрде қолдау көрсетті.
© AP Photo / Luca BrunoИталияның өзінде де жанкүйерлер спортшыларға қарқынды қолдау көрсетті. Мысалы, Миланда карантин шектеулеріне қарамастан Duomo қалалық кафедралдық соборының алдындағы алаңда жалау ұстаған мыңдаған адам жиналды.
Итальянцы празднуют победу сборной на Евро-2020 - Sputnik Қазақстан
7/13
Италияның өзінде де жанкүйерлер спортшыларға қарқынды қолдау көрсетті. Мысалы, Миланда карантин шектеулеріне қарамастан Duomo қалалық кафедралдық соборының алдындағы алаңда жалау ұстаған мыңдаған адам жиналды.
© REUTERS / Pool / Facundo ArrizabalagaДәстүр бойынша Италия құрамасының ойыншысы Алессандро Флоренци басқа спортшылар секілді Уэмбли стадионындағы Англия құрамасының қақпасындағы тордың бір бөлігін естелікке алды.
Игрок сборной Италии Алессандро Флоренци после победы команды на Евро-2020 - Sputnik Қазақстан
8/13
Дәстүр бойынша Италия құрамасының ойыншысы Алессандро Флоренци басқа спортшылар секілді Уэмбли стадионындағы Англия құрамасының қақпасындағы тордың бір бөлігін естелікке алды.
© REUTERS / Alberto LingriaЕуро-2020 жеңісінен кейін Parco dei Principi қонақ үйінің жанында Италия құрамасының футболшысы Джорджо Кьеллини кубокты ұстап автобустан түсіп келе жатыр.
Игрок сборной Италии Джорджо Кьеллини с кубком выходит из автобуса у отеля Parco dei Principi после победы на Евро-2020 - Sputnik Қазақстан
9/13
Еуро-2020 жеңісінен кейін Parco dei Principi қонақ үйінің жанында Италия құрамасының футболшысы Джорджо Кьеллини кубокты ұстап автобустан түсіп келе жатыр.
© REUTERS / HANDOUTКриштиану Роналду баспасөз конференциясы кезінде Еуро-2020 демеушілерінің сусыны құйылған бөтелкені шетке ысырып қойды. Оның бұл әрекеті осы компания акцияларының арзандауына алып келді. Бұл оқиғадан кейін бапкерлер мен басқа да ойыншылардың қатысуымен желіде өте көп мем таралды. Ал спортшыға баспасөз конференциясы кезінде реквизиттерді ұстауға тыйым салынды.
Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
10/13
Криштиану Роналду баспасөз конференциясы кезінде Еуро-2020 демеушілерінің сусыны құйылған бөтелкені шетке ысырып қойды. Оның бұл әрекеті осы компания акцияларының арзандауына алып келді. Бұл оқиғадан кейін бапкерлер мен басқа да ойыншылардың қатысуымен желіде өте көп мем таралды. Ал спортшыға баспасөз конференциясы кезінде реквизиттерді ұстауға тыйым салынды.
© REUTERS / Ritzau ScanpixКристиан Эриксеннің ойын алаңында жүрегі тоқтап қалуы Дания жанкүйерлері үшін нағыз шок болғаны анық. Сол сияқты Дания құрамасының чемпионаттағы жарыстан шығып қалуы да оларды есеңгіретіп тастады.
Болельщики собираются на матч Англия - Дания на ЕВРО-2020 - Sputnik Қазақстан
11/13
Кристиан Эриксеннің ойын алаңында жүрегі тоқтап қалуы Дания жанкүйерлері үшін нағыз шок болғаны анық. Сол сияқты Дания құрамасының чемпионаттағы жарыстан шығып қалуы да оларды есеңгіретіп тастады.
© REUTERS / Andy Buchanan Глазгодағы Хемпден парк стадионында өткен Швеция – Украина матчы кезінде Артем Довбик екінші рет гол соққанда жанкүйердің бірі алаңға жүгіріп шықты. Күзет қызметі оны алаңнан алып шығуға тырысып жатыр.
Охрана с выбежавшим на поле мужчиной во время матча Швеция-Украина на ЕВРО-2020 - Sputnik Қазақстан
12/13
Глазгодағы Хемпден парк стадионында өткен Швеция – Украина матчы кезінде Артем Довбик екінші рет гол соққанда жанкүйердің бірі алаңға жүгіріп шықты. Күзет қызметі оны алаңнан алып шығуға тырысып жатыр.
© REUTERS / ALBERTO LINGRIAБарлығы осыдан басталды. Еуро-2020 аясындағы алғашқы матчтың добы рефери Дэнни Маккелиге қашықтан басқарылатын шағын автокөлікпен жеткізілді.
На матче Италия-Турция в рамках ЕВРО-2020 - Sputnik Қазақстан
13/13
Барлығы осыдан басталды. Еуро-2020 аясындағы алғашқы матчтың добы рефери Дэнни Маккелиге қашықтан басқарылатын шағын автокөлікпен жеткізілді.
Жаңалықтар
0