Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Құс ұшар биіктіктен түсірілген Нұр-Сұлтан – фото

Жазылу
Қазақстанның бас қаласы жыл өткен сайын көркейіп, көрікті шаһарлар тізімін сенімді толықтырып келеді. Ол шағын қаладан еңселі, өркениетті ел ордасына айналды

Мегаполис халқы да күн санап артып келеді. Сол себепті астананың бас жоспары қайта қаралып, оның аумағы мен инфрақұрылымын халық санына үйлестіру қаралып жатыр.

Бүгінде Нұр-Сұлтанда соңғы жиырма жылда бой көтерген әсем ғимараттар өзінің ерекшелігімен әлемде таныла бастады. Айта кету керек, осы жылы падемияға байланысты астананың 23-ші туған күні онлайн форматта аталып өтті.

Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Воднев бас қаланың әсерлі бейнесін құс ұшар биіктіктен суретке түсірді. Нұр-Сұлтанның көрікті кейпін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан. Құс ұшар биіктіктен түсірілген қала бейнесі.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
1/17
Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан. Құс ұшар биіктіктен түсірілген қала бейнесі.
© Sputnik / Владислав ВодневБәйтерек. Монумент 1997 жылы астананы Алматыдан көшіру символы ретінде салынды.
Байтерек, вид сверху - Sputnik Қазақстан
2/17
Бәйтерек. Монумент 1997 жылы астананы Алматыдан көшіру символы ретінде салынды.
© Sputnik / Владислав ВодневКүн батып бара жатқан кездегі Ақорда бейнесі. Қазақстан президентінің резиденциясы Есіл өзенінің сол жағалауында, "Бәйтерек" монументінен үш жүз метр қашықтықта орналасқан. Резиденцияның жанында Қазақстан парламенті, Жоғарғы соты, Үкімет үйі, Министрліктер үйі және басқа да әкімшілік ғимараттар орын тепкен.
Акорда на закате - Sputnik Қазақстан
3/17
Күн батып бара жатқан кездегі Ақорда бейнесі. Қазақстан президентінің резиденциясы Есіл өзенінің сол жағалауында, "Бәйтерек" монументінен үш жүз метр қашықтықта орналасқан. Резиденцияның жанында Қазақстан парламенті, Жоғарғы соты, Үкімет үйі, Министрліктер үйі және басқа да әкімшілік ғимараттар орын тепкен.
© Sputnik / Владислав Воднев"Хан Шатыр", биіктіктен түсірілген сурет. Бұл ірі сауда ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатыр ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
4/17
"Хан Шатыр", биіктіктен түсірілген сурет. Бұл ірі сауда ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатыр ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген.
© Sputnik / Владислав ВодневУспен соборының алтын күмбездері. Собордың жалпы аумағы екі мың шаршы метрден асады. Ғибадатхана төрт мыңға жуық адамды қабылдай алады және Орталық Азиядағы ең ірі собор саналады.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
5/17
Успен соборының алтын күмбездері. Собордың жалпы аумағы екі мың шаршы метрден асады. Ғибадатхана төрт мыңға жуық адамды қабылдай алады және Орталық Азиядағы ең ірі собор саналады.
© Sputnik / Владислав ВодневSt.Regis Astana қонақ үйі. Бұл нысан Есіл өзенінің жағалауында, Қабанбай батыр даңғылының бойында, елордадағы Орталық саябақтың дәл ортасында орналасқан.
Отель St.Regis Astana у реки Ишим  - Sputnik Қазақстан
6/17
St.Regis Astana қонақ үйі. Бұл нысан Есіл өзенінің жағалауында, Қабанбай батыр даңғылының бойында, елордадағы Орталық саябақтың дәл ортасында орналасқан.
© Sputnik / Владислав ВодневКерме көпір – Нұр-Сұлтандағы Есіл өзені арқылы өтетін басты автокөлік көпірі. Ол бас қаланың оң және сол жағалауын байланыстырып тұр.
Мост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы - Sputnik Қазақстан
7/17
Керме көпір – Нұр-Сұлтандағы Есіл өзені арқылы өтетін басты автокөлік көпірі. Ол бас қаланың оң және сол жағалауын байланыстырып тұр.
© Sputnik / Владислав ВодневЕсіл өзеніндегі теплоходтар. Нұр-Сұлтан жағалауы - қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Себебі Орталық саябақ та қол созым жерде орналасқан. Ал саябақ дәмді тамақтануға, жаяу серуендеуге немесе велосипед тебуге, таза ауада ойды тынықтыруға таптырмас орын.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
8/17
Есіл өзеніндегі теплоходтар. Нұр-Сұлтан жағалауы - қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Себебі Орталық саябақ та қол созым жерде орналасқан. Ал саябақ дәмді тамақтануға, жаяу серуендеуге немесе велосипед тебуге, таза ауада ойды тынықтыруға таптырмас орын.
© Sputnik / Владислав Воднев"Астана Триумфы" тұрғын үй кешені елордадағы елеулі ғимараттың бірі. Бұл Қазақстанның жаңа бас қаласының дамуын айшықтайтын нысанға айналды. Ол 2006 жылы салынды.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
9/17
"Астана Триумфы" тұрғын үй кешені елордадағы елеулі ғимараттың бірі. Бұл Қазақстанның жаңа бас қаласының дамуын айшықтайтын нысанға айналды. Ол 2006 жылы салынды.
© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласындағы Рыскелді қажы атындағы мешіт. Мешіт кейпі төңкеріліп тұрған лотос гүлін елестетеді.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
10/17
Нұр-Сұлтан қаласындағы Рыскелді қажы атындағы мешіт. Мешіт кейпі төңкеріліп тұрған лотос гүлін елестетеді.
© Sputnik / Владислав ВодневБейбітшілік және келісім сарайының жоғарыдан түсірілген бейнесі. Халық арасында оны "Пирамида" деп атайды. Бұл нысанның авторы - танымал архитектор, сэр Норман Фостер.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
11/17
Бейбітшілік және келісім сарайының жоғарыдан түсірілген бейнесі. Халық арасында оны "Пирамида" деп атайды. Бұл нысанның авторы - танымал архитектор, сэр Норман Фостер.
© Sputnik / Владислав ВодневЕлорданың шетіндегі жаңа ықшамаудандар
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
12/17
Елорданың шетіндегі жаңа ықшамаудандар
© Sputnik / Владислав ВодневҒарыш музейі және тасымалдаушы зымырандар макетінің күн батып бара жатқан сәттегі көрінісі. Ашық аспан астындағы музей экспозициясы елорданың сол жағалауында орналасқан. Мұнда "Союз", "Протон", "Зенит" зымыран тасымалдағыштары мен "Буран" орбитааралық кемесінің макеттері бар.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
13/17
Ғарыш музейі және тасымалдаушы зымырандар макетінің күн батып бара жатқан сәттегі көрінісі. Ашық аспан астындағы музей экспозициясы елорданың сол жағалауында орналасқан. Мұнда "Союз", "Протон", "Зенит" зымыран тасымалдағыштары мен "Буран" орбитааралық кемесінің макеттері бар.
© Sputnik / Владислав Воднев"Шабыт" сарайы - Нұр-Сұлтанның жаңа әкімшілік орталығында орналасқан айрықша кешен. Оның жанында "Қазақ Елі" монументі, Тәуелсіздік сарайы, "Әзірет Сұлтан" мешіті сынды басқа да сәулетті ғимараттар орын тепкен.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
14/17
"Шабыт" сарайы - Нұр-Сұлтанның жаңа әкімшілік орталығында орналасқан айрықша кешен. Оның жанында "Қазақ Елі" монументі, Тәуелсіздік сарайы, "Әзірет Сұлтан" мешіті сынды басқа да сәулетті ғимараттар орын тепкен.
© Sputnik / Владислав ВодневБас қалада бой көтеріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінің ең биік мұнарасына "Қазақстан" деген атау берілді. "Әбу-Даби Плаза" кешені бас қаланың ерекшелігін айшықтайтын кезекті ғимаратқа айналуда.
Башня Казахстан комплекса Абу-Даби Плаза - Sputnik Қазақстан
15/17
Бас қалада бой көтеріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінің ең биік мұнарасына "Қазақстан" деген атау берілді. "Әбу-Даби Плаза" кешені бас қаланың ерекшелігін айшықтайтын кезекті ғимаратқа айналуда.
© Sputnik / Владислав Воднев"Алау" мұз айдыны — елордадағы жабық коньки тебу стадионы. Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттығу және спорт жарыстарын өткізуге арналған.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
16/17
"Алау" мұз айдыны — елордадағы жабық коньки тебу стадионы. Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттығу және спорт жарыстарын өткізуге арналған.
© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанның таңсәрідегі көрінісі. Елорданың құс ұшар биіктіктен түсірілген кейпі.
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан
17/17
Нұр-Сұлтанның таңсәрідегі көрінісі. Елорданың құс ұшар биіктіктен түсірілген кейпі.
Жаңалықтар
0