Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Тұтқиылдан басталған соғыс: 1941 жылдың 22 маусымы қандай күн болды – архив суреттері

Жазылу
Ұлы Отан соғысы басталған күннен бері 80 жыл өтті. 1941 жылдың 22 маусымы тарихқа қаралы күн ретінде енді. Соғыстың алғашқы күндері туралы Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан оқи аласыз

1941 жылдың 22 маусымы жаздың жаймашуақ күні еді. Сондықтан Кеңес Одағына қарсы соғыс басталғаны туралы суық хабар осы күнгі көңіл-күймен үйлесім таппады.

Әйтсе де бұл күн адамзат тарихындағы миллиондаған адамның өмірін жалмаған сұрапыл соғыстың бастауы болды. 

Соғыс жылдарында Қызыл армия қатарына бұрынғы КСРО-дан 35 миллион адам жұмылдырылды. Майданға 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды.

1941-1945 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-ның 27 миллион тұрғыны көз жұмды.

Ресми мәліметке сәйкес, 271 қазақстандық әлі күнге дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр.

Архивте сақталған бұл суреттер соғыстың алғашқы күндерінде адамдардың алаңдаушылығы мен үрейін, айналадағы жағдайды боямасыз көрсетеді.

© Sputnik / Медиабанкке өту1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Нева даңғылы. Ленинград тұрғындары 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына соғыс ашқаны туралы хабарламаны радиодан тыңдап тұр.
Великая Отечественная война 1941-1945 гг. Невский проспект. Жители Ленинграда 22 июня 1941 года во время объявления по радио правительственного сообщения о нападении фашистской Германии на Советский Союз - Sputnik Қазақстан
1/17
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Нева даңғылы. Ленинград тұрғындары 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына соғыс ашқаны туралы хабарламаны радиодан тыңдап тұр.
© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуКеңес Одағының миллиондаған тұрғыны "Бүгін, 22 маусымда, сағат таңғы 4-те фашистік әскер алдын ала хабарлаусыз біздің шекарамызға басып кірді" деген суыт хабар естіді. Осылай Ұлы Отан соғысы басталды.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
2/17
Кеңес Одағының миллиондаған тұрғыны "Бүгін, 22 маусымда, сағат таңғы 4-те фашистік әскер алдын ала хабарлаусыз біздің шекарамызға басып кірді" деген суыт хабар естіді. Осылай Ұлы Отан соғысы басталды.
© Sputnik / Медиабанкке өту1941 жылдың 22 маусымында неміс авиациясы кеңес қалаларын бомбалады. Германия КСРО-ға қарсы соғыс ашты. "Кеңес халқының Ұлы жеңісі" деректі фильмінен үзінді.
22 июня 1941 года немецкая авиация бомбит советские города. Германия начала войну против СССР. Кадр из документального фильма Великая Победа советского народа - Sputnik Қазақстан
3/17
1941 жылдың 22 маусымында неміс авиациясы кеңес қалаларын бомбалады. Германия КСРО-ға қарсы соғыс ашты. "Кеңес халқының Ұлы жеңісі" деректі фильмінен үзінді.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өту"Біз жауды жеңеміз. Жеңіс біздікі!" – Отан қорғаушылар осы сөздерді ұрандатқан күйі соғысқа аттанды.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
4/17
"Біз жауды жеңеміз. Жеңіс біздікі!" – Отан қорғаушылар осы сөздерді ұрандатқан күйі соғысқа аттанды.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуМайданға қабылдайтын орындар барлық әскери қолбасшылықта ашылып, жас сарбаздарға әскери киім-кешек пен қару берілді.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
5/17
Майданға қабылдайтын орындар барлық әскери қолбасшылықта ашылып, жас сарбаздарға әскери киім-кешек пен қару берілді.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуСоғысқа кеткен азаматтың тек бірлі-сараны ғана елге аман оралды.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
6/17
Соғысқа кеткен азаматтың тек бірлі-сараны ғана елге аман оралды.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуАл осы уақытта фашистік бомбалаушылар балалар, әйелдер мен қариялар сынды қорғансыз адамдардың өмірін қиып жатты. Суретте: оқ астында қалған Красная слобода аулы, Брянск майданы, 1941 жыл.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
7/17
Ал осы уақытта фашистік бомбалаушылар балалар, әйелдер мен қариялар сынды қорғансыз адамдардың өмірін қиып жатты. Суретте: оқ астында қалған Красная слобода аулы, Брянск майданы, 1941 жыл.
© Sputnik / Василий Савранский / Медиабанкке өтуҚаланы қорғауға тек әскери қызметшілер емес, бейбіт тұрғындар да етене араласты.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
8/17
Қаланы қорғауға тек әскери қызметшілер емес, бейбіт тұрғындар да етене араласты.
© Sputnik / Евгений Халдей / Медиабанкке өтуАдам шығыны туралы алғашқы мәлімет, жау қолында қалған алғашқы қалалар. Суретте: Мәскеу тұрғындары фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы туралы хабарламаны тыңдап тұр. 1941 жылдың 22 маусымы.
Великая Отечественная война 1941-1945 годов. Жители столицы 22 июня 1941 года во время объявления по радио правительственного сообщения о вероломном нападении фашистской Германии на Советский Союз. - Sputnik Қазақстан
9/17
Адам шығыны туралы алғашқы мәлімет, жау қолында қалған алғашқы қалалар. Суретте: Мәскеу тұрғындары фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы туралы хабарламаны тыңдап тұр. 1941 жылдың 22 маусымы.
© Sputnik / Георгий Зельма / Медиабанкке өтуКишиневте фашистердің әуедегі шабуылынан кейін медбикелер жаралыларға алғашқы көмек көрсетіп жатыр.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
10/17
Кишиневте фашистердің әуедегі шабуылынан кейін медбикелер жаралыларға алғашқы көмек көрсетіп жатыр.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуСоғыстан суыт хабар келіп жатты. Еріктілер әскери қолбасшылық алдында сағаттап кезек күтіп, майданға аттануда. Суретте: Мәскеу, 1941 жылдың 23 маусымы.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
11/17
Соғыстан суыт хабар келіп жатты. Еріктілер әскери қолбасшылық алдында сағаттап кезек күтіп, майданға аттануда. Суретте: Мәскеу, 1941 жылдың 23 маусымы.
© Sputnik / Александр Дитлов / Медиабанкке өтуАлғашқы соққы шекараға жақын орналасқан аудандарға жасалды. Үрейленген халық үйлерін тастап, бас сауғалап жатыр. Суретте: Беларусь, 1941 жылдың 1 шілдесі.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
12/17
Алғашқы соққы шекараға жақын орналасқан аудандарға жасалды. Үрейленген халық үйлерін тастап, бас сауғалап жатыр. Суретте: Беларусь, 1941 жылдың 1 шілдесі.
© Sputnik / Григорий Чертов / Медиабанкке өтуҰлы Отан соғысының алғашқы күндері Ленинградта қағылған әуе дабылы.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
13/17
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері Ленинградта қағылған әуе дабылы.
© Sputnik / Георгий Зельма / Медиабанкке өтуҚорғаныс шебі КСРО шекарасынан бара-бара алыстап жатты. Сондықтан фашистер шабуыл жасаған қалаларды жылдар бойы жау қолында қалдырып кетуге тура келді.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
14/17
Қорғаныс шебі КСРО шекарасынан бара-бара алыстап жатты. Сондықтан фашистер шабуыл жасаған қалаларды жылдар бойы жау қолында қалдырып кетуге тура келді.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуБарлығы майдан үшін! Тылдағы еңбеккерлер осы ұранды соғыс жылдары берік ұстанды. Эвакуацияланған зауыттар тылға көшіріліп, күшейтілген режимде жұмыс істеді
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
15/17
Барлығы майдан үшін! Тылдағы еңбеккерлер осы ұранды соғыс жылдары берік ұстанды. Эвакуацияланған зауыттар тылға көшіріліп, күшейтілген режимде жұмыс істеді
© Photo : Государственный архив Карагандинской области Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 35 миллион тонна көмір өндірді, мұнай өндірісі 39 процентке артты. Қазақстан соғыс арсеналына айналып, барлық ірі кәсіпорын әскери өнім шығаруға көшті. Суретте: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қарағандыдағы жұмысшылар.
Рабочие-стахановцы в годы ВОВ в Караганде - Sputnik Қазақстан
16/17
Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 35 миллион тонна көмір өндірді, мұнай өндірісі 39 процентке артты. Қазақстан соғыс арсеналына айналып, барлық ірі кәсіпорын әскери өнім шығаруға көшті. Суретте: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қарағандыдағы жұмысшылар.
© Sputnik / Виктор Кинеловский / Медиабанкке өтуҰОС батыры Бауыржан Момышұлы былай деп жазды: "Бұл соғыс қазақ халқының тарихында бетбұрыс кезеңіне айналды да, миллиондаған отандасымыздың жүрегінде өшпес із қалдырды". Суретте: 19-шы гвардиялық атқыштар полкінің командирі Бауыржан Момышұлы әскери дайындығын жетілдіруде.
Командир 19-го гвардейского стрелкового полка Бауыржан Момышулы - Sputnik Қазақстан
17/17
ҰОС батыры Бауыржан Момышұлы былай деп жазды: "Бұл соғыс қазақ халқының тарихында бетбұрыс кезеңіне айналды да, миллиондаған отандасымыздың жүрегінде өшпес із қалдырды". Суретте: 19-шы гвардиялық атқыштар полкінің командирі Бауыржан Момышұлы әскери дайындығын жетілдіруде.
Жаңалықтар
0