16:24 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
© Sputnik / Тимур Батыршин
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры – Қазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр. 1933 жылы Бүкілодақтық байқауда жұмысы мәскеулік сәулетші Н.А.Кругловтың жобасы бойынша театрдың ғимаратының құрылысы 1936 жылы басталып, 1941 жылы аяқталды. 1941 жылы 7 қарашада театр өз ғимаратында жұмысын бастады. Осы жылы театр академиялық мәртебесін алып, 1945 жылы Абай есімі берілді. Театр 793 көрерменге лайықталған.

Алматы – Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан қала. Тарихы Ресей үкіметінің 1854 жылы Верный әскери бекінісін құруымен байланысты бұл қала талай тарихи оқиғаға куә болған

Қазақстандағы ең алғашқы оқу орны 1928 жылы осы қалада бой көтерген. Талай спортшының басын қосқан Медеу мұз айдыны да Алматыда тұр. Мәдени астанада өткен ғасырдың бірінші жартысында бой көтерген театрлар әлі күнге дейін көрерменін қуантып келеді. Алматы 1997 жылға дейін Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды, дәл осы қалада елдің алғашқы президентінің ұлықтау рәсімі өтіп, қызметіне ресми түрде осы жерде кірісті.

Қазір қалада екі миллионға жуық адам тұрады. Қаланың жер аумағы – 682 мың шаршы метр.

Тарихқа толы қаладағы ескі ғимараттардың фотосын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

Кілт сөздер:
Алматы, ғимараттар, фото
Загрузка...

Басты тақырып