Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Картиналарға "жан бітті": Нью-Йорктегі Ван Гог мультимедиялық көрмесі – фото

Жазылу
"Иммерсивті Ван Гог" көрмесіне келушілер ұлы импрессионистің өзімен тілдескендей күй кешті. Себебі олар Ван Гог картиналарының ішіне ене алды

Нью-Йоркте Ван Гог шығармашылығына жақыннан үңілуге және экстремалды импрессиноистің қолынан шыққан картиналардың бір бөлігіне айналуға мүмкіндік беретін таңғажайып мультимедиялық көрме өтті. 

Бұған дейін дәл осы көрме Американың басқа қалаларында да сәтті ұйымдастырылып, өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды.

"Иммервисті Ван Гог" көрмесі – бүкіл әлемге танымал цифрлық өнер шебері Массимилиано Сиккардидің еңбегі. Көрмені тамашалағандар "жан біткен", анимацияланған картиналармен етене бітісе алады.

Еденнен ғимарат төбесіне дейін созылған аса биік күнбағыс адамдарды қаншалықты таңғалдырғанын айтпаса да түсінікті болар. Ван Гог "Күнбағыстары" көрерменді қаумалап алғандай әсер береді.

Ал "Жұлдызды аспанға" көз салған кей көрермен тіпті көзіне жас алатын көрінеді. Себебі тұңғиық аспан іштегі алай-дүлей сезімді оятатыны анық.

Бұл көрмеде импрессионистің бірқатар танымал картинасы ұсынылған. Олардың қатарында суретшінің автопортреті де бар. Сондықтан бұл Ван Гогтың жүзіне баппен үңілудің қайталанбас сәті болады.

Өнертанушылар болашақта көптеген картина дәл осы мультимедиялық форматта ұсынылатынын болжауда. Себебі өнерді жоғары бағалайтын азаматтар үшін бұл суретшінің шығармашылығымен, туындыларымен тереңірек танысудың мүмкіндігі.

© AFP 2024 / JUSTIN SULLIVANЗаманауи цифрлық технологиялар ХІХ ғасырдың ұлы импрессионисінің қолынан шыққан туындыларға жан бітірді. Суретте: "Иммерсивті Ван Гог" көрмесіне келушілер суретшінің "Күнбағыс" атты картинасын тамашалап тұр.
Гости просматривают иммерсивную выставку Ван Гога во время предварительного просмотра СМИ в SVN West 16 марта 2021 года в Сан-Франциско, Калифорния. «Иммерсивный Ван Гог» - Sputnik Қазақстан
1/13
Заманауи цифрлық технологиялар ХІХ ғасырдың ұлы импрессионисінің қолынан шыққан туындыларға жан бітірді. Суретте: "Иммерсивті Ван Гог" көрмесіне келушілер суретшінің "Күнбағыс" атты картинасын тамашалап тұр.
© AFP 2024 / JUSTIN SULLIVANСуретте: Ван Гогтың "Жұлдызды аспан астындағы Рона" картинасының проекциясы. Анимацияланған аспан мен жұлдыздарға қараған кейбір көрерменнің көңілі босайды екен.
Гости просматривают иммерсивную выставку Ван Гога во время предварительного просмотра СМИ в SVN West 16 марта 2021 года в Сан-Франциско, Калифорния. «Иммерсивный Ван Гог» - Sputnik Қазақстан
2/13
Суретте: Ван Гогтың "Жұлдызды аспан астындағы Рона" картинасының проекциясы. Анимацияланған аспан мен жұлдыздарға қараған кейбір көрерменнің көңілі босайды екен.
© AP Photo / John Minchillo"Иммерсивті Ван Гог" мультимедиялық шоуына келушілер картиналардың ішіне енгендей күй кешеді.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
3/13
"Иммерсивті Ван Гог" мультимедиялық шоуына келушілер картиналардың ішіне енгендей күй кешеді.
© AP Photo / John MinchilloЦифрлық өнердің ерекше көрмесі заманауи технологиялар мен әлемдік деңгейдегі анимацияны қамтиды.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
4/13
Цифрлық өнердің ерекше көрмесі заманауи технологиялар мен әлемдік деңгейдегі анимацияны қамтиды.
© AP Photo / John MinchilloБұл Ван Гог шығармашылығын бағалайтындар үшін суретшінің туындыларын тамашалаудың керемет әдісі.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
5/13
Бұл Ван Гог шығармашылығын бағалайтындар үшін суретшінің туындыларын тамашалаудың керемет әдісі.
© AP Photo / John MinchilloВан Гогтың "Картоп жеп отырғандар", "Жұлдызды аспан", "Күнбағыс", "Арльдегі суретшінің жатын бөлмесі" сынды туындыларының анимациясы көрме бөлмелерінің қабырғалары, төбесі және еденіне дейін төселген.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
6/13
Ван Гогтың "Картоп жеп отырғандар", "Жұлдызды аспан", "Күнбағыс", "Арльдегі суретшінің жатын бөлмесі" сынды туындыларының анимациясы көрме бөлмелерінің қабырғалары, төбесі және еденіне дейін төселген.
© AP Photo / John MinchilloОсы тектес мультимедиялық шоу АҚШ-тың бірқатар ірі қаласында сәтті өтті.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
7/13
Осы тектес мультимедиялық шоу АҚШ-тың бірқатар ірі қаласында сәтті өтті.
© AP Photo / John MinchilloКөрмені өткізу кезінде коронавирустың таралуына жол бермейтін барлық сақтық шаралары қарастырылып жатқанын ескеру керек.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
8/13
Көрмені өткізу кезінде коронавирустың таралуына жол бермейтін барлық сақтық шаралары қарастырылып жатқанын ескеру керек.
© AP Photo / John MinchilloКартиналардың цифрлық проекцияларынан бөлек бөлме қабырғалары мен еденіне әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған арнайы белгілер орналастырылған.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
9/13
Картиналардың цифрлық проекцияларынан бөлек бөлме қабырғалары мен еденіне әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған арнайы белгілер орналастырылған.
© AP Photo / John MinchilloБұл мультимедиялық шоуды өнертанушылар мен жұртшылық өте жоғары бағалады.
Посетители на иммерсивной выставке Ван Гога в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
10/13
Бұл мультимедиялық шоуды өнертанушылар мен жұртшылық өте жоғары бағалады.
© AFP 2024 / JUSTIN SULLIVANБөлменің төбесіне дейін жететін алып күнбағыстар көрерменді қоршап алғандай әсер қалдырады.
Гости просматривают иммерсивную выставку Ван Гога во время предварительного просмотра СМИ в SVN West 16 марта 2021 года в Сан-Франциско, Калифорния. «Иммерсивный Ван Гог» - Sputnik Қазақстан
11/13
Бөлменің төбесіне дейін жететін алып күнбағыстар көрерменді қоршап алғандай әсер қалдырады.
© AFP 2024 / JUSTIN SULLIVANҰлы импрессионистің иммерсивті шоуының билеті 20-70 доллар шамасында тұрады. Алайда көркем сурет өнерін бағалайтындар Ван Гог туындыларын айрықша форматта тамашалау үшін ақша аямайды.
Гости просматривают иммерсивную выставку Ван Гога во время предварительного просмотра СМИ в SVN West 16 марта 2021 года в Сан-Франциско, Калифорния. «Иммерсивный Ван Гог» - Sputnik Қазақстан
12/13
Ұлы импрессионистің иммерсивті шоуының билеті 20-70 доллар шамасында тұрады. Алайда көркем сурет өнерін бағалайтындар Ван Гог туындыларын айрықша форматта тамашалау үшін ақша аямайды.
© AFP 2024 / JUSTIN SULLIVANКөрме барысында Винсент Ван Гогтың танымал туындыларымен жақын танысып, ерекше сезімді бастан кешіруге болады. Суретте: көрермендер қалпақ киген ұлы суретші-постимпрессионистің автопортретін тамашалап тұр.
Гости просматривают иммерсивную выставку Ван Гога во время предварительного просмотра СМИ в SVN West 16 марта 2021 года в Сан-Франциско, Калифорния. «Иммерсивный Ван Гог» - Sputnik Қазақстан
13/13
Көрме барысында Винсент Ван Гогтың танымал туындыларымен жақын танысып, ерекше сезімді бастан кешіруге болады. Суретте: көрермендер қалпақ киген ұлы суретші-постимпрессионистің автопортретін тамашалап тұр.
Жаңалықтар
0