23:48 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
© AFP 2021 / Glyn Kirk
Жасанды интеллектісі бар андроид-суретші Ай-Да бірнеше компанияның бірлескен еңбегі мен жасанды интеллект саласындағы ең заманауи технологияларды пайдалануы арқасында құрылды. Оны құрастыру аясында бағдарламашылар, робототехника мамандары, өнер психологтары жұмыс істеді.

Жасанды интеллектісі бар әлемдегі алғашқы суретшінің жаңа туындылары өнертанушылар мен жалпы әсемдікті сүйетін жанды бей-жай қалдырмайды

Робот-суретші Ай-Да ұсынған автопортреттер топтамасын көптеген сыншылар көркемдік құндылығы жоғары деп бағалады.

Ай-Да 2019 жылы құрастырылғаннан кейін TEDx конференциясында баяндама жасап, бүгінде жеке көрмесі аясында қызу еңбектеніп жатыр. Роботты құрастырушылар адамгершілік пен технология арасындағы шекара жайында адамдарға ой салуды өз мақсаттары деп танитындарын айтты.

Ал Ай-Да не себепті ол өзінің суретін салуға құмартқаны туралы сұраққа "маған қарағанда адамдар нені көретінін түсінгім келеді" деп жауап берген.

Оқи отырыңыз: Istanbul Photo Awards-2021 фотобайқауы: қандай сурет жеңімпаз атанды – фото

Роботтың автопортреттері көрерермен назарына ұсынылған Лондон музейіндегі Ай-Да көрмесін ұйымдастырушылардың бірі жасанды интеллекттің рөлі туралы пікірталас бүгінде өте өзекті болып отырғанын айтты. Бұған адам баласының пандемияға байланысты екінші жыл қатарынан үйқамақта отыруы кезінде жасанды интеллект ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануы да себеп.

Суретшілердің пікірінше, "Ай-Да: робот портреті" көрмесі автопортрет мәселесінде сұрақтарға түрткі болып, адамзат пен өнердің арасындағы сәйкестікке қатысты күмән тудырып отыр. Ай-Да жұмыстары ішкі "мен" дегені жоқ адамның "селфиін" бейнелей отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

Кілт сөздер:
фото, жасанды интеллект, робот
Загрузка...

Басты тақырып