"Әлем аруы 2021" байқауында Мексиканың атынан қатысқан Андреа Меза бас жүлдені иемденді. Ол 1994 жылдың 13 тамызында Мексиканың солтүстігінде орналасқан Чиуауа атты қаласында туған. Оның жасы 26-да. Оның отбасында қытай мен мексикалықтардың ұрпағы бар.
Андреа Меза нағыз ақылына көркі сай сұлу. Ол орта мектепті жақсы бағамен аяқтаған соң, жергілікті университетке оқуға түсіп, программалық қамтамасыз ету мамандығын игерген. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін ғалам аруы диплом алып, ІТ саласында "инженер-программист" мамандығы бойынша қызметін бастаған.
Ол осы жұмысымен бірге сән әлеміндегі қызметпен де әуестенген.
"Ғалам аруы 2021" байқауына қатысқанға дейін бірнеше жыл бұрын ол "Әлем аруы" байқауы мен осы саладағы түрлі деңгейдегі басқа конкурстарға да қатысқан.
"Ғалам аруы" байқауында жеңіске жеткен Андреа Меза аталған жарыста басына тәж киген үшінші мексикалық бойжеткен. Оның алдында Лупита Джонс пен Химена Наваррате жеңіске жеткен болатын.
Оқи отырыңыз: "Оскарға" жұлдыздар не киеді: жұрттың қызу талқысына түскен көйлектер – фото
Андреа Меза экстремалды спорт түрлерін аса жақсы көреді. Ол – Чиуауа қаласындағы туристік брендтің ресми елшісі.
Сонымен қатар әйел құқығы үшін күрес жүргізіп, гендерлік теңсіздік тоқтатылуын насихаттаумен айналысады.
69-шы рет өткізіліп отырған "Ғалам аруы" байқауында Андреа Меза қазылар алқасын өзінің көркімен, ақылымен баурап алып, әлем елдерінен келген жетпістен астам бәсекелесінен озып шықты.