23:31 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
  • Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музей  2002 жылдың 12 қаңтарында мемлекет және қоғам қайраткерінің 90 жылдығына арнап салтанатты түрде ашылды. Музей Алматы қаласында Төлебаев, 117 мекенжайында орналасқан.
  • Музей екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта қоғам қайраткерінің өмірбаяны көрсетілген, ал екінші қабатында композитор Латиф Хамидидің төрт бөлмелі пәтері болған.
  • Дінмұхамед Ахметұлы отбасында үшінші бала, ұлдың ішінде тұңғышы.
  • Қонаевтың ататегі.
  • Балқаш мыс қорыту зауытының алғашқы мыс үлгісі
  • Дінмұхамед Қонаев 1937 жылы болашақ жары Зухра Шәріпқызын кездестірген.
  • Әкесі Меңліахметтің аяқ киім жөндейтін құрал-жабдығы.
  • Қонаев 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
  • Қонаев соғыс жылдарында үкімет басында қызмет етті. 1942-1952 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
  • Қонаев 1972 жылы алтын орақ пен балға, алтын жұлдыз бейнеленген Социалистік еңбек ері медалімен марапатталған.
  • Дінмұхамед Ахметұлының жеке заттары.
  • 1955-1960 жылдары Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болып тұрған кездегі жұмыс үстелі.
  • Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі
  • Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тұрған үй.
  • Диар Асқарұлы сол үйдің мұрагері болып қалған. Диар Асқарұлы 2012 жылға дейін 18 жыл сол үйде тұрған. 2012 жылы үйді үкіметке өткізген.
  • Қонаев өмірбойы қызметтік көлікпен жүрген.
  • Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жұмыс үстелі
  • Жұмыс үстеліндегі қолжазба
  • Қонаевтың жеке жұмыс бөлмесінде бес мыңнан аса кітап бар.
  • Дінмұхамед Қонаевтың жиен қарындасы Жәннат Дәулетқызы айтуынша, мемориалды пәтер ішінде 450-ге жуық оттық бар.
  • Ұлыбритания премьер-министрі Энтони Иден  сыйлығы.
  • Жапонияның премьер-министрі, Мысыр президенті, АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедидің отбасы сыйға тартқан оттық
  • Дінмұхамед Қонаевтың қарындасының қызы
  • Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызы тұрған үй сол қалпын сақтап қалған
  • Жатын бөлмесі
  • Зухра Шәріпқызы қолөнермен айналысқан. Үйінің ішіндегі жастықтың бәрін өзі тіккен.
  • Дінмұхамед Қонаевтың ең сүйікті сыйлығының бірі.
  • Жібектен тоқылған Қонаевтың суреті
  • Музей қызметкерлерінің айтуынша, мұнда келетіндер саны көп. Музейге кіру құны да қолжетімді.
  • 2020 жылдың қыркүйегінде музейге қазақстандық әнші Димаш Құдайберген келген. Фотода Димаш Құдайбергеннің жылы лебізі жазылған бет түсірілген
© Sputnik / Тимур Батыршин
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музей 2002 жылдың 12 қаңтарында мемлекет және қоғам қайраткерінің 90 жылдығына арнап салтанатты түрде ашылды. Музей Алматы қаласында Төлебаев, 117 мекенжайында орналасқан.

Алматы қаласында Төлебаев көшесінде орналасқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музей  2002 жылдың 12 қаңтарында мемлекет және қоғам қайраткерінің 90 жылдық мерейтойына арнап ашылған

Музей екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта қоғам қайраткерінің өмірбаяны көрсетілген. Бұл ғимарат бір кездері композиторлар үйі болған, ал екінші қабатында композитор Латиф Хамидидің төрт бөлмелі пәтері орналасқан.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы Алматы қаласында туған. Қарапайым, шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Қонаев пен анасы Зәуре Шымболатова екеуі 70 жыл қиындықта да, қуанышта да бірге болған. Анасы 11 бала дүниеге әкелген, ал Дінмұхамед Ахметұлы отбасында үшінші бала, ұлдың ішінде тұңғышы.

1931-36 жылдар аралығында Дінмұхамед Ахметұлы Мәскеудегі түсті металл институтында білім алды. Оқуды тәмамдаған соң Балқаш мыс қорыту комбинатына бұрғылау станогының машинисі болып жұмысқа орналасады. 

Дінмұхамед Қонаев 1937 жылы болашақ жары, татар қызы Зухра Шәріпқызын кездестіреді. Екеуі 1939 жылы шаңырақ көтерген.

Ол соғыс жылдарында үкімет басында қызмет етті. 1942-1952 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1952 жылы Қонаев Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. 

1955 жылы Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды. Бұл қызметті бес жыл атқарды. Бес жылдан кейін Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне келді. 1960-1986 жылдары осы қызметті атқарды.

Оқи отырыңыз: Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өмірінің соңында қайда тұрды – фото

Алматыдағы мұражай екі нысаннан тұрады. Бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тұрған үй. Ол Қонаевтың мемориалды пәтері деп аталады. Осыдан 9 жыл бұрын, 2012 жылдың 12 қаңтарында мемлекет қайраткерінің 100 жылдық мерейтойына байланысты ашылған. Қонаев мұнда 1969-1993 жыл аралығында тұрған.

Дінмұхамед Қонаевтың артында ұрпақ қалмады. Алайда інісі Асқардың баласы Диар мұрагері саналады. 1990 жылы Дінмұхамед Ахметұлының жары Зухра Шәріпқызы дүниеден өтті. Сол кезде Димекең үйде жалғыз қалмасын деген оймен Диар Асқарұлы Қонаев жұбайы, ұлы Димашпен бірге қазіргі Төлебаев көшесінде орналасқан үйге көшіп барған.

1993 жылы 81 жасында Дінмұхамед Қонаев дүниеден өтті. Диар Асқарұлы 2012 жылы үйді үкіметке өткізді.

Музей қазір Алматы қаласы мәдениет басқармасы "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" құрамына кіреді.

Екі мұражайға кіру құны ересектер үшін – 800 теңге, студенттерге – 300 теңге, оқушыларға – 200 теңге, зейнеткерлер үшін 100 теңге.

Кілт сөздер:
музей, фото, Мұхтар Әуезов
Загрузка...

Басты тақырып