23:08 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
  • Мусульмане Казахстана отмечают праздник Ораза айт
  • Айт намаз во дворе мечети
  • Мусульмане собираются вокруг Каабы в Мекке после завершения священного месяца Рамазан
© AP Photo / Nabil al-Jurani
Ирактың Басра қаласында әйел адам Ораза айттың бірінші күнінде пісірілген тәттіні алып барады. Бұл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының аяқталуына орайластырылған діни мереке.

Күні кеше ғана Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай Ораза айт мерекесін атап өтті

Таң қылаң берген шақта мұсылмандар тұратын әрбір елдегі мешіттерде айт намазы оқылды

Қазақстанда Айт намазы коронавирустан қорғайтын шараларды сақтай отырып, таза ауада өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған ережеге сәйкес, намаз оқу кезінде барлық дұға етушілер бетперде тағуы керек және намаздан кейін қол алысуға тыйым салынды. Өткен жылы карантинге байланысты жамағатпен намаз оқу болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда Құрбан айт қашан және қалай аталып өтеді

Әлем бойынша миллиондаған діндар мешітке келіп, Рамазан айының аяқталуына орай Аллаға құлшылық етті.

Бұл діни мереке кезінде игі істер жасап, айналадағы адамдарға қамқорлық таныту керек. Сонымен қатар мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетудің де сауабы мол. Кешірім сұрап, жақсылық тілеу – Ораза айттың  басты қағидасы.

Әлем мұсылмандары Ораза айтты қалай қарсы алғаны туралы төмендегі материалда.

Кілт сөздер:
мешіт, ислам діні, Рамазан, Ораза
Загрузка...

Басты тақырып