04:17 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Фото

Алматыдағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер – фото

Қысқа сілтеме алу
102 0 0
  • Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ
  • Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды
  • Мемориалдың орталық бөлігі
  • Жеңіс күні қарсаңында Алматы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Мәңгілік алау маңын күзетеді
  • Лабрадориттен жасалған текшелер
  • Бауыржан Момышұлының монументі
  • Момышұлы ескерткішінің жанына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қарулар орнатылған
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы – Киров Қызыл ту крейсерінің қаруы
  • Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті
  • Панфиловшылар аллеясы саябақтың ішінде Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін созылып жатыр
  • Аллеяның бойында екі жағында 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған
  • 1993 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді
  • Кеңес Одағының батыры, қазақстандық пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы орнатылды
  • Ол мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдындағы скверде орналасқан
  • Әскери киім киген Кеңес Одағының батыр қыздарының мүсіндері қара және сұр граниттен жасалған.
  • Отан ұлдарына мәңгілік естелік мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан.
  • 2019 жылдың күзінде ескерткішті бәзбіреулер бұзып кеткен
  • Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ мемориалы Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.
  • Кеудесінде Даңқ ордені бар жауынгердің бейнесі
  • Ол жерге Алматы госпиталінде жарақаттан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген
  • Жамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан.
  • Жыл сайын алматылықтар Ленинградтық өренім! өлеңі үшін ақынға құрмет көрсетеді
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін еске салатын мегаполистің ең көрнекті орны болып табылады

Бір жарым миллионға жуық қазақстандық Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін шайқасқа аттанып, қан майданға қатысты. Оның 600 мыңнан астамы ерлікпен қаза тапты

Алматыда ерлікпен қаза тапқан және қан майданда Отан үшін от кешкен қазақстандық батырларға арналған ескерткіштерді Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ

Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ қазақстандықтардың ерлігін еске салатын мегаполистің ең көрнекті орны саналады. Саябаққа бұл атау Мәскеуді қорғау кезінде Ұлы Отан соғысы жылдарында 316-шы атқыштар дивизиясының 1075-полкінің 28 жауынгерінің жасаған ерлігін есте сақтау мақсатында берілген.

Саябақтағы мәңгілік алау Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды.

Мемориалдың ортасында ерліктің белгісі болып Мәскеуді ерлікпен қорғаған батыр-панфиловшылар бейнеленген. Оның алдында мәңгілік алау тұр. 2010 жылы саябақтың солтүстік жағында Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, Мәскеу шайқасына қатысушы Бауыржан Момышұлының монументі орнатылды. Ол Панфилов дивизиясында Талғар атқыштар полкінің 1073-батальонына басшылық етті.

Саябаққа Оңтүстік жақтан кірген жерге 316-шы атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті қойылған. Аты аңызға айналған командир 1941 жылы 18 қарашада Мәскеу маңындағы Гусенево ауылында қайтыс болды.

Генерал Панфилов ескерткішінен кейін бірден батыр-панфиловшылар аллеясы басталады. Ол саябақ аумағын Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін жалғасады. Оның бойында екі жағында 28 панфиловшы батырлардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған.

1993 жылы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді.

Әлия мен Мәншүк ескерткіші

Екі қазақстандық, Кеңес Одағының батырлары, пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдына орнатылды.

Әскери киім киген қыздардың мүсіні қара және сұр граниттен жасалған. Мүсінші Сатыбалдин қос қыздан бөлек ескерткішке Жер ғаламшары мен бейбітшіліктің символы көгершіндерді ұшырып тұрған сәбилерді де қосқан. Бұл жер бетінде мәңгі тыныш болсын деген ниеттен туған.

"Отан ұлдарына мәңгілік естелік"мемориалы

"Отан ұлдарына мәңгілік естелік" мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан. Оның ортасында сол қолында ППШ автоматы бар қазақстандық солдаттың мүсіні орналасқан кешен бар. Сол жақта, гранит плитасына Ұлы Отан соғысы жылдары және майданда қаза тапқан 96 қазақстандықтың фамилиясы жазылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновтің алып мүсіні ашылды – фото

2019 жылдың күзінде бәзбіреулер түрлі-түсті металдардан жасалған мемориалдың бір бөлігін алып кетіп, бүлдірген. Ескерткіш әлі күнге дейін қалпына келтірілмеді. Қала билігі оны жылдың соңына дейін қалпына келтіруге уәде берді.

"Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалы

Ұлы Отан соғысын еске түсіретін бұл өте маңызды ескерткішті қала тұрғындары біле бермейді. Оған ескерткіштің орналасқан жері себеп болып отыр. Ол Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.

Ескерткіштің тарихы 1976 жылдан басталады. Ол жерге Алматы госпиталінде майданда алған жарақатынан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген.

Жамбыл ескерткіші

1996 жылы Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінен жоғары орналасқан Жамбыл Жабаев ескерткіші бір қарағанда Ұлы Отан соғысын еске түсірмеуі мүмкін. Алайда мамыр мерекесінде оның жанында жыл сайын қала тұрғындары гүл шоқтарын қояды. Осылайша олар "Ленинградтық өренім!" өлеңін жазған ақынға құрмет көрсетеді.

Шығарма 1941 жылдың қыркүйегінде жарық көрген.

Кілт сөздер:
Жеңіс күні, жеңіс
Загрузка...

Басты тақырып