05:25 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Фото

Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы: тылсым, құпия, аңыз – фото

Қысқа сілтеме алу
133 0 0
  • Ақыртас қалашығында қаланған тастардың биіктігі кей деректер бойынша 3-4 метрді құрайды
  • Ақыртас жайлы алғашқы дерек 1222 жылы Шыңғысханның шақыртуымен жолға шыққан қытай саяхатшысы Чин-Чунеленің күнделігінде кездеседі.
  • Ақыртас қалашығындағы тастардың пішіні таңғаларлықтай
  • Ақыртас қалашығында зерттеу жүргізген ғалым көп.
  • Құпия қалашық жайлы ел аузында аңыз-хикая жетерлік.
  • Махаббатқа негізделген аңыз да жетерлік.
  • Халық арасында тараған әңгімеге сәйкес, Ақыртастың астында Тараздағы көне нысанның бірі – Тектұрмасқа жеткізетін жерасты жолы бар.
  • Ақыртастың қойнауында жаттқан тылсым күш адамдардың бойындағы дертке дауа, ауруына шипа бола алады деп сенетіндер көп.
  • Жүрек түкпіріндегі арманының орындалуына себепші болады деп сенгендер алып тастың түбіндегі бір шоқ жасыл желекке ақ таспа байлайды
  • Су жеткізу жүйесінің әрбір деталі ойластырылып жүргізілгені әлем зерттеушілерін таң-тамаша етті.
  • Қалашық мемлекет қорғауындағы нысандар тізіміне енгенге дейінгі кейпі
  • Әлем зерттеушілері Ақыртастың айналасындағы жұмбақ пен құрылысы бойынша оны Лондонның Уилтшир графтігіндегі Стоунхенджге ұқсатып жатады.
  • Қаланың Ақыртас аталуына мұндағы тастардың әзірлену әдісі себепші болған.
  • Қалашыққа кіру ақылы, ересектер үшін 200 теңге, оқушылар үшін 50 теңге.
  • Нысанға келген кейбір адамдар құдайы ретінде тиын-тебен қалдырып кетуді әдетке айналдырған.
  • Коронавирус пандемиясы Ақыртас сарай кешенінде де көрініс беріп отыр
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Ақыртас қалашығында қаланған тастардың биіктігі кей деректер бойынша 3-4 метрді құраған. Алайда ондаған ғасырда мүжілмеген бұл тастарды адамдар Түркістан – Сібір теміржол құрылысы кезінде пайдаланып тауыса жаздаған. Содан болар, қазір қалашықтың еңсесі біршама басылып қалған.

Тараздың шығыс жағында орналасқан Ақыртастың ақиқаты әлі ашылған жоқ. Оның айналасындағы деректер тек болжам мен жорамалға негізделген. Сондықтан болар, бұл нысандағы зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Жамбыл облысының орталығы – көне Тараз қаласынан 40 километр қашықтықта орналасқан Ақыртас қалашығы өн бойына тылсымды бүгіп жатыр. Қырдағы қызыл тастардың қайдан және қалай пайда болғаны туралы тек болжам бар. Нысанды зерттеген әр ғалым, әр экспедиция тек жорамалға сүйенген мәліметтер ұсынуда. Өйткені мұнда жұмбақ пен құпия басым.

Ақыртас жайлы алғашқы дерек 1222 жылы Шыңғысханның шақыртуымен жолға шыққан қытай саяхатшысы Чин-Чунеленің күнделігінде кездеседі. Ол қойын дәптеріне "Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады" деп жазған.

Оқи отырыңыз: Ежелгі шаһар тарихын бейнелейтін нысан: Тараздағы "Тектұрмас" этно-тарихи кешені – фото

Шөлді далада ғайыптан пайда болғандай әсер қалдыратын қалашықтың тастары пішінімен таңғалдырады. Қолда бар тарихи дерекке сәйкес VIII-IX ғасырларға жататын бұл шаһардың қызғылт тастары он ғасырдан астам уақытты артқа тастағанымен, біздің заманымызға мінсіз қалыпта жетіп отыр.

2014 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Ақыртас әлем археологтары мен зерттеушілерінің назарын аударды. Қазір қалашық аумағындағы зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ел арасында "алыптар тұрғызған сарай" деп те аталатын бұл қалашықтың құпиясын ашу болашақтың еншісінде екені белгілі. Әйтсе де Ақыртас сыры бүгулі күйінде қалуы да ғажап емес.

Жазира далада шашырап жатқан құпиялы қызғылт тастар мекені – Ақыртас жайлы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, Тараз, мәдени нысандар, мәдени мұра, ескерткіш, тарих
Загрузка...

Басты тақырып