Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Алматыдағы атыс: "Бұқар Жырау" тұрғындарының зәресін ұшырған оқиға қалай өрбіді - фото

Жазылу
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары үшін сенбі демалыс емес, үрей мен қорқынышқа толы күн болды. Ер адам күзетшіні жаралап, бірнеше сағат бойы полиция қызметкерлеріне оқ атты, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады

"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешеніндегі оқиға бүкіл Алматыны дүрліктірді. Тұрғындардың басым бөлігі эвакуацияланып, полиция ғимарат пен жақын аумақты қоршауға алды.

Болжамдардың біріне сәйкес, ер адамның күзетшіні жаралауына ПИК-тің ұзақ уақыт бойы подъезде тұрған дивандарды сыртқа шығаруы себеп болған.

Оқиға орнына полиция жеткен кезде күдікті 17-қабаттағы өз пәтеріне қамалып алып, есіктен оқ ата бастайды.

Полиция қызметкерлері бірнеше  сағат бойы онымен келіссөздер жүргізуге тырысқанымен ол еш нәтиже бермеді. Басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірмес үшін тәртіп сақшылары пәтерге басып кіруге мәжбүр болды.

Полиция арнайы операцияны бастаған кезде ер адам өз-өзіне қол жұмсады.

"Бұқар Жырау" тұрғындары ол ара-тұра пәтер терезесіне түсініксіз сөздер жазылған плакаттар іліп, тұрғындар чатында үнемі дау шығаратынын және осы себепті оны чаттан шығарып тастағанын айтты.

© Sputnik / Тимур Батыршин"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешені – 22 қабаттан тұратын биік ғимарат. Ол қаланың орталық бөлігінде, Алматының Бостандық ауданында орналасқан. Сондай-ақ жақын маңда Бұқар Жырау бульвары мен Есентай өзені бар, деп жазылған жылжымайтын мүлік жөніндегі сайтта.
ЖК Бухар жырау - Sputnik Қазақстан
1/14
"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешені – 22 қабаттан тұратын биік ғимарат. Ол қаланың орталық бөлігінде, Алматының Бостандық ауданында орналасқан. Сондай-ақ жақын маңда Бұқар Жырау бульвары мен Есентай өзені бар, деп жазылған жылжымайтын мүлік жөніндегі сайтта.
© Sputnik / Тимур БатыршинПолициямен атысқан ер адамның "Бұқар жырау" кешенінің 17-қабатындағы өз пәтерінің терезесіне ілген плакаты. Тұрғындар оның шу шығаратын мазасыз көрші болғанын және дөрекілігі үшін оны үй тұрғындарының чатынан шығарып тастағанын мәлімдеді.
Плакат, который вывесил стрелок на окне своей квартиры в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
2/14
Полициямен атысқан ер адамның "Бұқар жырау" кешенінің 17-қабатындағы өз пәтерінің терезесіне ілген плакаты. Тұрғындар оның шу шығаратын мазасыз көрші болғанын және дөрекілігі үшін оны үй тұрғындарының чатынан шығарып тастағанын мәлімдеді.
© Sputnik / Стрингер"Бұқар Жырау" кешеніндегі атысқа не себеп болғанын жорамалдаған көршілер ер адамға ПИК-тің подъездегі дивандарды шығаруға қатысты шешімі ұнамағанын айтты.
Стрельба в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
3/14
"Бұқар Жырау" кешеніндегі атысқа не себеп болғанын жорамалдаған көршілер ер адамға ПИК-тің подъездегі дивандарды шығаруға қатысты шешімі ұнамағанын айтты.
© Sputnik / Стрингер17-қабаттағы пәтердің тұрғыны "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғына оқ атты. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді.
Стрельба в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
4/14
17-қабаттағы пәтердің тұрғыны "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғына оқ атты. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді.
© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция қызметкерлері "Бұқар жырау" ТК жанындағы аумақты күзетіп тұр. Әзірше қылмыскермен келіссөздер жүріп жатыр.
Полицейские дежурят на месте происшествия возле ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
5/14
Полиция қызметкерлері "Бұқар жырау" ТК жанындағы аумақты күзетіп тұр. Әзірше қылмыскермен келіссөздер жүріп жатыр.
© Sputnik / Тимур БатыршинТәртіп сақшылары "Бұқар Жырау" ТК аумағын қоршауға алып, эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындардан өз пәтерінен шықпауды сұрады.
Стрельба в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
6/14
Тәртіп сақшылары "Бұқар Жырау" ТК аумағын қоршауға алып, эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындардан өз пәтерінен шықпауды сұрады.
© Sputnik / Тимур НиталиевКөп сағатқа созылған келіссөздерге қарамастан "Бұқар Жырау" ТК-дегі атыс жалғасып жатты. Бір полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады.
Стрельба в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
7/14
Көп сағатқа созылған келіссөздерге қарамастан "Бұқар Жырау" ТК-дегі атыс жалғасып жатты. Бір полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады.
© Sputnik / Тимур НиталиевЕр адам өз пәтеріне қамалып, есіктен полиция қызметкерлеріне оқ атқан "Бұқар Жырау" ТК жанында жедел қызмет өкілдері шоғырланды.
Стрельба в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
8/14
Ер адам өз пәтеріне қамалып, есіктен полиция қызметкерлеріне оқ атқан "Бұқар Жырау" ТК жанында жедел қызмет өкілдері шоғырланды.
© Photo : Пресс-служба департамента полиции города Алматы Келіссөздер еш нәтиже бермегенін көрген полиция "Бұқар Жырау" ТК-де арнайы операция өткізді.
Полицейские у ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
9/14
Келіссөздер еш нәтиже бермегенін көрген полиция "Бұқар Жырау" ТК-де арнайы операция өткізді.
© SputnikБірнеше сағат бойы көршілерін үрейде ұстаған ер адам арнайы операция басталғаннан кейін 17-ші қабаттан секіріп кетті.
Стрелок из ЖК Бухар жырау - полное видео происходившего - Sputnik Қазақстан
10/14
Бірнеше сағат бойы көршілерін үрейде ұстаған ер адам арнайы операция басталғаннан кейін 17-ші қабаттан секіріп кетті.
© Sputnik / Александр МирогловҚалалық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 1968 жылы туған ер адам атыс шығарғаны үшін "жауапкершіліктен сескенген". Суретте: ер адамның құлаған орны.
Место падения стрелка из ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
11/14
Қалалық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 1968 жылы туған ер адам атыс шығарғаны үшін "жауапкершіліктен сескенген". Суретте: ер адамның құлаған орны.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖексенбінің таңында полиция келгенге дейін "Бұқар Жырау" аумағында тірі жан көрінбеді. Тәртіп сақшылары оқиға бойынша басталған тергеуді жалғастыруға кірісті.
Полицейские продолжают работать в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
12/14
Жексенбінің таңында полиция келгенге дейін "Бұқар Жырау" аумағында тірі жан көрінбеді. Тәртіп сақшылары оқиға бойынша басталған тергеуді жалғастыруға кірісті.
© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешеніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.
Полицейские продолжают работать в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
13/14
Полиция "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешеніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінде атылған оқ терезені тесіп өткен
Пулевое отверстие в стекле на месте стрельбы в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
14/14
"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінде атылған оқ терезені тесіп өткен
Жаңалықтар
0