18:16 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Фото

Еліміздің жер қойнауындағы байлық қоры қалай зерттелді – фото

Қысқа сілтеме алу
22 0 0
  • Месторождение Каламкас
  • Месторождение Тенгиз
© Sputnik / Иосиф Будневич
Қазақ КСР ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институты. Академик Қаныш Сәтбаев бір топ қызметкерлермен Үлкен Алматы каналының картасы жанында, 1960 жыл.

Биыл тәуелсіз Қазақстанның кәсіби мерекелерінің күнтізбесінде геологтар күні пайда болғанына он жыл. Мереке еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы жарлығымен белгіленген еді

Бұл мейрамның тарихы Кеңес Одағы кезінен бері жалғасып келеді. Алғаш рет геологтар күні 1966 жылдың наурызында мерекелер күнтізбесіне "елдің минералды-шикізат базасын құрудағы кеңестік геологтардың еңбегін еске алу үшін" енгізілді.

Пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру – күрделі іс. Геология ғылымындағы жетістіктер, ұзақ мерзімді қарқынды барлау, жаңа мұнай және газ кен орындарын ашу - мұның бәрі геологтардың ерен еңбегі.

Оқи отырыңыз: "Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?

Сондықтан тәуелсіз Қазақстанда қиындық пен қауіп-қатерге әрі романтикаға толы мамандық иелерінің мерекесін атап өту дәстүрі қайта жанданғаны көңілге сенім ұялатады.

Кез келген мемлекет экономикасын дамытудың материалдық негізі - қазба байлықтар. Қазақстанда минералды-шикізаттық кешеннің едәуір қоры бар. Мемлекеттік баланста минералды шикізаттың 102 түрі, оның ішінде қатты пайдалы қазбалардың 40 түрі бойынша қор жинақталған.

Кілт сөздер:
фото
Загрузка...

Басты тақырып