13:50 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
ЮНЕСКО шеңберінде мойындалған The Ethnic Origins of Beauty жобасына әр ұлттың сұлу қыздары қатысады. Жоба қатысушысы – ағылшын-австралиялық этникалық топтың өкілі.

Фотограф Наталья Иванова жеті жыл бұрын "Ұлт келбетіндегі сұлулық" жобасын бастағалы түрлі ұлттың жүздеген өкілі өз келбетімен ұлттық құндылықтарын паш етіп келеді

Ресейлік фотографтың авторлық жобасы арқылы әйгілі "Сұлулық әлемді құтқарады" сөзі жаңа мағынаға ие болды.

Натальяның айтуынша, жобаның міндеті – бұл этно-мәдени жиынтықтың нақты ауқымын толық әрі жүйелі түрде шығармашылық сипатта көрсету. Бұл ретте оның санына емес, сапасына ден қойылып, әрбір этносты ерекше бейнелеуге мән беріледі.

Әдетте, әлем адамдар ойлағаннан әлдеқайда бай. Фотограф өзінің осы жобасымен әлемнің әр түкпіріндегі ұлттардың құндылықтарын ерекше етіп көрсеткісі келеді.

"Азаматтық шектеулерге байланысты әлемде өмір сүріп жатқан халықтардың шамамен 90%-і назардан тыс қалады. Өйткені олар тәуелсіз мемлекеттер ретінде ұсынылмайды", – деп санайды жоба авторы.

Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамында ұлттық киім киген қыз-келіншектер – фото

"Ұлт келбетіндегі сұлулық" жобасын (The Ethnic Origins of Beauty) ЮНЕСКО мойындады және алғаш рет 2014 жылы наурызда ұйымның Париждегі штаб-пәтерінде Халықаралық әйелдер күніне арналған көрмеде ұсынылды.

Кілт сөздер:
сұлулық, ару
Загрузка...

Басты тақырып