13:11 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
© REUTERS / Yuri Maltsev
Адамға ұқсайтын роботтарды модельдеу орталығының қызметкері андроидтың басымен жұмыс істеп отыр.

Тынық мұхитының Ресейге қарасты жағалауында орналасқан Владивосток қаласында сырт келбеті адамнан айнымайтын андроидтар дайындалады. Promobot компаниясы осы аймақта адамға ұқсайтын роботтарды дайындау мен өндіру орталығы және жасанды тері әзірлеу зертханасын ашты

Promobot компаниясы бүгінде Еуропадағы дербес сервистік роботтардың ірі өндірушісі ретінде танылған.

Промобот – бизнеске арналған сервистік робот. Ол адаммен әңгімелесіп, танып, өз бетінше қозғалады. Мұндай робот дербес яғни, адамның бақылауын қажет етпейді.

Бүгінде промоботтар кеңесші, гид, әкімші, промоутер, консьерж ретінде әлемнің қырық елінде қызмет етіп жүр. Промобот мәліметтер базасы, қауіпсіздік жүйесі, сайттар мен сервистер секілді кез-келген сыртқы жүйеге қосыла алады. Мұндай роботты Сбербанктен, кейбір музейлерден, Дубай-Моллдан, Балтимор-Вашингтон әуежайынан кездестіріп қалуыңыз ғажап емес.

Владивосток – Promobot компаниясы орналасқан төртінші қала. Сколково резидентінің өндірісі мен штаб-пәтері Пермьде, америкалық кеңсе Филадельфияда, ал азиялық өкілдік Гонконгте орналасқан.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект: жүз жыл бұрын "робот" сөзі қолданысқа енді – фото

Promobot компаниясының қиыршығыстық бөлімшесі Robo-C адам тектес роботтарға арналған әзірлемелерге, шынайы жасанды тері мен андроидтың 3D үлгісін әзірлеуге жұмылдырылған.

Ресейде әзірленген адамға ұқсас роботтарды суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
жасанды интеллект, робот
Загрузка...

Басты тақырып