13:24 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Фото

Саябаққа кіру құны – 30 теңге: Шымкенттің көрікті жерлері – фото

Қысқа сілтеме алу
9010
  • Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ
  • 1982 жылы Нұрсұлтан Назарбаев саябаққа отырғызған ағаш
  • Ыбырай Жақаев еккен ағаш
  • Саябақтағы жәндік
  • Бәйдібек би ескерткіші
  • Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент
  • Ауылым – алтын бесігім сахнасы
  • Серуендеп жүрген қала тұрғындары
© Photo : Айгерім Таубай
Қазақстанда екі дендросаябақ бар болса, соның бірі – Шымкентте орналасқан. 1979 жылы ашылған Асанбай Асқаров атындағы дендросаябаққа кіру құны – 30 теңге. Жалпы аумағы 117 гектар саябақ ішінде әлемдегі әртүрлі географиялық аймақтардың флорасына жататын шөптесін өсімдіктердің ағаш пен бұталы түрлерінің 560-тан астам түрі өседі.

Қазақстандағы үшінші мегаполистің көркем жерлері көп. Жергілікті тұрғындар арасында Бәйдібек би ескерткіші мен Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ, жануарлар бағы кеңінен танымал

Сондай-ақ, Арбат пен ипподром маңында шымкенттіктермен қатар, қала қонақтары да жиі келіп серуендейді.

Қазақстанда екі дендросаябақ бар болса, соның бірі Шымкентте орналасқан. Саябақ ішінде қазақстындықтар мен шетелдік танымал тұлғалар отырғызған ағаштар бар. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1982 жылы Қазақ КСР Орталық комитетінің хатшысы болған кезде осы саябаққа ағаш еккен. Қазір діңгегі қатты ағаш жайқалып тұр.

Оқи отырыңыз: Телефонның алғашқы түрлері – фото

Сонымен қатар саябақта Еңбек ері Ыбырай Жақаев, Ұлы Отан соғысының батыры Талғат Бигелдинов, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың қадаған ағаштары алып бәйтерекке айналған. Сондай-ақ, Ливия мемлекеті мен Эстония Республикасының делегациясы да саябақта болып, ағаш отырғызған.

Кілт сөздер:
Шымкент, саябақ
Загрузка...

Басты тақырып