13:16 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Фото

Коронавируспен күрес: Sputnik тілшісі News Photo Awards сыйлығын жеңіп алды – фото

Қысқа сілтеме алу
52 0 0
© Sputnik / Ilya Pitalev
News Photo Awards. Priest father конкурсында "Үздік сурет" номинациясында жеңіске жеткен The Sacrament ("Қатысу") фотосы. Шіркеу қызметкері Иоанн індет жұқтырған Анна Одинокованың үйінде.

Sputnik агенттігінің фототілшісі Илья Питалев коронавирус пандемиясы кезіндегі үзілмеген үміт, ерлікпен қызмет ету және ажалға қарсы тұрған батылдық сәттерін суретке түсіре алды

News Photo Awards. Overcoming COVID конкурсында Илья Питалевтың "Қатысу" атты жұмысы "Үздік сурет" номинациясы бойынша жеңіске жетті.

Фотографтың айтуынша, бұл конкурс "қызыл" аймақта тынымсыз еңбек еткен дәрігерлердің ерлігі мен пандемияның адамдар өмірін қалай өзгерткенін көрсетудің таптырмас мүмкіндігі болды. Илья коронавирусқа қатысты сәтті кадрларды іздеу барысында адамдардың үйіне келіп дұға жасау үшін арнайы құрылған дін қызметкерлерінің жасағы туралы біледі.

"Мен осы дін қызметкерінің бірімен келісіп, Боткин ауруханасының жанындағы храм қызметкері Иоанның науқас үйіне барған сәтін түсіріп алдым", - деді фотограф.

Ол кез келген фотограф үшін марапат үлкен мәнге ие екенін және алға жылжуға ынталандыратынын жеткізді. "Қарсы тұру" деп атау берілген суреттер топтамасы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың "Ерекше көзқарас" атты арнайы жүлдесін алды.

Конкурсқа әлемнің 84 елінен төрт мыңға жуық сурет жолданған. Жүлдеге лайық болған тілшінің жантебірентерлік суреттерін Sputnik топтамасынан көріңіз.

Кілт сөздер:
фото
Загрузка...

Басты тақырып