14:43 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
  • Жарық шамдармен көмкерілген Нұр-Сұлтан көшесі
  • Түн уақытында елорда ерекше сұлу көрінеді.
  • Астана жарық пен қараңғылық патшалығына айналды
  • Мегаполис түнгі келбетімен баурап, неонды сәулелер мен алаугеуім шақ көз тартады.
  • Тәуліктің осы мезгілінде қараңғылық жарықтан үстем түсіп, қала жұмбақ реңкке бояла түседі.
  • Наурыз айындағы түнгі астана. Қаладағы көлік түтінінің иісі мен еріген қар суының ызғары көктем лебін сездіреді.
  • Қалада күн әлі де суық болғанымен, көктемнің кеш болса да жететініне сенім мол...
  • Түн мезгіліндегі неон жарықпен көмкерілген көпқабатты тұрғын үйлер қараңғылық құшағында тұр
  • Түнде автокөліктер дыбысы бәсеңдеп, машиналар ағыны да азаяды. Бұл шақта қауырт тіршілік пен қарбалас та тынышталған кейіпке енеді...
  • Ал базбіреулер үшін қала түнде оянып, нағыз тіршілік басталады. Қалай десек те, түнде бәрі өзгеше!
© Sputnik / Владислав Воднев
Түн, көше, шам... Түнгі қаланың тынымсыз тіршілігі. Суретте: жарық шамдармен көмкерілген Нұр-Сұлтан көшесі.

Түнде бас қала мүлде басқа кейіпке енеді. Оның көшелері, алаңдары мен даңғылдарында орналасқан түрлі-түсті жарық көздері ғажайып шұғылалы сәулелердің пайда болуына себепші. Нұр-Сұлтан қаласының сұлу әрі ерекше келбетін суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз

Түнгі жарық шамдары мен прожекторлардың әсерінен елорда ғайыптан пайда болған жұмбақ қала секілді көрінеді. Ол фантастика мен мистикаға толы шаһар сияқты елестейді. Неонды жарық үйлер мен асфальттің, қала көшелерінің ажарын ашып, ерекше атмосфера тудырады.

Түнгі қаланы суретке түсіру кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі іс. Себебі қараңғылық қоюына батқан мезгілді бейнелейтін элементтерге ерекше назар аудару қажет болады. Осы кезде ғана суреттер сәтті шығады.

Оқи отырыңыз: Ғарыштағы қонақ үй: Жер шарын орбитадан тамашалуға болады – фото

Мұндай фотоны міндетті түрде штативтің көмегімен және арнайы режим арқылы түсіру қажет. Себебі, артқы бейне анық болмақ керек. Сонымен қатар жарық жақсы түсіп, түстер үйлесім тапқан және көздеген кескінді қараңғылық басып тұрмағаны өте маңызды.

Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Водневтің тенгі серуен кезінде фотообъективіне ілінген Нұр-Сұлтанның сұлу да ерекше келбетін тамашалаңыз!

Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, түн
Загрузка...

Басты тақырып