18:53 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Фото

Қар астында қалған қалалар: әлемнің түкпір-түкпірінде түсірілген 10 фото 

Қысқа сілтеме алу
268 0 0
  • Тегеранда қалың қар жауғаннан кейінгі көшедегі кептеліс, Иран, 1972 жыл.
  • Солтүстік Дакотада ақ түтек бораннан кейін қар басып тұрған ер адам, 1966 жыл.
  • Нью-Йорктегі күшті боранның салдары, 1993 жыл.
  • 1978 жылдың ақпанында Массачусетсте қалың жауған қар салдарынан 128-ші шосседегі кептеліс.
  • Дакотада 1988 жылы болған аласапыран боран 235 адамның өмірін жалмады.
  • Токиода соңғы 13 жылда жауған қалың қар, 2014 жылдың ақпаны.
  • 1967 жылдың қаңтарында Чикагода жауған қалың қар.
  • Канададағы Ғасыр дауылының салдары, 1971 жыл.
  • Нью-Йоркте (Буффало) соққан бораннан кейінгі сәт, 1977 жыл.
  • Қытай жұмысшысы елде болған бораннан кейін қар тазалап жатыр, 2008 жыл.
© AP Photo
Тегеранда қалың қар жауғаннан кейінгі көшедегі кептеліс, Иран, 1972 жыл.

Көктем жақындап, бәйшешек бүр жаратын мезгіл жақындаған сәтте Қазақстанның кей өңірінде ақпанның ақ түтек бораны қайта басталып кетті. Жалпы, қыс қаһары Қазақстанда ғана сезіліп қойған жоқ. Биыл қысы жанға жайлы бірқатар әлем елінде де қар қалың жауды

Биылғы жылы жауған қардың қалыңдығы бойынша ғаламшардың түрлі елінде рекорд жаңартылып жатыр. Тіпті жылы аймақтарды да ақ ұлпа қар басып қалды.

Мәселен, Солтүстік Америка мен Еуропаның кейбір мемлекетінде қалың қар жауды.

Өткен айда Испанияда ауа райы тосын мінез танытты.

Сол сияқты, Греция мен Түркияда да қар жауды.

АҚШ-тың Техас штаты да қар астында қалды.

Солтүстіктегі көршіміз – Ресейдің бас қаласында жауған қардың қалыңдығы 65 жыл бұрынғы рекордқа жетейін деп қалды. Сочиде жауған қар көлемі айлық нормадан 2,5 есе асып түсті.

Ал Қазақстанда боран мен қалың қар салдарынан тас жолдар жабылды. Тіпті қар сирек жауатын Атырау да ақ көрпеге оранды.

Тарихта әлемнің түрлі елінде жауған қалың қарды біздің суреттерден көре аласыз.

Кілт сөздер:
фото, қар
Загрузка...

Басты тақырып