13:32 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Фото

Ауғанстан аумағынан Кеңес әскерінің шығарылған күнін Алматыда қалай атап өтті – фото

Қысқа сілтеме алу
87 0 0
  • 15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскер шығарылған күнді атап өтеді.
  • Салтанатты рәсім 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті.
  • Қазақстандық интернационалист жауынгерлерді еске алуға 500-ге жуық адам келді.
  • Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров жиналғандарды құттықтады.
  • Құрлық әскерлері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары
  • Қатысушылар Мәңгілік алау жанып тұрған Даңқ мемориалына қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.
  • Ардагерлер мен әскери қызметкерлер Ауғанстанда қаза тапқандардың рухына тағзым ету үшін салтанатты маршпен өтті.
  • Еске алу шарасына келушілердің көпшілігі соғыста қаза тапқандарға құрмет ретінде қызыл қалампыр гүлін алып келді.
  • Сондай-ақ, қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл дестесін қойды.
  • Ауған соғысының қазақстандық ардагерлері де қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу үшін Алматыда бас қосты.
  • Ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адамынан айырылды, 53 мыңнан астам адам жарақат алды.
  • Ауғанстанда қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
  • Қатысушылар ескерткішке қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.
  • Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ұйымдастырылған шараға мүмкіндігі шектеулі ардагерлер де қатысты.
  • 22 296 қазақстандық жауынгер Ауған соғысын бастан өткерді.
© Sputnik / Тимур Батыршин
15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскер шығарылған күнді атап өтеді.

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шектеулі контингентін шығарудың 32 жылдығына орай, гүл қою рәсімі өтті

Ауған соғысының қазақстандық ардагерлері Алматыда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алды. Іс-шараға 500-ге жуық адам жиналды. Оған Алматы облыстық гарнизонының қолбасшылығы, Ауған соғысының ардагерлері, Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары мен "Киров" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров 22 296 қазақстандық азамат Ауған соғысының қатысушысы атанғанын еске салды. 

"Оның ішінде 928 адам қайтыс болса, оның 119-ы алматылық жауынгерлер еді. 19 адам хабарсыз кеткендер санатында. Екі жауынгеріміздің сүйегі үш жыл бұрын табылып, Қазақстанға қайтарылды. Біреуі Түркістан облысында, ал екіншісі Көкшетауда жерленді. Бүгінгі таңда Алматыда шамамен 2 300 ауған-жауынгері тұрып жатса, бір алматылық азаматымыз із-түссіз кетті", – деді ол.

Ал жалпы Қазақстанда барлығы 15 мыңнан астам интернационалист жауынгер тұрады.

Қатысушылар Мәңгілік алау жанып тұрған Даңқ мемориалына, сондай-ақ Ауғанстанда қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткішке қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті қолдаған елдің үкіметтік күштері мен алдыңғы қатарлы НАТО мемлекеттері қолдаған моджахедтердің әскерилендірілген құрамалары арасындағы соғыс – 1979 жылдан 1989 жылға дейін созылды. Ол жердегі Кеңес жауынгерлері халықаралық терроризм мен есірткінің заңсыз айналымының сол кездегі ортақ елдің шекарасына өтуіне қарсы болды. 

Кеңес әскерінің соңғы легі 1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстаннан шықты. Олар Ауғанстан аумағынан кетуді 1988 жылдың 15 мамырынан бастаған болатын.

Кеңес өкіметі кезінде бұл мереке атаулы күн ретінде ресми мәртебеге ие болмаса да барлық ТМД азаматтары Ауғанстан ардагерлеріне құрметпен қарайды. Бұрынғы КСРО-ның барлық елінде Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін мемориалдық кешендер құрылған. 15 ақпанда белсенді ардагерлер қалалар мен елді мекендерде митингілер ұйымдастырады.

Оқи отырыңыз: Фукусимадағы жер сілкінісінің салдары – фото

Айта кетейік, ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адамынан айырылды, 53 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл соғыста қаза тапқан ауғандықтардың саны туралы әлі күнге дейін нақты деректер жоқ. Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша, олар 1 миллионнан 2 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Ауғанстандағы соғыстың он жылға жуық уақытында кеңес әскерлері моджахедтерге қарсы 420 операция және 200 әскери рейд жүргізді. Ауғанстан аумағының 70%-і 1985 жылы Кеңес Одағы тарапынан бақыланды.

Кілт сөздер:
Ауғанстан, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып