00:46 01 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD417.02
  • EUR505.51
  • RUB5.59
Фото

Пәкістанда сән апталығы қалай өтті – фото

Қысқа сілтеме алу
99 0 0
  • Лахордағы Hum Bridal Couture Week аясындағы әрбір киімнен сән-салтанат пен асқан әсемдік сезіліп тұр.
  • Пандемияға қарамастан, пәкістандық сәнгерлерге өз шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік берілді.
  • Ашық түстер, бағалы мата мен бұйымдар қалыңдық пен күйеу жігіттің той костюмдерінде ерекше үйлесім табады.
  • Пәкістанда жұқа маталар өндірісі мен әсем кестелеу дәстүрі жүздеген жыл бұрын қалыптасқан.
  • Көп топтама ашық түсті маталардан тігілгенімен, киімдердегі кестеленген ою-өрнектер қалыңдық көйлектеріне ерекше әсемдік беріп тұр.
  • Қалыңдықтың дәстүрлі киімі кең етекті белдемше мен тар жеңді туникадан және басқа арналған жамылғыдан тұрады.
  • Дизайнерлер тарихтан шабыт алып, дәстүрді құрмет тұтады. Бірақ, жыл сайын Пәкістанның той киімдерінің үлгісіне қандай да бір жаңашылдық енгізуге тырысады.
  • Ашық түстерден тігілген киім үлгілері қыздардың сұлулығын аша түскендей.
  • Дәстүрді негізге ала отырып, сәнгерлер өз фантазиясына қарай киім үлгілеріне өзгерістер енгізеді.
  • Ал, сұлулар дизайнерлердің шабытқа толы туындыларын көрермен назарына қуана ұсынады.
© AFP 2019 / Arif Ali
Лахордағы Hum Bridal Couture Week аясындағы әрбір киімнен сән-салтанат пен асқан әсемдік сезіліп тұр.

Пәкістанның Лахор қаласында өткен Hum Bridal Couture Week сән апталығында ұсынылған әрбір киімді мінсіз әрі тамаша деп сипаттауға болады

Пәкістандағы той киімдерінің сән апталығы он жылдық мерейтойын атап өтуде. Алғашқы сән көрсетілімі 2011 жылы өткен болатын. Сол уақыттан бері бұл апталық сән әлеміндегі маңызды оқиға қатарында келе жатыр.

Осы жылы Пәкістанның HUM TV Network Limited ойын-сауық платформасы пандемияға қарамастан сән көрсетілімін өткізді. Бірақ, шараны ұйымдастырушылар санитарлық қауіпсіздік талаптарын орындауды ұмытқан жоқ.

Шара қатысушылары мен қонақтары көрсетілім аяқталғанға дейін міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтады.

Сонымен қатар, әрбір көрсетілімнен кейін бөлме ішіне дезинфекция жүргізіліп отырды.

Hum Bridal Couture Week аясында 35 дизайнер мен бренд өз топтамаларын ұсынды. Олар дәстүрлі және заманауи той киімдерінің түрлі үйлесімдерін тарту етті.

Загрузка...

Басты тақырып