Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Саяси көшбасшылардың ит-мысығы қандай – фото

Жазылу
Владимир Путин иттерді жақсы көреді, ал Дональд Трамп Ақ үйге ит кіргізген емес. Джо Байден сүйікті төбетін жануарларға арналған үйден алған, ал Борис Джонсон мысықты британдық премьерлер резиденциясына жайғастырды

Әлемнің ең мықты көшбасшылары мен саясаткерлері өз қызметінде түрлі жағдайды бастан кешіреді. Кейде қатаң шешім қабылдайтын кездер де жиі болады. Бұл мінез мызғымастығы мен күшті жігерді талап етеді. Әйтсе, дәл осы саяси саңлақтар, ел билігін қолына ұстаған азаматтар ит пен мысық десе көңілі бөлек, жүрегі жұмсақ. Себебі, олар да ет пен сүйектен жаралған адам.

Олар да қиын жұмыс күнінен кейін үйге оралғанда, мысығының пырылын естіп, итінің алдынан құйрығын бұлғаңдата жүгіріп шығатын үй жылулығы мен жайлылығын сезінгісі келеді.

Бүгінгі фототоптамада –  танымал саясаткерлердің үй жануарлары. Кейде бұл жануарлар өз иелерінен кем түспейтін танымалдыққа ие болады.

Мысалы, президент Владимир Путин резиденциясында 15 жыл бойы Конни атты лабрадор өмір сүрді. Ол "Огонек" журналындағы комикстердің жұлдызды кейіпкері болды. Ол қаза болған соң, ресейлік көшбасшының қарауында болгариялық овчарка Баффи мен акита-ину Юмэ қалды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың 45-ші президенті: Дональд Трамп қандай әрекеттерімен есте қалды – фото

Ал Ақ үйде төрт жылдық үзілістен кейін қайтадан үй жануарлары пайда болды. Бұл – АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің неміс овчаркалары Чемпион мен Мейджор. Алдыңғы көшбасшы Дональд Трамп көпжылдық дәстүрге қарамастан, Ақ үйге ит, мысық кіргізуге қарсы болды.

Фототоптамадан АҚШ президенті Барак Обама мен Билл Клинтон, Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн, Финляндия көшбасшысы Саули Ниинисто, Францияның мемлекет басшысы Эммануэль Макронның сүйікті үй жануарларын көруге болады.

© © Screenshot: Instagram / Joe BidenАҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден төбеті Мейджормен бірге. Саясаткер бұл итті 2018 жылы Делавэрдегі Delaware Humane Association жануарлар үйінен алған. Америкалық БАҚ атап өткендей, бұл жануарлар үйіндегі ит алғаш рет АҚШ президентінің жұмыс кабинетінде тұрақтайтын болады.
Джо Байден төбеті Мейджормен бірге - Sputnik Қазақстан
1/15
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден төбеті Мейджормен бірге. Саясаткер бұл итті 2018 жылы Делавэрдегі Delaware Humane Association жануарлар үйінен алған. Америкалық БАҚ атап өткендей, бұл жануарлар үйіндегі ит алғаш рет АҚШ президентінің жұмыс кабинетінде тұрақтайтын болады.
© AFP 2024 / Saul LoebАҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама және АҚШ вице-президенті Джо Байденнің әйелі Джилл Чемп атты итімен бірге.
Мишель Обама мен Джо Байденнің әйелі Джилл Чемп атты итімен бірге. - Sputnik Қазақстан
2/15
АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама және АҚШ вице-президенті Джо Байденнің әйелі Джилл Чемп атты итімен бірге.
© Photo : Official Instagram account of Jacinda ArdernЖаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерннің Пэддлс атты мысығы. Ол 2017 жылы көлік астына түсіп, көз жұмды.
Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерннің Пэддлс атты мысығы. - Sputnik Қазақстан
3/15
Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерннің Пэддлс атты мысығы. Ол 2017 жылы көлік астына түсіп, көз жұмды.
© Sputnik / Aleksei Druzhinin / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин өзінің иті Юмэмен бірге. 2012 жылы бұл үй жануарын Ресей көшбасшысына Жапонияның солтүстік префектурасының губернаторы Норихиса Сатакэ елдегі жойқын жер сілкінісі мен цунами салдарын жоюға көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде сыйлаған.
Ресей президенті Владимир Путин өзінің иті Юмэмен бірге. - Sputnik Қазақстан
4/15
Ресей президенті Владимир Путин өзінің иті Юмэмен бірге. 2012 жылы бұл үй жануарын Ресей көшбасшысына Жапонияның солтүстік префектурасының губернаторы Норихиса Сатакэ елдегі жойқын жер сілкінісі мен цунами салдарын жоюға көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде сыйлаған.
© AFP 2024 / The Blue HouseОңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин асыл тұқымға жатпайтын қара түсті иті Торимен бірге Сеулдегі президент резиденциясында тұрған сәт. Иттің алдыңғы иесі бұл жануарлардың етін тамақ ретінде жеп келген қарт адам. Мемлекет басшысы кәнден итті жануарлар үйінен алып қалған.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин асыл тұқымға жатпайтын қара түсті иті Торимен бірге - Sputnik Қазақстан
5/15
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин асыл тұқымға жатпайтын қара түсті иті Торимен бірге Сеулдегі президент резиденциясында тұрған сәт. Иттің алдыңғы иесі бұл жануарлардың етін тамақ ретінде жеп келген қарт адам. Мемлекет басшысы кәнден итті жануарлар үйінен алып қалған.
© AFP 2024 / Ludovic MarinФранция президенті Эммануэль Макрон Немо атты төбетімен бірге. Үй жануарының тұқымы – лабрадор мен гриффон буданы.
Франция президенті Эммануэль Макрон Немо атты төбетімен бірге. - Sputnik Қазақстан
6/15
Франция президенті Эммануэль Макрон Немо атты төбетімен бірге. Үй жануарының тұқымы – лабрадор мен гриффон буданы.
© Photo : Kancelář prezidenta republikyЧехияның бірінші ханымы Ивана Земанова өзінің иті Дарсиді қолында ұстап тұр. Итке Джейн Остиннің "Тәкаппарлық пен жалған сенім" кітабындағы кейіпкердің құрметіне Дарси деген ат берілген.
Чехияның бірінші ханымы Ивана Земанова өзінің иті Дарсиді қолында ұстап тұр.  - Sputnik Қазақстан
7/15
Чехияның бірінші ханымы Ивана Земанова өзінің иті Дарсиді қолында ұстап тұр. Итке Джейн Остиннің "Тәкаппарлық пен жалған сенім" кітабындағы кейіпкердің құрметіне Дарси деген ат берілген.
© AFP 2024 / Markku Ulander / LehtikuvaФинляндия президенті Саули Ниинисто Хельсинкиде өзінің бостондық терьері Леннамен бірге серуендеп жүр.
Финляндия президенті Саули Ниинисто Хельсинкиде өзінің бостондық терьері Леннамен бірге серуендеп жүр. - Sputnik Қазақстан
8/15
Финляндия президенті Саули Ниинисто Хельсинкиде өзінің бостондық терьері Леннамен бірге серуендеп жүр.
© AFP 2024 / Manan VatsyayanaМалайзия премьер-министрі Наджиб Разак Куала-Лумпурдағы өз резиденциясында мысығы Кикимен бірге суретке түсіп жатыр.
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак Куала-Лумпурдағы өз резиденциясында мысығы Кикимен бірге суретке түсіп жатыр. - Sputnik Қазақстан
9/15
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак Куала-Лумпурдағы өз резиденциясында мысығы Кикимен бірге суретке түсіп жатыр.
© AP Photo / Ron EdmondsАҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишельдің екі португалдық су иті болған. Олар – Бо және Санни.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишельдің екі португалдық су иті болған. Олар – Бо және Санни. - Sputnik Қазақстан
10/15
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишельдің екі португалдық су иті болған. Олар – Бо және Санни.
© AFP 2024 / Chris J RatcliffeҰлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Ларри атты мысығы. Ларриді жануарлар үйінен алып, 2011 жылы сол кездегі Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның резиденциясына орналастырды. Ұлыбритания үшін бұл дәстүрге айналған. XV ғасырдан бастап мысықтар билеушілердің резиденциясында тұрады.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Ларри атты мысығы - Sputnik Қазақстан
11/15
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Ларри атты мысығы. Ларриді жануарлар үйінен алып, 2011 жылы сол кездегі Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның резиденциясына орналастырды. Ұлыбритания үшін бұл дәстүрге айналған. XV ғасырдан бастап мысықтар билеушілердің резиденциясында тұрады.
© AP Photo / Ruth FremsonАҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның Сокс атты мысығы мен Бадди есімді иті болған.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның Сокс атты мысығы мен Бадди есімді иті болған. - Sputnik Қазақстан
12/15
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның Сокс атты мысығы мен Бадди есімді иті болған.
© AP Photo / J. Scott ApplewhiteАмериканың тағы бір экс-президенті Джордж Буштың шотландық терьері – Барни есімді ит сегіз жыл бойы Ақ үйде иесімен бірге тұрып, 2013 жылы қайтыс болды. Сондай-ақ, Буштың Техастағы фермада тұратын тағы екі иті мен сиыры болған.
Американың тағы бір экс-президенті Джордж Буштың шотландық терьері – Барни есімді иті - Sputnik Қазақстан
13/15
Американың тағы бір экс-президенті Джордж Буштың шотландық терьері – Барни есімді ит сегіз жыл бойы Ақ үйде иесімен бірге тұрып, 2013 жылы қайтыс болды. Сондай-ақ, Буштың Техастағы фермада тұратын тағы екі иті мен сиыры болған.
© AP Photo / Fabian BimmerГерманияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің әйелі Дорис Шредер Ганноверде Холли атты итімен бірге серуендеп жүр. Ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетті.
Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің әйелі Дорис Шредер Ганноверде Холли атты итімен бірге серуендеп жүр. Ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетті. - Sputnik Қазақстан
14/15
Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің әйелі Дорис Шредер Ганноверде Холли атты итімен бірге серуендеп жүр. Ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетті.
© Photo : Official Twitter account of Benjamin NetanyahuИзраиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху иті Кайямен бірге. Үкімет басшысының жанұясы бұл итті 2015 жылы жануарлар үйінен алған.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху иті Кайямен бірге. - Sputnik Қазақстан
15/15
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху иті Кайямен бірге. Үкімет басшысының жанұясы бұл итті 2015 жылы жануарлар үйінен алған.
Жаңалықтар
0