06:20 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
  • Алматы қаласындағы Вознесенск кафедралық ғибадатханасында Астана мен Қазақстан митрополиті Александр түнгі Тәңірлік литургияны және суды қасиеттеу рәсімін орындады.
  • Петропавлда санитар дәрігерлер шомылуға рұқсат берді
  • Астана мен Қазақстан митрополиті Александр мерекелік рәсім өткізіп жатыр.
  • Осы жылы шомылуға барғандар қарасының аз екеніне қарамастан, нағыз батылдар суға түсуге асығуда.
  • Алматыдағы шоқыну шомылуы
  • Полицейлер мен құтқарушылар
  • Адамдар шоқыну мерекесінде қасиеттелген суды құйып алуда.
  • Шіркеуге келген әйел шырақ жағуда.
  • Қызылордада шіркеу ауласына шоқыну шомылуына арналған бассейн
  • Әдетте, жыл сайын мұндай діни рәсімді орындайтындардың саны мыңнан асып түсетін.
  • Әйтсе де, Қызылордадағы қасиетті су құйылған цистернадан су аламын деушілер кезекке тұрды.
  • Шоқыну шомылулары кешке дейін жалғасады. Ал дәстүр бойынша бұл мереке бір аптаға созылады.
Алматы қаласындағы Вознесенск кафедралық ғибадатханасында Астана мен Қазақстан митрополиті Александр түнгі Тәңірлік литургияны және суды қасиеттеу рәсімін орындады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде санитарлық дәрігерлер шоқыну мерекесіне орай шомылуға тыйым салды. Себебі, елдегі бірнеше облыс "қызыл" аймаққа енді

Әйтсе де, діни ұстанымды жоғары қойып, өз денсаулығына сенімді азаматтар үшін кейбір қалаларда иорданилер, яғни, шомылуға арналған ойықтар ашық болды.

Қызылордада қалалық шіркеу маңына жабық бассейн әзірленді. Бірақ қызылордалықтардың басым бөлігі қауіпсіздікті әрі өз денсаулықтарын ойлап, шомылудан бас тартты.

Оқи отырыңыз: Полярлық шұғыла: ерекше табиғат құбылысын қашан көруге болады – фото

Ал Алматыда мұндай бес орын арнайы ашылды. Елдегі ең аязды аймақтардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысында шоқыну шомылуында айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Өңірдегі шіркеу қызметкерлері тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға және кезек туындатпауға шақырды.

Қазақстанда бұл діни мереке қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
дін, шоқындыру мерекесі
Загрузка...

Басты тақырып