Коронавирус пандемиясы бір жыл ішінде бүкіл әлемді түбегейлі өзгертті.
Адамдар маска тағып, дезинфекция шараларына төзуді үйренді. Тіпті, өзін-өзі оқшаулап, қашықтан байланыс жасауға да бейімделе алды.
Көптеген елдің шекарасы кенеттен жабылып және ол ұзаққа созылды.
Бүкіл әлем тұрғындары көп нәрседен бас тартуға мәжбүр болды. Яғни, дәстүрлі отбасылық мерекелер мен теңізге саяхат немесе үлкен концерттердің көпшілігі кейінге қалдырылды.
Оқи отырыңыз: Қар сиқыры: әлем елдеріндегі қысқы ғажайып көріністер – фото
Сондай-ақ, балалар мен ата-аналардың қашықтан оқыту әдісін игеруден басқа амалы қалмады.