12:32 26 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Фото

France Football журналының нұсқасы бойынша тарихтағы ең үздік футболшылар – фото

Қысқа сілтеме алу
74 0 0
  • Аңызға айналған қақпашы Лев Яшин
  • Футбол жұлдызы Роналдо
  • Неміс футболшысы Лотар Маттеус
© AFP 2019
Аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Пеле 1960 жылы 8 мамырда Мальмо мен Бразилия арасындағы жолдастық кездесу кезінде қорғаушыны басып озды. Бұл кездесуде Бразилия қарсыластарын 7:1 есебімен жеңіп, екі гол соқты. Оның командасы әлем кубогын үш рет жеңіп алды және ол осы жетістікке қол жеткізген әлемдегі жалғыз футболшы болғандықтан, Пеле лайықты түрде футбол Королі деп аталады.

Олар футбол тарихында өз дәуіріндегі үздіктердің үздігі ретінде спорт аңызына айналған тұлғалар

Әлем футболының тарихындағы символикалық үлгідегі "армандастар командасы" "Алтын доп" иегерін анықтайтын қазылар алқасының ұсынуымен және жанкүйерлердің дауыс беруімен анықталған. Ал оның құрамы France Football спорт басылымында жарияланды.

Сонымен, үздік қақпашы ретінде 1950-1970 жылдар аралығында футбол ойнаған кеңестік қақпашы Лев Яшин танылды. Бұл қақпашы "армандастар командасындағы" "ең қарт" ойыншы – ол 1929 жылы дүниеге келген.

Тарихтағы ең үздік қорғаушылар: 60-80 жылдары доп тепкен ГФР өкілі Франц Бекенбауэр мен 1990-2000 жылдар аралығында көптеген атақтарға қолжеткізген бразилиялық Кафу және итальяндық Паоло Мальдини.

Оқи отырыңыз: Қош бол, 2020: коронавирустан бөлек тышқан жылы несімен есте қалды – фото

"Армандастар командасының" үздік жартылай қорғаушысы неміс Лотар Маттеус пен испандық Хави Эрнандес, аты аңызға айналған Диего Марадона және Пеле.

Француз басылымы аргентиналық Лионель Мессиді, бразилиялық Роналдо мен португалиялық Криштиану Роналдуды үздік шабуылдаушылар деп атаған.

Месси өзінің Instagram парақшасында өзінің "армандар командасында" болуы ол үшін үлкен мәртебе екенін жазды. Сондықтан да ол оған дауыс бергендердің барлығына алғысын білдіріп, командадағы "әріптестерін" құттықтады. Ал желідегі парақшасында ол өзінің барлық алтын добымен түскен суретін қойған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

Өз кезегінде Криштиану Роналду да өз аккаунтында символикалық командаға енген спортшыларға таңданысын білдірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

"Мен осындай керемет ойыншылардың қатарында болғаныма мақтанамын" деді Роналду.

Кілт сөздер:
футбол, спортшылар
Загрузка...

Басты тақырып