Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әйгілі Түрксібке - 90 жыл: теміржол қалай салынды – тарихи фотолар

Жазылу
Аты аңызға айналған Түркістан-Сібір магистралі Ұлы Жібек жолының "темір" жалғасы болды. Бұл жол аумақтағы бүкіл өмір салтын өзгертті, оны түрлі ұлт өкілі салды

XX ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан аумағында 1904 жылы салынған Орынбор-Ташкент темір жолы жұмыс істеді. Түркістан, Жетісу және Сібірді байланыстыратын жаңа желіні салу идеясы Ресей үкіметінде 1886 жылы талқыланған болатын. Он жылдан кейін 1906 жылы Барнауыл – Семей – Верный – Луговой – Арыс жолының құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Алайда ол уақытта құрылыс жұмыстары басталмады.

Дегенмен, жоба жиырма жылдан кейін жұмысқа қайта оралды. 1926 жылдың желтоқсанында Кеңес үкіметі магистраль салу туралы шешім қабылдады.

Түрксіб бірінші бесжылдықтың ең үлкен құрылысы ғана емес, сонымен бірге Кеңес Одағының аграрлық елден индустриялық елге айналуының символы болуы керек еді. 1927 жылдың 15 қыркүйегінде Семей магистралінің бірінші бөлігі, сол жылдың 19 қарашасында Луговойдағы бөлігі салынды.

Елдің түкпір-түкпірінен маңызды құрылысқа келген энтузиастар табиғи қиындықтарға қарамастан ешқандай техниканы пайдаланбай 1 145 шақырым рельсті жол төседі.

© Sputnik / Медиабанкке өтуТүрксіб КСРО-да алғашқы бесжылдықтың ең танымал құрылыстарының бірі болды. Түрксіб салу туралы шешім 1926 жылы 3 желтоқсанда қабылданды. 1 145 шақырым рельсті жолды тау бөктері, жартасты жоталар арқылы салу керек болды.
Строительство Турксиба  - Sputnik Қазақстан
1/12
Түрксіб КСРО-да алғашқы бесжылдықтың ең танымал құрылыстарының бірі болды. Түрксіб салу туралы шешім 1926 жылы 3 желтоқсанда қабылданды. 1 145 шақырым рельсті жолды тау бөктері, жартасты жоталар арқылы салу керек болды.
© Sputnik / Медиабанкке өтуСібірден Орта Азияға тартылатын Түрксіб (Түркістан-Сібір магистралі) теміржолы бірінші бөлігінің салтанатты ашылуы. Қазақ КСР, 1929 жылдың 10 мамыры.
Торжественное открытие первой очереди Турксиба - Sputnik Қазақстан
2/12
Сібірден Орта Азияға тартылатын Түрксіб (Түркістан-Сібір магистралі) теміржолы бірінші бөлігінің салтанатты ашылуы. Қазақ КСР, 1929 жылдың 10 мамыры.
© Sputnik / Медиабанкке өтуҚұрылысқа дайындық 1927 жылдың сәуірінде басталды. Семей станциясынан трассаның бірінші бөлігі 1927 жылдың 15 қыркүйегінде салына бастады. Екінші жағының құрылысы Луговой станциясынан 19 қарашада басталды.
Строительство Турксиба  - Sputnik Қазақстан
3/12
Құрылысқа дайындық 1927 жылдың сәуірінде басталды. Семей станциясынан трассаның бірінші бөлігі 1927 жылдың 15 қыркүйегінде салына бастады. Екінші жағының құрылысы Луговой станциясынан 19 қарашада басталды.
© Sputnik / Медиабанкке өтуҚазақтың әдет-ғұрпына сәйкес, алғашқы паровозды өткізу үшін киіз үйге ұқсайтын арнайы арка жасалды. Паровоз соның астынан өтті. Арканың бір жағында "Түркістан", екінші жағында "Сібір" деп жазылған.
Местные жители приветствуют строителей Турксиба  - Sputnik Қазақстан
4/12
Қазақтың әдет-ғұрпына сәйкес, алғашқы паровозды өткізу үшін киіз үйге ұқсайтын арнайы арка жасалды. Паровоз соның астынан өтті. Арканың бір жағында "Түркістан", екінші жағында "Сібір" деп жазылған.
© Sputnik / Медиабанкке өтуЖол құрылысына келген мыңдаған адам темір жол қызметкерінің, машинистің, механиктің, байланысшылардың техникалық мамандығын игеріп шықты.
Строительство Турксиба - Sputnik Қазақстан
5/12
Жол құрылысына келген мыңдаған адам темір жол қызметкерінің, машинистің, механиктің, байланысшылардың техникалық мамандығын игеріп шықты.
© Sputnik / Дмитрий Дебабов / Медиабанкке өтуТүрксіб құрылысы ХХ ғасырдың ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Құрылыстың қызған уақытында жұмыстарға 30-40 мың адам тартылды
Строительство Турксиба - Sputnik Қазақстан
6/12
Түрксіб құрылысы ХХ ғасырдың ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Құрылыстың қызған уақытында жұмыстарға 30-40 мың адам тартылды
© Sputnik / Дмитрий Дебабов / Медиабанкке өтуТүрксіб жаңа өмір жолы деп аталды. Магистраль аймақ өміріне үлкен әсер етті, Алматы уездік қаласына жаңа дем берді. Жаңасемей, Жаңғызтөбе, Ақтоғай, Лепсі, Матай, Сарыөзек, Шу, Аягөз, Отар және басқа да жаңа қалалар мен жұмысшы поселкелері ашылды.
Поезд на Турксибе  - Sputnik Қазақстан
7/12
Түрксіб жаңа өмір жолы деп аталды. Магистраль аймақ өміріне үлкен әсер етті, Алматы уездік қаласына жаңа дем берді. Жаңасемей, Жаңғызтөбе, Ақтоғай, Лепсі, Матай, Сарыөзек, Шу, Аягөз, Отар және басқа да жаңа қалалар мен жұмысшы поселкелері ашылды.
© Sputnik / Медиабанкке өтуТүрксіб ұлттық кадрлардың ұстаханасына айналды. Оның құрылысы мен дамуы жылдарында азаматтар теміржол кәсібін игеріп, теміржолшылар әулеттерінің негізін қалады.
Пробный паровоз на Турксибе  - Sputnik Қазақстан
8/12
Түрксіб ұлттық кадрлардың ұстаханасына айналды. Оның құрылысы мен дамуы жылдарында азаматтар теміржол кәсібін игеріп, теміржолшылар әулеттерінің негізін қалады.
© Sputnik / Медиабанкке өтуОрталық Азия республикаларына жаңа жолмен көмір, металл және нан тиелген пойыздары жүрді, ал ол жақтан жемістер, мақта мен жүн әкелді. Темір жол өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, металлургия, мұнай өнеркәсібі және басқа да салалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Паровоз едет по Турксибу  - Sputnik Қазақстан
9/12
Орталық Азия республикаларына жаңа жолмен көмір, металл және нан тиелген пойыздары жүрді, ал ол жақтан жемістер, мақта мен жүн әкелді. Темір жол өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, металлургия, мұнай өнеркәсібі және басқа да салалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
© Sputnik / Макс Альперт / Медиабанкке өтуШу станциясы – Түркістан-Сібір магистралінің Орта Азияны Сібірмен жалғастырған алғашқы теміржол станцияларының бірі.
Станция Чу на Турксибе  - Sputnik Қазақстан
10/12
Шу станциясы – Түркістан-Сібір магистралінің Орта Азияны Сібірмен жалғастырған алғашқы теміржол станцияларының бірі.
© Sputnik / Макс Альперт / Медиабанкке өтуТүрксібтің алғашқы пойызы. 1930 жылдың 21-ші сәуірінде Түркістан-Сібір теміржолының солтүстік пен оңтүстік телімдері түйісті.
Первый поезд Турксиба - Sputnik Қазақстан
11/12
Түрксібтің алғашқы пойызы. 1930 жылдың 21-ші сәуірінде Түркістан-Сібір теміржолының солтүстік пен оңтүстік телімдері түйісті.
© Sputnik / Макс Альперт / Медиабанкке өтуТүрксіб құрылысы өте қиын табиғи және тұрмыстық жағдайларда өтті.
Первый поезд Турксиба - Sputnik Қазақстан
12/12
Түрксіб құрылысы өте қиын табиғи және тұрмыстық жағдайларда өтті.
Жаңалықтар
0