Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған әйелдер – фото

Жазылу
Пандемия кезінде табандылық пен адамгершіліктің үлгісіне айналған мықты және батыл қазақстандық әйелдердің фотопортреттерін, сондай-ақ олардың басынан өткен қызықты оқиғасын біздің фотолентадан оқыңыз

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" акциясы аясында БҰҰ-ның  халық саны саласындағы қоры "Covid-19-ға қарсы күрестегі озық әйелдер" онлайн-фотокөрмесінің тұсаукесерін өткізді.

Ал кейіпкерлер елдегі коронавирус пандемиясы кезінде қандай жағдаймен бетпе-бет келгенін, қиын сәтте қандай шешім қабылдағандарын айтып берді.

Әйелдер арасында дәрігерлер, еріктілер, заңгерлер, құқық қорғаушылар мен белсенділер бар.

Көрменің барлық фото және видеосын, сұқбатты womenincovid19.com сайтынан көруге болады.

© Photo : ЮНФПА"Біз жалғызбасты қарттарға азық-түлік беруден бастадық. 15-20 келі сөмкелер тасыдық. Кейіннен дәріханаларда кезекте тұрғандар көбейді, аспирин таба алмай жүргендер мен ауруханаға жата алмай жүргендерді кездестірдік. Соның бәрін көріп тұрған кезде тыс қалу мүмкін емес еді", - деп еске алды Саида Таукелева.
Біз жалғызбасты қарттарға азық-түлік беруден бастадық. 15-20 келі сөмкелер тасыдық. Кейіннен дәріханаларда кезекте тұрғандар көбейді, аспирин таба алмай жүргендер мен ауруханаға жата алмай жүргендерді кездестірдік. Соның бәрін көріп тұрған кезде тыс қалу мүмкін емес еді, - деп еске алды Саида Таукелева. - Sputnik Қазақстан
1/10
"Біз жалғызбасты қарттарға азық-түлік беруден бастадық. 15-20 келі сөмкелер тасыдық. Кейіннен дәріханаларда кезекте тұрғандар көбейді, аспирин таба алмай жүргендер мен ауруханаға жата алмай жүргендерді кездестірдік. Соның бәрін көріп тұрған кезде тыс қалу мүмкін емес еді", - деп еске алды Саида Таукелева.
© Photo : ЮНФПА"Қарт адамға азық-түлік алып келген кезде оған дәрі де керек екенін түсінесің. Немесе бір қарт кісіге көмектесу үшін келесіз, ал көрші үйден көмек сұрап әже алдыңнан шығады. Сондай сәтте кезекті міндеттің тұрғанын көресің"- дейді Адель Оразалинова.
Қарт адамға азық-түлік алып келген кезде оған дәрі де керек екенін түсінесің. Немесе бір қарт кісіге көмектесу үшін келесіз, ал көрші үйден көмек сұрап әже алдыңнан шығады. Сондай сәтте кезекті міндеттің тұрғанын көресің- дейді Адель Оразалинова. - Sputnik Қазақстан
2/10
"Қарт адамға азық-түлік алып келген кезде оған дәрі де керек екенін түсінесің. Немесе бір қарт кісіге көмектесу үшін келесіз, ал көрші үйден көмек сұрап әже алдыңнан шығады. Сондай сәтте кезекті міндеттің тұрғанын көресің"- дейді Адель Оразалинова.
© Photo : ЮНФПА"Жұмысынан айырылған әйел екі кішкентай баласын қалай асырайтынын білмеген жағдай болды. Ал жалдамалы пәтердің иесі оларды қуып жіберген. Карантин кезінде түскен қоңыраулардың арасында осындай жағдайды естісеңіз, онда сіз де шетте қалмайтын едіңіз", - дейді "Реванш" әлеуметтік көмек қорының негізін қалаушы және жетекшісі Елена Билоконь.
Елена Билоконь - Sputnik Қазақстан
3/10
"Жұмысынан айырылған әйел екі кішкентай баласын қалай асырайтынын білмеген жағдай болды. Ал жалдамалы пәтердің иесі оларды қуып жіберген. Карантин кезінде түскен қоңыраулардың арасында осындай жағдайды естісеңіз, онда сіз де шетте қалмайтын едіңіз", - дейді "Реванш" әлеуметтік көмек қорының негізін қалаушы және жетекшісі Елена Билоконь.
© Photo : ЮНФПА"Азық-түлік жиынтығын алып барған кезде бірінші болып жүгіріп келген балалардың қуанышты жүзін ешқашан ұмытпаймын. Өмір бойы өндірісте жұмыс істеп, бала тәрбиелеген қарт адамдар сол қиын күндерде мүлдем бейтаныс адамдардан көмек алды. Біз апарған қарапайым заттарды үй сыйлағандай қабыл алды", - деп еске алды Алмагүл Жайылханова. Карантиннің алғашқы күнінен бастап ол Алматы қаласының жедел еріктілер штабында жұмыс істеді.
Алмагуль Жайлханова - Sputnik Қазақстан
4/10
"Азық-түлік жиынтығын алып барған кезде бірінші болып жүгіріп келген балалардың қуанышты жүзін ешқашан ұмытпаймын. Өмір бойы өндірісте жұмыс істеп, бала тәрбиелеген қарт адамдар сол қиын күндерде мүлдем бейтаныс адамдардан көмек алды. Біз апарған қарапайым заттарды үй сыйлағандай қабыл алды", - деп еске алды Алмагүл Жайылханова. Карантиннің алғашқы күнінен бастап ол Алматы қаласының жедел еріктілер штабында жұмыс істеді.
© Photo : ЮНФПА"Қызыл" аймақта наурыздан бастап жұмыс істеймін. Мені "батыр" деп атаған кезде таңғаламын. Иә, біздің арамызда қорқып кетіп қалғандар болды. Алайда мен үшін кетіп қалу дәрігердің ақ халатын сатумен тең", – деді инфекционист және вирусолог дәрігер Қарлығаш Әбдиева.
Карлыгаш Абдиева - Sputnik Қазақстан
5/10
"Қызыл" аймақта наурыздан бастап жұмыс істеймін. Мені "батыр" деп атаған кезде таңғаламын. Иә, біздің арамызда қорқып кетіп қалғандар болды. Алайда мен үшін кетіп қалу дәрігердің ақ халатын сатумен тең", – деді инфекционист және вирусолог дәрігер Қарлығаш Әбдиева.
© Photo : ЮНФПА"Ауыр жағдай көп болды. Соның ішінде коронавирус инфекциясымен өкпенің 72 пайызы зақымданған жүкті науқастың жағдайы ауыр болды. Ол ұзақ уақыт реанимация бөлімінде жатты. Бірнеше консилиум өткіздік. Содан кейін әйел сауығып, баласымен бірге перзентханадан үйге шығарылды", - деді акушер-гинеколог, Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Әдемі Жидебаева.
Адеми Жидебаева - Sputnik Қазақстан
6/10
"Ауыр жағдай көп болды. Соның ішінде коронавирус инфекциясымен өкпенің 72 пайызы зақымданған жүкті науқастың жағдайы ауыр болды. Ол ұзақ уақыт реанимация бөлімінде жатты. Бірнеше консилиум өткіздік. Содан кейін әйел сауығып, баласымен бірге перзентханадан үйге шығарылды", - деді акушер-гинеколог, Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Әдемі Жидебаева.
© Photo : ЮНФПА"Пандемия кезінде қыз босандым. Бұл өте қорқынышты болды. Менің екі ұлым бар – бес және екі жаста, сондықтан салыстыруға болатын нәрсе бар. Жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық зерттеуден бастап, жаңа туған нәрестені жоспарлы тексеруге дейін – бәрі үлкен проблема болды, күйзеліс болды. Бұл инфекцияны жұқтырып алудан үнемі қорқып жүрдім. Сондықтан пандемия кезінде босанған әйелдерді нағыз батырлар деп атауға болады", - деді декреттегі үш баланың анасы Гүлназ Ақбаева.
Гульназ Акбаева - Sputnik Қазақстан
7/10
"Пандемия кезінде қыз босандым. Бұл өте қорқынышты болды. Менің екі ұлым бар – бес және екі жаста, сондықтан салыстыруға болатын нәрсе бар. Жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық зерттеуден бастап, жаңа туған нәрестені жоспарлы тексеруге дейін – бәрі үлкен проблема болды, күйзеліс болды. Бұл инфекцияны жұқтырып алудан үнемі қорқып жүрдім. Сондықтан пандемия кезінде босанған әйелдерді нағыз батырлар деп атауға болады", - деді декреттегі үш баланың анасы Гүлназ Ақбаева.
© Photo : ЮНФПА"Бұрын бізге келіп түскен өтініштің 80 пайызы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты болса, карантин кезінде 80 пайызы – тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы болды. Күйеуі қол көтереді, экономикалық жағынан қысым көрсетеді, психологиялық тұрғыдан мазақ қылады, діни негізде әйелінің ізіне түседі. Бірде күйеуі әйелін хиджаб киюге үгіттеген жағдай болды. Бірақ соңында әйелдің шашын тақырлап алып тастайды. "Енді орамалсыз далаға шықпайтын боласың" деп айтқан", - деді НеМолчи.kz қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.
Дина Смаилова - Sputnik Қазақстан
8/10
"Бұрын бізге келіп түскен өтініштің 80 пайызы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты болса, карантин кезінде 80 пайызы – тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы болды. Күйеуі қол көтереді, экономикалық жағынан қысым көрсетеді, психологиялық тұрғыдан мазақ қылады, діни негізде әйелінің ізіне түседі. Бірде күйеуі әйелін хиджаб киюге үгіттеген жағдай болды. Бірақ соңында әйелдің шашын тақырлап алып тастайды. "Енді орамалсыз далаға шықпайтын боласың" деп айтқан", - деді НеМолчи.kz қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.
© Photo : ЮНФПА"70-ке жуық көпбалалы ана, жалғыз басты, мүгедек кісі менің "Сенімді тыл" чатыма қосылды. Олар дәрігерлерге тамақ беру жағын ұйымдастырды. Мен оларға: "Қыздар, біздің дәрігерлер қазір қандай тозақта өмір сүріп жатқанын елестетіп көріңіздерші. Олар бірнеше күн бойы коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдайды, туыстарын көрмейді және тіпті үйдегі қалыпты тамақты жей алмайды!"- дедім деп Әсел Қаниязова қиын күндерді еске алды. Ол II топтағы мүгедек, кәмелетке толмаған екі баланың анасы.
Асель Каниязова - Sputnik Қазақстан
9/10
"70-ке жуық көпбалалы ана, жалғыз басты, мүгедек кісі менің "Сенімді тыл" чатыма қосылды. Олар дәрігерлерге тамақ беру жағын ұйымдастырды. Мен оларға: "Қыздар, біздің дәрігерлер қазір қандай тозақта өмір сүріп жатқанын елестетіп көріңіздерші. Олар бірнеше күн бойы коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдайды, туыстарын көрмейді және тіпті үйдегі қалыпты тамақты жей алмайды!"- дедім деп Әсел Қаниязова қиын күндерді еске алды. Ол II топтағы мүгедек, кәмелетке толмаған екі баланың анасы.
© Photo : ЮНФПА"Алматының айналасында блок бекет қойылды, ал қалада жұмыс істеген ауыл тұрғындары табыс көзінен айырылды. Көрші ауылда бізден жиырма минуттық жерде бір түн ішінде 12 үй тоналды. Мен қорқып кеттім, адамдар аштықтан бәріне баруға дайын екенін түсіндім. Сол кезде біз шұғыл түрде Алматыда көмек көрсете алатындарды іздей бастадық. Азық-түлік немесе ақша қажет болды. Маған қандай да бір көлемде ақша жіберді, мен мұқтаж жандарға тамақ алып, оларға видеоесеп жібердім"- деп еске алады Екатерина Ли. Ол мамандығы бойынша – журналист, өзі волонтерлікпен айналысады.
Екатерина Ли - Sputnik Қазақстан
10/10
"Алматының айналасында блок бекет қойылды, ал қалада жұмыс істеген ауыл тұрғындары табыс көзінен айырылды. Көрші ауылда бізден жиырма минуттық жерде бір түн ішінде 12 үй тоналды. Мен қорқып кеттім, адамдар аштықтан бәріне баруға дайын екенін түсіндім. Сол кезде біз шұғыл түрде Алматыда көмек көрсете алатындарды іздей бастадық. Азық-түлік немесе ақша қажет болды. Маған қандай да бір көлемде ақша жіберді, мен мұқтаж жандарға тамақ алып, оларға видеоесеп жібердім"- деп еске алады Екатерина Ли. Ол мамандығы бойынша – журналист, өзі волонтерлікпен айналысады.
Жаңалықтар
0