Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең биік лифт – таңғажайып суреттер

Жазылу
Қытайдың Чжанцзяцзе ұлттық паркінде орналасқан Байлун лифтін "Жүз айдаһар лифті" деп атайды. Талай туристің таңдайын қақтырған бұл нысан "Аватар" фильмін түсірген авторларға да зор шабыт сыйлаған

Байлун лифті – Қытайдағы ең танымал жерлердің бірі. Бұл әлемдегі ең биік лифт және Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Лифт құрылысы 1999 жылы басталған. Ол санаулы жыл ішінде салынып, 2002 жылы пайдалануға берілді.

Бұл заманауи ғажайып техника үш шыны кабинамен жабдықталған. Оның әрқайсысы елуге жуық жолаушыны сыйдырып, бір минут ішінде жоғары немесе төмен тасымалдайды.

Тік жартасты әрі өте қауіпті соқпақпен үш сағат бойы жаяу көтерілудің орнына, осы лифтті пайдаланған туристер діттеген жеріне бар-жоғы 60 секундта жетеді.

Оқи отырыңыз: Қоңыр күзбен қоштасу: алматылықтардың сүйікті демалыс орындары – фото

Осындай таңғажайып мүмкіндікке ие лифт Чжанцзяцзе ұлттық саябағының Улинъюанъ аймағында орналасқан. Туристер мұнымен 330 метр биіктікке көтеріледі. Ол жерден таудың жартасты баурайындағы аңғардың таңғажайып көріністерін тамашалауға болады.

Дәл осы жердің керемет пейзажынан шабыт алған Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмінің кейбір эпизодтарын түсірді.

© AFP 2024 / Wang ZhaoҚытайдың Хунань провинциясының Чжанцзяцзе ұлттық паркіндегі "Жүз айдаһар лифті" деген қорқынышты атауға ие әлемдегі ең биік лифт.
Жүз айдаһар лифті лифті - Sputnik Қазақстан
1/12
Қытайдың Хунань провинциясының Чжанцзяцзе ұлттық паркіндегі "Жүз айдаһар лифті" деген қорқынышты атауға ие әлемдегі ең биік лифт.
© AFP 2024 / Wang ZhaoБайлун лифтінің құрылысы 1999 жылы басталып, 2002 жылы пайдалануға берілді.
Жүз айдаһар лифті лифті - Sputnik Қазақстан
2/12
Байлун лифтінің құрылысы 1999 жылы басталып, 2002 жылы пайдалануға берілді.
© AFP 2024 / Wang ZhaoБайлун – Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген әлемдегі ең биік лифт. Суретте: Байлунге баратын дәліз жанындағы тақырыптық пошта бөлімшесінде тұрған Аватар мүсіні.
Байлун – Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген әлемдегі ең биік лифт - Sputnik Қазақстан
3/12
Байлун – Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген әлемдегі ең биік лифт. Суретте: Байлунге баратын дәліз жанындағы тақырыптық пошта бөлімшесінде тұрған Аватар мүсіні.
© AFP 2024 / Wang ZhaoЛифт сейсмикалық белгі беру құрылғыларымен жабдықталған. Ол іске қосылған кезде адамдар тез арада эвакуацияланып, төмен түсіріледі. Суретте: Байлун лифтінің жанында тұрған бетперде таққан турист.
Лифт сейсмикалық белгі беру құрылғыларымен жабдықталған - Sputnik Қазақстан
4/12
Лифт сейсмикалық белгі беру құрылғыларымен жабдықталған. Ол іске қосылған кезде адамдар тез арада эвакуацияланып, төмен түсіріледі. Суретте: Байлун лифтінің жанында тұрған бетперде таққан турист.
© AFP 2024 / Wang ZhaoКейде осы керемет лифтке міну үшін туристер төрт сағатқа дейін кезекте тұрады. Туристер Байлун лифтін суретке түсіріп жатқан сәт.
Туристер Байлун лифтін суретке түсіріп жатқан сәт - Sputnik Қазақстан
5/12
Кейде осы керемет лифтке міну үшін туристер төрт сағатқа дейін кезекте тұрады. Туристер Байлун лифтін суретке түсіріп жатқан сәт.
© AFP 2024 / Wang ZhaoБайлун лифті туристерді Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы тау басында орналасқан бақылау алаңына дейін 330 метр биіктікке көтереді.
Байлун лифті  - Sputnik Қазақстан
6/12
Байлун лифті туристерді Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы тау басында орналасқан бақылау алаңына дейін 330 метр биіктікке көтереді.
© AFP 2024 / Wang ZhaoЧжанцзяцзе ұлттық паркінде орналасқан Байлун лифтінің жанындағы алаңда жүрген маймылдар.
Байлун лифтінің жанындағы алаңда жүрген маймылдар - Sputnik Қазақстан
7/12
Чжанцзяцзе ұлттық паркінде орналасқан Байлун лифтінің жанындағы алаңда жүрген маймылдар.
© AFP 2024 / Wang ZhaoЛифт екі қабатты үш кабинадан тұрады және ол 3 750 килограмм жүкті көтереді.
Лифт екі қабатты үш кабинадан тұрады - Sputnik Қазақстан
8/12
Лифт екі қабатты үш кабинадан тұрады және ол 3 750 килограмм жүкті көтереді.
© AFP 2024 / Wang ZhaoБір кабина бір мезетте 50-ге жуық жолаушыны жоғары көтеріп, төмен түсіре алады.
Лифт кабинасына бір мезетте 50-ге жуық жолаушы сыяды - Sputnik Қазақстан
9/12
Бір кабина бір мезетте 50-ге жуық жолаушыны жоғары көтеріп, төмен түсіре алады.
© AFP 2024 / Wang Zhao"Жүз айдаһар лифті" жүк көтергіштігі жағынан әлемдегі ең үлкен әрі ең жылдам жолаушылар лифті. Сондай-ақ, ең биік ашық экспозициялық лифт. Суретте: фотограф қыз Байлун лифтіне келетін туристерді күтіп тұр.
Суретте фотограф қыз Байлун лифтіне келетін туристерді күтіп тұр - Sputnik Қазақстан
10/12
"Жүз айдаһар лифті" жүк көтергіштігі жағынан әлемдегі ең үлкен әрі ең жылдам жолаушылар лифті. Сондай-ақ, ең биік ашық экспозициялық лифт. Суретте: фотограф қыз Байлун лифтіне келетін туристерді күтіп тұр.
© AFP 2024 / Wang ZhaoЛифт үш сағаттық жаяу жүрістің орнына туристерді бір минуттың ішінде кварцитті бағаналары бар аңғар көрінетін тау басына шығарады.
Байлун лифтіндегі туристер - Sputnik Қазақстан
11/12
Лифт үш сағаттық жаяу жүрістің орнына туристерді бір минуттың ішінде кварцитті бағаналары бар аңғар көрінетін тау басына шығарады.
© AFP 2024 / Wang ZhaoМұнда канадалық режиссер Джеймс Кэмерон өзінің "Аватар" фильмін түсірді.
Мұнда канадалық режиссер Джеймс Кэмерон өзінің Аватар фильмін түсірді - Sputnik Қазақстан
12/12
Мұнда канадалық режиссер Джеймс Кэмерон өзінің "Аватар" фильмін түсірді.
Жаңалықтар
0