17:04 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Фото

Мылтық атылмайды: Салбурын немесе ұлттық аңшылық ерекшеліктері - фото

Қысқа сілтеме алу
5010
  • Қазақстанда 15 қазан мен 15 ақпан аралығында терісі бағалы (мамық жүнді аңдарды) аңдарды аулауға рұқсат берілген. Осы аралықта Қансонар өткізуге болады, яғни алғаш түскен қардан аңның ізі оңай көрінеді.
  • Аңшылық құру
  • Алғаш қар жауған кезде ит қоян немесе түлкіні оңай ұстайды. Жабайы аң қар үстінде жүрген кезде денесі суланады, ал иттің бойы ұзын әрі ол күштірек болады. Сондықтан аңшылар дәстүрлі түрде аңға итпен шығады
  • Аң аулауға салатын ұлттық тазы тұқымды ит басқа иттерден ерекшеленіп тұрады. Мысалы, орыстың иттері бойшаң және жылдам болады. Салбурын ұлттық аң аулау орталығының директоры Қанат Ахметовтің айтуынша, тазы бұл иттермен салыстырғанда баяу жүгіреді, бірақ ұзақ қашықтыққа шыдайды.
  • Ахметовтің айтуынша, тазы – аң аулауға арналған әмбебап тұқымды ит. Мұндай тұқымды ит аңды өзі тауып, өзі алады. Ал орыс иттері  бірге жұмыс істейді. Бірі аңды тауып, ашық алаңға шығарса, екіншісі бас салады. Ал тазылар бұл екі қызметті өзі атқарады.
  • Қанат Ахметовтің тазы иттері
  • Атпен келе жатқан аңшылар
  • Бүркітші
  • Бүркітші
  • Бүркіт
  • Бүркітші
  • Олжасын қағып түскен бүркіт
  • Аңшылар
  • Олжасын қағып түскен бүркіт
  • Аңшылар мен бүркітшілер
© Sputnik / Абзал Калиев
Қазақстанда 15 қазан мен 15 ақпан аралығында терісі бағалы (мамық жүнді) аңдарды аулауға рұқсат берілген. Осы аралықта "Қансонар" өткізуге болады, яғни алғаш түскен қардан аңның ізі оңай көрінеді.

Көшпенділер кезіндегідей Бурабай демалыс көлінің жанындағы күзгі төбелерде ұлттық нақыштағы аңшылық көрсетілімі өтті

Жыртқыш аңды олжалау үшін аңшыға екі адал көмекші қажет, бірі – бүркіт, екіншісі – сұңқар. Жыртқыш құстар жоғары самғап, олжасын бақылайды, мұндай сәтте бір де бір оқ атылмайды, тек қырағы көзбен жыртқыш құс дәлдеп, жемтігін алады.

Бүгінде бүркітпен аң аулау өнері қайтадан танымал бола бастады. Аймақтарда бүркітті дайындау үшін арнайы мектептер құру жоспарланып отыр.

Қазақстанда ұлттық аң аулау дәстүрін сақтауға "Қансонар" қауымдастығының өкілдері үлес қосып келеді. Қауымдастық аңшы құстармен және иттермен дәстүрлі аң аулауды дамытуды насихаттайды.

Қауымдастық мәліметінше, бүгінде бір жарым мыңға жуық ұлттық тазы тұқымдас ит бар. Ұйымдастырушылар аң аулаудың бұл түрін реми түрде спорт түрі деп танығысы келетінін айтады.

Оқи отырыңыз: Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері

Тазы – аңшы иттің тұқымы, қазақтың аңшы иті. Иттер атпен жүріп аң аулауға арналған, ұзақ жүріске шыдамды келеді. Қазақстан кинологтар одағы мен кейбір басқа елдердің кинологиялық ұйымдары қазақтың аңшы итінің тұқымы ретінде таныған. Бұл Азия халықтарының көшпелі өмір салтына бейімделген ежелгі ит тұқымының бірі.

Аңшылардың көрсетілімдері мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық спорт түрлері басқармасы, сондай-ақ "Қансонар" қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бурабай курортты көлінің маңындағы төбелерде аң аулау қалай өткенін Sputnik Қазақстан материалынан көріңіз.

Кілт сөздер:
аңшылық, Бурабай
Загрузка...

Басты тақырып