07:19 19 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Фото

Қордай ауылдары қалай қалпына келтірілуде – фото

Қысқа сілтеме алу
426 0 0
  • Қақтығысқа қатысушылар үйлер мен дүкендерді, кеңсе ғимараттарын, көліктерді өртеді
  • Кішкентай балалары бар отбасылар аман қалу үшін өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды
  • Тәртіпсіздіктерге ұласқан қақтығыс нәтижесінде 103 мүлікке әр түрлі деңгейде зиян келтірілді
  • Ақпан оқиғасынан зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілді
  • Қазіргі кезде мемлекеттік және демеушілік қолдау есебінен ауылдарда 103 нысан қалпына келтірілуде
  • Бүлік кезінде қираған тұрғын үйлерді түгел қалпына келтіру бірден мүмкін болмады
  • Ауылдағы қираған үйлер мен дүкендер және әкімшілік ғимараттар біртіндеп қалпына келтірілуде
  • Жамбыл облысының басшысы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталғандардың туыстарымен үнемі кездесіп тұрады
  • Сондай кездесулердің бірінде ол аймақта заң қатаң сақталатынын баса айтты
  • Іс бойынша 400-ден астам түрлі сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 342 адам жаппай тәртіпсіздіктің құрбаны деп танылды
© Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust
Жамбыл облысында 2020 жылы 7 ақпанда Қордай ауданының Сортөбе, Ауқатты, Қаракемер, Масаншы, Қарасу және Қарасай ауылдық округтерінің аумақтарын қамтыған қақтығыс болды. Оған қатысушылар үйлер мен дүкендерді, кеңсе ғимараттарын, көліктерді өртеді.

Қордай ауданының ауылдарында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан бүлінген тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар мемлекет қаржысы мен демеушілерді көмегімен қалпына келтірілуде

Жамбыл облысының ауылдық округтеріндегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін алты айдан астам уақыт өтсе де, кейбір ғимараттар әлі де қирап жатыр.

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер 7 ақпанға қараған түні болды. Қайғылы оқиғалардың салдарынан он адам көз жұмды. Тағы бір марқұмның денесі кейінірек өртенген ғимарат үйінділерінің арасынан табылды.

Тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар, сондай-ақ автокөліктер отқа оранды. Жаппай тәртіпсіздікке мыңнан астам адам қатысып, 780 отбасы зардап шекті.

Осы оқиғаға байланысты 120-дан астам қылмыстық іс ашылғаны белгілі болды. Оқиға қатысқан 50-ге жуық адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: Әкімдік Қордайда 11 нысан неге қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді

1 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай өңіріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ол толқудың басты себебі, қылмыстық топтар арасындағы қақтығысқа әкеп соққан заңсыз табыс көздерін бақылау үшін күрес болғандығын атап өтті.

Ауылдағы қалыпты өмірді қалпына келтіруге жан-жақтан көмек көрсетілді: залал-зардапты жоюға түрлі ұйымдар қатысты. Облыстық қор қаражатынан басқа, жергілікті "Нұр-Ниет" пен "Әулие-ата-демеу" қоры, "Бәйтерек" қоры мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры зардап шеккендерді қолдауға қаржы бөлді.

Кілт сөздер:
ауылдар, Жамбыл облысы
Загрузка...

Басты тақырып